Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия
Рухани иммунитетті қалыптыстырудың негізі ретінде сыни ойлау және эмоциялық интеллект

Өткізген: Асанбаева Г.Ж
Тақырыбы: «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына».
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу, ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. отбасы құндылықтарың қалыптастыруда түсініктерін кеңейту,ата-ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
І. Кіріспе
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға – ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстығына, суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Сол отбасынан үлкен өмірге қадам басамыз. Біздің өмірімізге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше . Отбасы-шағын қоғам, шағын мемлекет. Әр отбасының өз болмысы, өз ерекшелігі, өз дәстүрі, өз қағидасы бар. Адамның бойындағы ар-ұяты, адамгершілігі, адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеті отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы бақытты болу үшін не қажет, қандай құндылықтар қажет деп ойлайсыздар. (Мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, сыпайылық, бірлік, денсаулық).
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермиді ешқашан,
Бәрі де өз жұртың
Айтады қане кім атың? (ата, ана, аға,апа,іні)
ІІ. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Толық отбасында толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық.
ІІІ. «Адамгершілік» (Видеоролик)
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.
ІV. «Сызат» (Видеоролик)
Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы «көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында» жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог ғалымдар.
Ата – аналарға қойылатын сұрақтар: Қазір сіздерге сұрақтар қойылады. Сіздер жауаптарыңызды алдарыңыздағы «келісемін», « келіспеймін» деген карточкалар арқылы берулеріңізге болады.
1. Бала сағат 10-нан кейін ұйқыға жатуы керек.
2. Бала қандай жағдайда болса да ата-ана тапсырмасын мүлтіксіз орындауға міндетті.
3. Таңертең тамақ ішіп үлгермесе де, сабақтан кешікпеуі керек.
4. Балаға өз жағдайыңды, жұмысыңдағы қиыншылықтарды айтып, шағыну артық нәрсе.
5. Баланы қатарынан қалдырмау үшін қалағанын сатып әперу керек.
6. Бала кіммен дос болып, кіммен бірге жүретінін өзі шешеді.
7. Отбасында өз ойын толық айтуға құқылы.
8. Өтпелі кезеңде баламен мүлде сөйлеспеген жөн.
9. Үйде сабағын қадағалаған дұрыс.
10. Сынып жетекшісіне жиі хабарласып тұрған дұрыс.
Сынып жетекшісі: Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Мен бүгінгі отырысты Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Қорытындылау: Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет! Аман-сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына».

шағым қалдыра аласыз