15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы құқығы негіздері
Күні: 8.04.16ж
Өтілетін орны: 26 каб.
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Отбасы құқығы негіздері
Сабақтың мақсаты: Отбасын құру, неке, отбасының міндеттері, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы балалар мен ата-аналардың құқықтары туралы мәлімет беру.
Міндеттері:
Қоғамды құрайтын негізгі бастаушы элемент адам, ал адамдар отбасы негізінде бірлесіп өмір сүру формасы екендігін нақты фактілермен түсіндіру;
Оқушылардың алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, қоғам және отбасы түсініктерін кеңейту, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Қоғамда тұлғалық белсенділігін саналы тұрғыдан танытуға, отбасының мәнін түсінуге, өзара сыйластыққа, шынайы қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топтастыру стратегиясы, тірек сызба, рольдік ойын, тұжырым картасы.
Күтілетін нәтиже:
қоғам, отбасы, отбасын құрудың басты мақсаты мен қағидалары туралы білім мен түсінік қалыптастырады;
алған білімдерін сараптай, талдай отырып, өзгерістерді анықтайды;
сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;
Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, флипчарт, слайд, ватман, маркер.
Көрнекіліктер: қима қағаз, тірек сөздерге арналған флипчарт, көркем суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық серпіліс «Мен басқаның көзімен...»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Бинго» ойыны
Елімізде қандай мамандықтар көп кездеседі?/Мұғалім, дәрігер, жол полициясы/
Еңбек шарты (контракт) деген не, еңбек шарты нені қамтиды? /Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын келісім/
Жұмыс немен өлшенеді, қысқартылған жұмыс мөлшері деген не? /уақытпен, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдайды туғызу, яғни, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсаты болып саналады./
Кәмелетке толмағандар үшін жұмыс уақыты қанша? Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты берілген. 16-18 жас аралығында 36- сағат; 14-16 жас аралығында аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген.
Еңбек өтілі (стаж) деген не? Қызметкердің еңбек және басқа қоғамдық пайдалы қызметінің ұзақтығы. Ол 3 ке бөлінеді: жалпы, үздіксіз, арнаулы.
Еңбек кітапшасы деген не, онда не туралы жазылады? Қызметкердің еңбек қызметін растайтын және біріңғай үлгіде толтырылатын құжат. Оған қызметкердің тегі, аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, кәсібі, мамандағы, жұмысы туралы, жеке еңбек шартының мерзімі, оның тоқтатылуы мен бұзылуы жөнінде жазылады.
III. Үй тапсырмасын бекіту Мына сөйлемді аяқтаңыз: /Оқушылар флипчартпен, интерактивті тақта арқылы жұмыс жасайды/.
Мен еңбекке араласқанда, ең алдымен ...
/Жауабы:
еңбек қатынасына түсемін/Менің ойымша, еңбек жағдайының болуы...
/Жауабы:
Бұл менің материалдық жағынан
қанағаттануыма және өз еңбегімнің
жемісін жеп рахат табуым/
Маған жұмыс уақыты мен демалыс уақытын алдын ала білген дұрыс, себебі...
/Жауабы:
бұл мені еңбек тәртібіне, жауаптылыққа,
өз уақытымды үнемдей білуге үйретеді
/
Мен еңбек етуге қатысты құқықтарым мен міндеттерімді білу үшін ...
/Жауабы: Еңбек туралы заңның баптарымен
таныс болуым керек/
IV. Ой қозғау. /Топтастыру стратегиясын пайдалану/
І-топ «Отбасы» - қоғамның алғашқы ұясы.
ІІ-топ «Қоғам» - материалдық дүниенің бір бөлшегі.
ІІІ-топ «Мектеп» - білім айдынындағы үлкен кеме.
Бейнетаспа талдау: Бейнетаспа бойынша оқушылардың ой-тұжырымдарын тыңдау.
Мұғалім сөзі. Отбасы– ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт. Отбасы – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы. Адам өмірінің мәні, алдымен, оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкін емес.
V. Жаңа сабақты баяндау.
Жоспары:
Отбасы құқығы ұғымы, отбасы құқығы қағидаттары.
Неке қиюдың шарттары.
Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар.
Баланың құқығы.
Заманауи қоғамдағы мектептің рөлі.
VІ. Мағынаны ажырату: Тақырыпты тану /Шығармашылыққа баулу/
І топ. «Отбасын құру, неке, отбасының міндеттері» /тірек-сызба арқылы топтасып жұмыс жасайды /
ІІ топ. «Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар» /оқушылар көркем суреттерді пайдаланып, рольдік ойын ойнайды./
ІІІ топ. «Заманауи қоғамдағы мектептің рөлі» /тұжырым картасы әдісін пайдаланады/ Мәтін таратылады, мәтіндік жоспар бойынша үш топ топтық жұмыс жасайды.
Отбасын құрудың төмендегідей қағидалары бар:
Еріктілік
Құқықтары тең
Бөгде адамдардың араласпауы
Ішкі мәселелрді келісіп шешу
Балаларға қамқорлық
Отбасы мүшелерінің құқықтарының қорғалуы
Бір-біріне қамқор болу.
Отбасының атқаратын қызметтері
Бала өсіру, тәрбиелеу, ұрпақ жалғастыру;
Баланы әлеуметтендіру, қоғамда өмір сүруге дайындау;
Отбасы мүшелерінің материалдық жағдайын қамтамасыз ету.
Жаңа сөздер керуені. Слайдтық жұмыс /Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды./
Моногамды |
Полигамды |
Кіндік отбасы |
Кеңейтілген отбасы |
Бір әйел мен еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді |
Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамды отбасы дейді |
Ата-аналардан және олардың балаларынан тұратын отбасын кіндік отбасы дейді |
Ерлі-зайыптылармен, олардың балалармен қоса, өзге туысқандарынан тұратын отбасы кеңейтілген отбасы делінеді |
Қазақ халқының отбасылық
тәрбиесі
Отбасы тәлімгерлері
Анасы
Әкесі
Туыстары
Әжесі
Атасы
Отбасылық тәрбиенің кезеңдері
Құрсақ тәрбиесі
Бесік тәрбиесі
Қыз бала тәрбиесі
Ұл бала тәрбиесі
Ер жігіт тәрбиесі
«Сегіз қырлы, бір сырлы»
азамат тәрбиелеу
V
ІІ.
Жастар – таусылмас күш пен сарқылмас
қайраттың нышаны /оқушылар
пікірі
тыңдалады/
«Еліміздің арайлы таңының пердесін тек жастар ғана аша алады»- деп елбасымыз атап кеткендей, Жастар – құрбы құрдастарымен еркін араласатын, білім алып, өзінің қоғамдағы әлеуметтік орнын табуға талпынатын қоғамның белсенді мүшелері. Қоғамды дамытатын, халықтың санының табиғи өсімін қамтамасыз етуші күш – жастар. Әрбір жас кәмелеттік жасқа жеткен соң отбасын құрып, ұрпақ жалғастыруды қасиетті борыш деп түсінуі қажет.
Демограв М.Тәтімовтың мәліметі бойынша соңғы деректерге сай жер жүзі халқының
6 млрд. 890 млн-ға жеткендігін алға тартады. Әр секунд сайын жер бетінде 3 сәби жарық дүние есігін ашады. Ал мамандардың пікірінше, 2060 жылы жер бетінде 9 млрдтан астам халық өмір сүрмек. Соның ішінде 2050 жылы Қазақстандықтардың саны 25 миллионды құрайды.
Президент Жолдауынан үзінді «2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға 4000 теңге жәрдемақы төленуі тиіс. 2006 жылдың шілдесінен бастап, 1 жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды енгізу қажет деп санаймын.»
VІІІ. Қорытынды:
«Отбасы
– табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»,
- десек артық емес. Жеке адамның бойындағы
ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа
адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті
тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай
ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға)
болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық,
жарастық орнаған орта. Отбасы – бала
тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының
басты қазығы, алтын тіреу діңгегі –
бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне
берекелі отбасының әсері мол. Отбасының
әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса
ата-ананың, баланың міндетін атқару
ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен
араласса, босағасы берік, шаңырағы биік
отбасына айналары сөзсіз. Отбасы –
адам ғұмырының тірегі ғана емес,
қоғамның да басты негізі.
ІX. Үйге тапсырма: Отбасы және қоғам тақырыбында бес жолды өлең шығару.
Бағалау критерииі: Бағдаршам әдісі
р/с |
Оқушылардың аты-жөні |
Қызыл Орындай алмаймын |
Сары Орындайтыныма сенімді емеспін |
Жасыл Орындай аламын |
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
X. Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»
(оқушылар тақырып бойынша ой-пікірін айтады және тілек білдіреді, ой-пікір жұлдызға, тілек жүрекке ілінеді)
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә. Назарбаев

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген