400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп-интернаттың өзара іс-қимылын күшейту

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы тәрбиелеуде әр ата-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы қажет. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын. Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп-интернаттың өзара іс-қимылын күшейту

Жалпы ата-аналар жиналысы


Баяндаушы: мектеп-интернат психологы

Танжарыкова Актоты Рахимовна

Кеш жарық құрметті ата-аналар! Бүгінгі күнде сіздермен кездесіп отырғанымызға алғыс білдіре отыра бүгінгі тыңдалатын «Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп-интернаттың өзара іс-қимылын күшейту» тақырыбындағы мәліметтермен таныс боларсыздар.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.  Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін - жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі -15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Қазақстанда отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. 

Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені  адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.

Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Бала тәрбиелеуде отбасы құндылықтарының алатын орны ерекше. Сондықтан да отбасы мен мектеп-интернат ұжымының өзара байланысының мықтылығы білімді де тәрбиелі ұрпақтың дамуының негізі.

Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені мектеп-интернат пен отбасы бірлестігінің дұрыс насихатталуы арқылы жүзеге асырылады.

Осыған байланысты мектеп-интернатымызда «Отбасы ең үлкен, мықты тәрбие ошағы» атты тақырыпта интернатта тәрбиешілер бірлестігімен ұйымдастырылған отбасылық онкүндік аясында 5-11 сынып оқушыларымен әртүрлі бағыттағы тәрбиелік ашық сағаттар, отбасылық спорттық көңілді сайыстар, отбасы құндылықтарын сараптау тақырыптарында бейнеролик сайыстары, отбасы аялдамалары т.б.іс-шаралар өткізілді.

8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекелеріне орай аналармен әдеби кештер мен концерттік сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар 22 наурыз мерекесі қарсаңында 5-11- сынып оқушыларымен ата-аналарымен бірлескен сайыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері мен тәрбие жетекшілері арқылы жүзеге асады. Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке де зор көмек көрсетіні анық.

«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ата-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы қажет. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.

Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
542
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі