Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы қуанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы қуанышы
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Боранқұл орта мектебі» КММ









«Отбасы – бақыт мекені»


Сынып сағаты





Өткізген сынып жетекшісі Уелбаева Б.Н.






























2018 жыл



Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»

Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді,ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер, плакат, сурет

Жүрісі.

Ұйымдастыру

Кіріспе сөз

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.

Бүгін біз «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбындағы сынып сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.

Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ортаның ыстық-суығына сол бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.

Жүргізуші:

Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын.
Жүргізуші:

Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Жүргізуші:

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кез де  жетті.

Кезекті сайысқа түсетін топтарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.

  • Таныстыру

1. Топ аты. 2. Ұраны. 3. Топ төс белгісі. (қорғауы керек)

  • «Бәйге»

1-топқа сұрақтар
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)

 2-топқа
1. 18 жасқа толмаған адам (бала)
2. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта білім)
5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)

6. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? (болмайды)

7. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы ? (оқыған)

8. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

9. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)

10. Азияда қысқы спорттық ойындары Қазақстанда қай қалаларда өтті? (Алматы, Астана)

«Аталы сөз – баталы сөз»

Жүргізуші:

Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек. (Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жарысы)

«Тығырықтан шығу» ( ситуациялық сұрақтар)

1-топқа

1. Сенің өзіңе жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім  сені қатты сөкті. Сен не істейсің?

3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай? Сыныптасың ретінде не айтар едің?

2-топқа

1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?

2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың ретінде не айтар едің?

3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?

«Ой шақыру» «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу.

«Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?

Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?

Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?

Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе?

Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсыз?

Шығармашылық жұмыс. Әр топ «Бақытты отбасы» модулін салады, оны қорғайды

Жүргізуші: Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке - біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата - бәйтерек,бала -жапырақ», «Әкеден - ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың - тынысы бар», - дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз.

Қорытынды.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай - үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата-ананың ең маңызды міндеті.«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12