Материалдар / Отбасы психология

Отбасы психология

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасы психология туралы түсінік.Отбасы мәселесін дұрыс шешуге бағыттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1061
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

31.01.2018 оқу жылы. 8- сабақ Тақырыбы:« Ерлі- зайыпты арасындағы қарым-қатынастар». Мақсаты: Ерлі- зайыпты үйлесімдік, отбасылық қарым- қатынасты нығайтуға ықпал ететін факторлар, отбасындағы рөлдер. Отбасылық сәттіліктің жағдайы және факторлар. Үй тапсырма: Презентация, сыныптағы жазған ой- пікірлерді қорытындылау. Бейсенбаев Ерасыл ерекше жазылған. Жаңа тақырып: Шаңырақ шаттығы. Махаббат- әр үйдің алтын діңгегі.осыған байланысты өмірден алынған әңгімені баяндау. Оқушылардан өз ойларын сұрау. Түйін: Отбасы мүшелерінің арасындағы кикілжің не түсінбеушілік тек ажырасумен тынбауы керек. Неке шынайы махаббатқа негізделгенде ерлі-зайыптының бірінің кемшілігіне екіншісі кешірімділікпен қарауымен немесе өз бойындағы парасаттылықпен жан серігін қайта тәрбиелеуіне, қиындықты жеңе білуіне тура келеді. Жасыратыны жоқ, басқа халықтарға қарағанда, біздің қазақта баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болу жағын көбірек ойлаймыз, түзу жүруге, әдепті болуға, жақсы оқуға баулимыз да, олардың болашақ ана, болашақ әке екенін жасырып, жұмбақ күйде ұстаймыз. Неке құруға жеткенге дейін отбасылық қарым- қатынастардың қиындығын, оны реттеп ұстауға ерлі- зайыптылыардың парасаттылығы,мәдениеттілігі қажет екенінен бейхабар өседі. Үй тірлігіне икемсіз, осының бәрі кейінен оларға қиындық туғызады. «Түсіне алмадық, мінезіміз жараспады» түп -тамыры осында жатыр. Анасы қызына оның болашақ отбасының ұйытқысы, тірегі екенін ескертіп, оған ерте бастан дайындаса, әке де, ұлын отбасының қамқоршысы, әйелді сыйлау, құрметтеу, көмектесу сияқты жақсы қасиеттерге баулығаны жөн. Үйге тапсырма: Шағын әңгіме дайындау, қарым- қатынасқа байланысты. Үй тапсырмасын Тойшыбек Іңкәр презентация түрінде жұмысын тапсырды. Қыздар бейне ролик дайындап әкелді.









28. 02. 2018 оқу жыды. 12- сабақ. Тақырыбы : «Туысқандық қарым- қатынастар». Мақсаты : «Туыстық, бауырмалдық» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Тыстық қарым- қатынас шапағатын сезіне білуге тәрбиелеу, қадірлеуге баулу, ізгілікке бағыттау. Өтілу барысы : Үй тапсырмасын тексеру. Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп атайды. Біріншісі – әкесі жағынан туысатын өз жұрты, әйелдер төркін жұртым деп атайды. Екіншісі – шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Ал үшіншісі – әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты. Қаз дауысты Қазыбек би өлеңін оқып, талдау. «Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса ас көп» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер? А.Әбдірзақов « Ағайын» өлеңін оқып, талдау. Сұрақ : Ағайынмен тату болу үшін не істеу керек? Үй тапсырмасы : Ағайын туралы эссе.



























07. 03.2018 оқу жылы. 13- сабақ. Тақырыбы: « Ыдырау үрдісі және отбасылық қарым- қатынасының тұрақсысыздануы ». Мақсаты : Отбасылық жанжалдар, ерлі- зайыптылар жанжалының қыр- сыры және оларды шешу тәсілі. Ажырасу және оның сатылары, отбасы күйзелісінің сипаттамасы, бұзылу себептері, түзету тәсілдері. Отбасы тәрбиесінің мән- маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау. Өтілу барасы : Үй тапсырманы тексеру. Жаңа тақырыпты ақпараттандыру : екі топқа бөлініп, флип- чарт қорғайды. Сұрақтары : Отбасы деген кімдер ? Отбасылық жанжалдар неден туындайды ? Жанжалды қалай шешуге болады ? Ажырасу неге көбейіп кетті ? Қалай түзетуге болады ? Ой пікірлері тыңдалып болған соң, қорытындылау : Отбасы діңгегі- бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі. Отбасылық өнеге махаббатты, сыйластықта, береке мен бірлікте. Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі. Адамға өмірде ең қымбатты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір- бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасында бірлік болады.





















14.03. 2018 оқу жылы. 14- сабақ. Тақырыбы : «Ыдырау үрдісі және отбасылық қарым- қатынасының тұрақсыздануы». Мақсаты : Отбасында береке болу үшін махаббат, сүйіспеншілік қарым- қатынастарын дамыту. Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болуы шарт сонда ғана мейірімділік, адалдық қасиеттерге толы болады. Өтілу барысы : Екі топқа бөлініп, флип- чарт қорғайды.Мөлдір махаббат, шынайы махаббат, ғашықтық. Екі топтың флип- чарт тыңдалады, қорғалады. Қорытындылау : Махаббат бар адамға ортақ сезім екені, егер махаббат болмаса, өмірде мәнде, құн да болмайды. Абайдың « Махаббатсыз дүние бос, айуанға оны қосыңдар» - деді осы қасиетті сезімнің өмірге арқау, тірлікке нәр, жаратылыс қайнауы. Адамның табиғи сұлулығы : сыпайы, биязы мінезі болмаса, ғашық бола алмайды, өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты. Табиғи сұлулық дегеніміз оның ұнамдылығы. Егер сен ғашықтықты көңілдің еркіне берсең, лажсыздан құмарлықтың құлы боласың. Бірінші көргеннен-ақ өзіңді ұстай біліп, көңіліңді ақылға билете білсең жақсы. Мұндай ерлік көп адамдардың қолынан келмейді. Мұндай дерттің емін тек ақылды адамдар ғана жеңеді.





















04. 03. 2018 оқу жылы. 15- сабақ. Тақырыбы : «Отбасы өмір қызметінің құрылымдық – ролдік аспектілерінің бұзылуы». Мақсаты : отбасы жеке тұлғаның психикалық зақымдануының көзі болып табылады, заманауи отбасының қызметінің бұзылуы отбасының жағымсыз эмоциялық қарым- қатынастың сипатын ұғындыру. Өтілу барысы : Заманауи отбасы қызметінің бұзылуы туралы түсініктер беру, жағымсыз эмоциялық қарым- қатынас қайдан шығатынын, отбасы жарастығы , татулығы туралы түсініктер, өзара сыйластықтар қалай болатынын ұғындру, түсіндіру.Адам қай кезде бақытты сезінеді ? Толық отбасы болғанда. Денсаулықтары қалыпты жағдай да болса, бір- бірімен қарым- қатынасы жақсы, сыйластық. Материалдық жағдайы жақсы болса, әке- шешесінің жұмысы, баласының оқуы мен жұмысы болса. Барға қанағат, жоққа сабыр сақтаған жөн. Өмір тәттіден құралмайды, ащысы көп кедергілері көп, сәтті күнднрі аздау болады. Барлық қиындыққа төтеп, сынбау үшін отбасыңның қолдауы, тіреуі керек, өзіңнің жігерің, табандылығың мықты болу, мойымау, қандай қиындық көрсең де шыдау, сүрінсең, қайта тұру керек. Алла – тағала әр адамды жақсылықтан, қуаныштан, несібеңнен құр қалдырмайды. Үйге тапсырма: Отбасы жарастығы татулығы туралы әр оқушы 5-тен мақал- мәтелдер жазып келеді.

















11.04. 2018 оқу жылы . 16- сабақ Тақырыбы : «Отбасылық бірлесу». Мақсаты : Отбасын сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Өзінің ішкі дүниесіне үңілдіру, жан толғанысын тудыра отырып, сезімін жетілдіру, татулық, сыйластық, бірлік, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп құрметтекге баулу, алдағы өмірге даярлау. Өтілу барысы : үй тапсырмасын тексеру. Бес мақал- мәтелдерін тапсырады. Жаңа ақпаратты түсіндіру : Неке шынайы махаббатқа негіздегенде ерлі- зайыптының бірінің кемшілігіне екіншілігі кешірімділікпен қарауына немесе өз бойындағы парасаттылығымен жан серігін қайта тәрбиелеуіне,қиындықты жеңе білуіне де тура келеді.Үй тіршілігіне икемді,қолынан іс келетін.Анасы қызын оның болашақ отбасының ұйытқысы,тірегі екенін ескертіп,оған ерте бастан дайындағаны,әке де ұлын отбасының қамқоршысы,әйелді сыйлау,құрметтеу,көмектесу сияқты жақсы қасиеттеріне баулығаны жөн.Мына бір екі мысалды айтып кету керек.























18.04.2018 оқу жылы.17-сабақ.Тақырыбы: «Отбасында тату және келісім рухында тәрбиелеу».Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту,оны сүйе білуге,отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.Өтілу барысы:Ұл балалардан мақал-мәтелдерді сұрау.«Отбасы жарастығы,татулығы туралы »Мына сұрақтарға жауаптарын жазады.1.Отбасы дегеніміз не?2.Отбасында қандай құндылықтар бар?3.Отбасының атқаратын функциялары?4. Отбасында маңызды құндылық бар,олар қандай?(Жауапкершілік,сенім)5.Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыз?Қорытындылау:Жазған тапсырмалары бойынша бағалау,өткен материалды қалай меңгергенін сараптау.(Қорытындысын жазып қою керек)

























25.04.2018 оқу жылы.18-сабақ.Тақырыбы:« Отбасында тату және келісім рухында тәрбиелеу».Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктер беру.Өтілу барысы: Жазған тапсырмаларын анализдеу,қорытындысын таныстыру.Жаңа ақпаратты түсіндіру:Отбасы бастапқы әлеуметтік бірлестік болып табылады.Кез-келген отбасының кез-келген қоғамдағы басты және ең маңызды рөлі баланы әлеуметтендіру яғни оны қоғамда өмір сүруге дайындау.Отбасы ішінде жастайынан сіңірген түсініктер,әдеп-ғұрып,мінез-құлық баланың ер жеткен шағындағы азаматтық тұлғасын қалыптастыратын негізгі құндылықтар.«Отан оттан басталады»дейді халқымыз.Елдің,ұлттын,жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады.Отбасы діңгегі-бала,ұрпақ өсіру,оның тәрбиесі. Отбасылық өнеге махабатта,сыйластықта,береке мен бірлікте екенін есте ұстау.Елдің,ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.Үйге тапсырма: әңгіме дайындап келу.

























02.05.2018 оқу жылы.19-сабақ.Тақырыбы: «Отбасында тату және келісім рухында тәрбиелеу».Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып,ұлттық салтты,дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу,олдағы өмірге даярлау.Өтілу барысы: Үй тапсырмасын сұрау.Ой-пікірлерін қорытып,түйіндеу.Жаңа ақпаратты түсіндіру:Сұрақтарға жауап алу:1.Қарапайым отбасына қандай сипаттама берер едің?2.Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыз?Отбасы адамға бақыт,толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып,отау тігуінен құралады.Отбасының басты қазығы,алтын діңгег-бала. Адам жан-жақты болып өсуіне берекелі,өнегелі,ынтымақты отбасының ықпалы мол.Отбасы ата мен баланың,келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі,тату болу үшін сыйластық,мейірімділік,жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алу керек.Қорытынды: Мысалдар,әңгіме келтіру.Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау.

















16.05.2018 оқу жылы.20-сабақ.Тақырыбы: «Адам – болам, Ғажайып жеке дара».Мақсаты:«Адамның» жоғары құндылық ретіндегі мәнін кеңейтіп түсіндіру.Өзін-өзі бақылауға,өзінің қол жеткен табысын саралауға,шығармашыл ойлауға бағыттау.Өтілу барысы: Әңгімелесу сұрақтары:1.Мен қандаймын? деп өзіңе-өзің сұрақ қойғанда қандай ой келеді?2.Алдыңа қандай мақсат қойдың?3.Ұстанымың қандай?4. Өз өміріңді қалай бағдарлайсың?5. Адам баласына өмірде не қажет деп ойлайсын?Қорытындылау: Ш.Құдайбердіұлының «Үш сауыл» шығармасынан үзінді.



























23.05.2018 оқу жылы.21 сабақ.Тақырыбы: «Өткенді пысықтау».Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы пысықтау.Өтілу барысы:1«Отбасы» деген сөзді қалай түсінесіздер?2.Отбасылық құндылыққа не жатады?3.Перзенттік парыз дегеніміз не?4.Неге, неке бұзушылық көбейіп кетті?5.Тастанды,жетім балалар көбеюінің себебі неде?6.Заманауи жастардың психологиялық дайындығы қалай?7.Отбасылық қарым-қатынастар неден тұрады?8. Шынайы махаббат дегеніміз не? 9.« Махаббатсыз өмір бос » деген нақыл сөзді қалай түсінесіздер?10.Отбасының дамыту міндеттері қандай?Қорытынды: Белсенді қатысқан оқушыларға грамота беру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ