Материалдар / Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен өткізілген тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Шілде 2024
225
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңатоған аулының №14 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің педагог - психологі Төлеубай Жәмила Қабылқызы



Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына


Сабақ мақсаты: Ата-аналардың отбасы бақыты мен ұрпақтар сабақтастығының негізі ретінде отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру


Міндеттері:

  • Ата-аналарға отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;

  • Отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасылық құндылықтардың әлеуетін ашу;

  • Ата-аналардың отбасында және баламен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын игеруіне ықпал ету.



ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. Психологиялық ахуал «Бес қадам » әдісі

  2. «Танысу » жаттығуы;

  3. «Отбасылық құндылықтар қобдишасы» сандық ішіндегі жағдаяттарға жауап беру

  4. «Бақытты отбасы» Құм арқылы сурет салу

  5. Мақал- мәтелдің жалғасын тап «Жұмыртқа» әдісі

  6. Сергіту сәті «Шарды жерге түсірмеу»

  7. «Тик ток» әдісі арқылы Кері байланыс


ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тренингке хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

  1. «Бес қадам» әдісі арқылы әр ата-ана сыныпқа кіріп келе жатып амандасудың әр түрін және әр тілде айтып, қадам басып сыныпқа кіреді.

  2. «Танысу» жаттығуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.


  1. Топтық жұмыс

«Отбасылық құндылықтар қобдишасы»

Әр топқа жекелеген мәселе бойынша жағдаят беріледі. Әр мәселелі жағдай белгілі бір отбасылық құндылықтарға бағытталған. Мәселелі жағдайларды шеше отырып, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіздер:

Осы құндылықты бала бойында қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?

Бала бойында осы құндылықтарды қалыптастыру қаншалықты маңызды?

Осы құндылықтар баланың жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді деп ойлайсыз ба?

Сіз отбасы бақытының негізі – отбасылық құндылықтар деген пікірмен келісесіз бе?




1-жағдаят

Сізге жақын достарыңыз қоңырау шалып, үйіңізге бір сағатқа келетіндерін айтады. Сіз тез-тез пәтеріңізді жинастырып, тамақ әзірлей бастайсыз: бірақ уақытыңыз аз, үлгере алмайсыз. Үлкен ұлыңыз немесе қызыңыздан көмек сұрайсыз. Олардың жауабы – «бұл сенің достарың ғой, олармен өзің айналыс».

Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?

- Басқа пікір бар ма? Кім басқаша ойлайды?


2-жағдаят

Жиналыстан кейін ата-аналар үйге келіп, ашуланып баладан түсініктеме беруді талап етеді. Олар сені мұндай нәтижелермен мектептен кейін ешқайда қабылдамайды дейді. Оқушы сабырлы түрде: «Демек, жұмыс істеймін», –деп жауап береді.

Мұндай жағдайда қалай әрекет етесіз?

- Басқа пікір бар ма?


3-жағдаят

Ата-ана баласына белгілі бір мақсатпен ақша береді. Ол ақшаны мақсатсыз жұмсап, көптен бері өзі қалаған затын сатып алады. Ата-ана ашуланып, балаға көп сөз айтады. Ақыры ол есікті тарс жауып, үйден кетіп қалады.

Мұндай шиеленісті жағдайда қалай әрекет ету керек?

- Сіз басқаша әрекет етер ме едіңіз, қалай ойлайсыз?


4 - жағдаят

Анасы қонақ күтуге байланысты дайындықты аяқтауға асығуда. Күтпеген жерден үйде нан жоқ екені анықталады. Ол қызынан дүкенге барып, нан әкелуін сұрайды. Бірақ қызы спорт секциясына баруы керектігі және оған кешіккісі келмейтіндігі туралы айтады. Анасы қызынан «оның жағдайын түсінуді» сұраса, қызы да анасынан соны өтінеді. Анасы талап етеді, қызы көнбейді. Жағдай ұшығуда…


5 - жағдаят

Бүгін Ілияс сабақтан ерте келді. Сабақтан неге ерте келгенін сұраған анасына Ілияс сыныптастарының еріктілердің клубына баратынын ескертті. Ілиястың сыныптастары бүгін еріктілер клубының атынан қарт ісілерге көмектесуге барған екен. Ілияс еріктілер клубының мүшесі емес, оның ойынша әр адам өз жұмысын өзі жасауы қажет, адамдарға көмектесу – жай ғана өзіңнің алтын уақытыңды босқа құрту.


6- жағдаят

Бүгін Жанар мен Әлихан сабақтан түс қайта оралды. Балалар ас үйден шығып жатқан тағамның иісіне қуанып, ас үйге барды. Балаларға ата-анасы киімдерін ауыстырып, өздеріне көмектесуін сұрады.

Дегенмен, балалар қонақтардың келетініне қуанған жоқ, себебі олар шулайды, ал олар кеткен соң, үйді жинау қажет...

Оның үстіне Әлихан мен Жанар бүгін атақты блогердің стриміне қосылуы қажет.

*Стрим — интернет сервистеріндегі тікелей эфир, мысалы Twitch не YouTube.


7- жағдаят

Бүгін ауылдан Әлібектің атасы мен әжесі қонаққа келді. Анасы Әлібекті, атасы мен әжесін дастарханға шақырды. Әлібек дастарханға отыра сала тамағын асығыс жей бастады. Атасы мен әжесінің дастарханға отырғанда алдымен дастарханнан үлкен адам дәм татуы керек деген ақылын анасы да, Әлібек те назарына алмады. Анасының айтуынша, бұл дәстүр қазіргі заманда өзінің өзектілігін жоғалтқан...

8- жағдаят

Мариямның ата-анасының табысы сыныптастарының ата-аналарына қарағанда жоғары. Мариямның соңғы үлгідегі телефоны, қымбат киімдері бар, бірақ сыныптастарының алдында мақтанбайды. Мариямның шашы әдемі, ұзын, оған тіпті бейтаныс адамдар да мақтау сөздерін айтады. Сыныптастары Мариямның шашы мүлдем әдемі, сәнді емес, тіпті биттеп кеткен деген қауесет таратады. Нәтижесінде Мариям кең киім киіп, шашын жинай бастады.

Сұрақтар:

1. Мариямның сыныптастарының қорқыту мотиві қандай?

2. Бұл жағдайда шешілмеген буллинг жағдайы неге әкелуі мүмкін? 



4.. «Бақытты отбасы» Құм терапиясы арқылы сурет салу

Тапсырма: Алдарыңызда тұрған құм жәшігіне «Бақытты отбасының» бейнесін сурет арқылы салу


5. «Жұмыртқа» әдісі. Мақал-мәтелдің жалғасын тап

Тапсырма: Тақтаға назар салыңыздар. Тақтада тауық жұмыртқаларының суреті тұр. Сол жұмыртқаларды жарып ішіндегі мақалдың жалғасын табу керек.


  1. Тұңғышынды дұрыс үйретсең, Соңғылары өздері үйренеді.

  2. Әкесі ұлын ұрып, түзетеді, Анасы қызын ұрып, жүдетеді.

  3. Айтушы ақылды болса,
    Тыңдаушы дана болады.

  4. Әкесі қой баға білмегеннің,
    Баласы қозы баға білмейді.

  5. Ағаны көріп іні өсер,
    Апаны көріп сіңлі өсер.

  6. Балажанды биелер құлындарын теппейді,
    Балажанды адамды бала айналып кетпейді.

  7. Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
    Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.

  8. Бала жасындағысын ұмытпайды,
    Таз басындағысын ұмытпайды.

  9. Бала жетесіз болса ата - анасын жерге қаратады.
    Бала жетелі болса ата - анасын елге қаратады.

  10. Жақсы бала ойлағыш,
    Жаман бала тойлағыш.

  11. Қызды асырай алмаған күң етер,
    Ұлды асырай алмаған құл етер.

  12. Еменді и, иілетін кезінде,
    Баланы үйрет, үйренетін кезінде.

6. Сергіту сәті. «Шарды жерге түсірмей, фигура құрау»

Тапсырма : Әр топтан өз қалаулары бойынша бір адам шығады. Шарды жерге түсірмей. Қолда ұстап тұрмай , шармен жоғары ұрып тұрып, стол үстінде тұрған бала бейнесін құрастырып шығу керек. Содан кейін балаға қатысты нақыл сөз немесе мақал-мәтел айту қажет.


7. «Тик ток» әдісі . Кері байланыс

Бүгіні ата-аналар жиналысы бойынша пікіріңіз, ұсынысыңыз?

- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты.
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып тренингімізді аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!