Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы құндылығы туралы кез-келген адам білуі тиіс,отбасы туралы оқушыларға, мұғалімдерге көмегі тисе қуанамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі

Педагог-психолог, өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Орынбаева Ханым Асанқызы







Отбасы құндылығы

Адамзат тарихындағы адамның дүниеге келуі, өсіп-өнуі отбасынан бастау алады. Отбасы – кішкене ғана мемлекет, пенденің алтын ұясы. Отбасынан барлық тәлім-тәрбие, ақыл-өнеге, адами болмыс пен табиғат басталады. Халқымыз: «Отан отбасынан басталады», - деп бекер айтпаған. Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, айналадағы адамдарға деген сыйластық қарым-қатынасы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бауырмалдық, қамқорлық, кішіпейілділік, мейірімділік т.б. көптеген адамгершілік қасиеттер де осы адамның алғашқы ортасы отбасынан дариды.

Адамның өміріндегі ең қуанышты да қызықты дәурені осы отбасында өтеді. Сондықтан да кез-келген адамға өз отбасы ыстық.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ыстық ықыласы мен қамқорлық сезімі ата-ана тәрбиесінен қалыптасады. Отбасы және ондағы ата-аналар белгілі дәстүрлер мен өнегелердің, мұралардың сақтаушысы болып табылады. Отбасында бала жас шыбық секілді өмірмен, қоршаған ортамен танысып, дұрыс тәрбие мен мінез-құлық нормаларын игеріп, үлкен діңі мықты ағашқа айналады.

Отбасы құндылығы ең маңызды құндылықтардың бірі. Сонымен қатар, баланың азамат болып өсуінің негізі болып саналады. Баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, дене және ой еңбегіне баулу, күн тәртібі, салауатты өмір сүруге, адал болуға, шыншылдыққа, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, сонымен қатар баланың бойына жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттер қалыптастыру да осы отбасы арқасында жүзеге асады.

Отбасының ең басты діңгегі – бала. Баланың жан-жақты, өнегелі, ақылды, саналы болып өсуіне отбасының ықпалы ұшан-теңіз. Отбасын құрғанда сүйіспеншілік орын алып, әрбір жас өзінің отбасынан жинақтаған үлгі-өнегесімен келесі өмірге қадам жасайды. Жаңа отбасы құрылып, өмірге тек ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарды, ата-баба мұрасы болып қалған салт-дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіре білу қажет.Балаларын қоршаған ортаға және қоғамға пайдасы тиетін, отбасы құндылықтарын сақтай білетін азамат етіп өсіру – ата-ананың маңызды міндеттерінің бірі.

Отбасы құндылығын адам өміріндегі ең маңыздылардың бірі деп санасақ, сол құнды дүниемізді қадірлеу, қастерлеу, көздің қарашығындай сақтау азаматтық борышымыз емес пе?

Кез-келген құндылық егер өзінің тұтынушысы тарапынан керексіз болса, оның құнсыздануы, яғни ұмытылуы әбден мүмкін. Адам, отбасы, қоғам, мемлекет болып осы асыл құндылығымызды жоғалтып алмас үшін аянбай тер төгу міндет болып саналады. Яғни, әрбір бүр жарып, өсіп келе жатқан жеткіншекке қоғамымызда болып жатқан келеңсіз жағдайларды сабақ, үлгі ретінде көрсетіп, адами қадір-қасиетті таптамауға, ата-ананы, үлкенді сыйлауға, кішіні, қорғансызды қанатының астына алуға, қызғалдақ қыздарымызды аналарымыздай сыйлай білуге, жалпы қарым-қатынаста саналылық пен салихалылық танытуға дәріптеп отырсақ «қарттар үйі», «балалар үйі», «тастанды бала», « жасанды түсік», « жетімдер үйі» деген секілді ұғымдар, атаулар болмас па еді. Сондықтан, қорыта айтқанда отбасы құндылығын әрбір ата-ана өз баласына жете түсіндіре білсе, ой-санасына мұқият сіңіре білсе құндылық өз бағасын ешқашан жоғалтпақ емес.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12