Материалдар / Отбасы құқығы. 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отбасы құқығы. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме көмегі тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
910
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Диханбаева Назира БиядиловнаІ.Жұмағұлов атындағы орта мектебіТарих ,құқық пәні мұғаліміТәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы құқығыТәрбие сағатының мақсаты:1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяғадеген қызығушылығын арттыру;3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Эйлор дөңгелегі, Екі жақты күнделік, Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т.б.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отан – отбасынан басталады» аталатын тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!Құрметті қонақтар, оқушылар!Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.Адамзат бесігін тербеткен ұяҮлгі – өнеге бастауыЖағымды қасиеттерге баулидыОтбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.Тәрбие шараның барысы:                                                                                                                               1.Шаттық шеңбері, топқа бөлу. 2. «Тақырыпты ашу» (ребус шешу)3. Постер қорғау.І-топ: «Не істеуге болмайды-Үлкендердің алдынан кесіп ………..-Кішкене баланы …………- Қыз баланы  …………..-Сабақтан ………………………- Сыныпта …………………….- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….

ІІ-топ: «Не істеу керек-Үлкен кісіні  …………………………..( сыйлау керек)- Үлкеннің  ……………………………..( тілін алу крек)- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)-   Оқу құралдарын  ………………………( күтіп ұстау керек)

4. «Жағдаяттар талдау» Экранда берілген жағдаяттарды оқып өз ойларын айту керекІ-топ:ІІ-топ:5. «Сәйкестендіру» Бұл кезеңде екі топқа суреттер және соларға байланысты анықтамалар немесе жылдар беріледі. Топ басшысы шығып, тиісінше сәйкестендіреді. Әр топқа 5 сәйкестендіруден, берілетін уақыт 1 минут. Әр дұрыс сәйкестендіруге 5 балл.6. «Суреттер сөйлейді»Бұл кезеңімізде екі топқа бес-бес мақалдан беріледі. Қатысатын 5 ойыншы кезекпен шығатын болады. Мақалдардың барлығы отбасы тақырыбында қозғалады. Әр қатысушы жүргізуші көрсеткен мақал-мәтелді ешбір айтусыз, яғни сөйлемей тек суретін салып шығу арқылы ғана командаластарына түсіндіруі қажет. Әр топқа 5 мақал. Өз мақалдарын түсіндіруге 1,5 минут уақыт беріледі. Дұрыс мақал 5 баллдық жүйемен бағаланатын болады.І-топ: 1.Ата баласы азарында асық ойнайды.2.Ата-бәйтерек,Бала-жапырақ.3.Балалы үй – базар,Баласыз үй – қу мазар.4.Жеті атасын білмеген – жетесіз.5.Болар бала бесігінде жұлқынар.ІІ-топ: 1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.2.Бала – адамның бауыр еті.3.Қарға баласын «әппағым» дер,Кірпі баласын «жұмсағым» дер.4.Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.5.Жас бала – құс көлеңкесіне де тоңады.7. «Бетпе – бет» ойыны Бұл ойын түрі аты айтып тұрғандай бетпе-бет жүргізіледі. Топ басшысы өзінің қалған мүшелерінің көрсеткен сөздерін табу керек. Топ басшысынан өзге сөз жасырушылардың қолы байлаулы болады. Ешқандай сөз қолдануға,ауыз жыбырлатуға болмайды. Тек қимыл-қозғалыстары арқылы бейнелейді. Екі топқа да ортақ сөз көрсетіледі. Уақыт бірдей белгіленеді. Дұрыс сөз 3 баллдық жүйемен бағаланады. 8. «Шығармашылық жұмыс» (карточкамен жұмыс)Отбасымда ең сыйлы ______________________________________Ең қымбатты _____________________________________________Ең ақылды _______________________________________________Ең сүйкімді ______________________________________________Ең құрметті ______________________________________________Ең құнды ________________________________________________Ең бағалы ________________________________________________Ең қажетті ______________________________________________9. Қорытынды.Жеңілген топ өз өнерлерін көрсетеді



                                             
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!