400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы шығыстарының қалай жорпарланатыны туралы білетін болады.Отбасының табыстары қайдан құралады?Ақша нге үшін керек?Отбасылық қаржы қайда жұмсалады?
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

     


Бөлім:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мұғалімнің аты-жөні

Зияева Ж

Күні:

29.09.2021ж.

Сынып: 3 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.1.4 өз шығыстарын жоспарлау және негіздеу;

3.1.1.5. өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: өз шығыстарын жоспарлауды біледі және оны оңтайландыру жолдарын ұсына алады.

Көптеген оқушылар: отбасылық қаржыны құрау жолдарына мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар: отбасылық шығыстарды азайту арқылы қаражатты үнемдеу жолдарын қарастырады.

     Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

  1. Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында бір – біріне сәттілік тілейді.

  2. «Таңдау» әдісімен «Жоспарлау», «Кірістер» «Шығыстар», «Қажеттіліктер» сөздерінің бірін таңдап топтарға бөлінеді.

Өткен тақырыпқа шолу және жаңа оқу материалын ашу

«4 сурет, 1 сөз» және «Сұрақтар тізбесі» әдісі арқылы өтеді.

- Берілген суреттерден ортақ бір мағына беретін сөзді тауып, тақырыпты шығарыңдар.

- Қандай сөз шықты?

- Еңбек дегенді қалай түсінесің?

- Адамдар не үшін еңбектенеді?

- Еңбек етудің қандай пайдасы бар?

- Еңбек қандай жетістіктерге жеткізеді?

- Еңбекте табысты болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

-Сенің отбасыңның қай мүшесі қандай еңбекпен айналысады?

Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар.Бұл отбасы.

Келесі суретке қараймыз.Келесі суретте нені көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар .Бұл ақша.

Бұл жерде отбасы және ақшаның суреттерін көріп тұрсыңдар, яғни отбасына келетін ақша.Отбасына келетін ақшаны біз отбасы кірістері деп атаймыз.Отбасына кіретін кірісті өзімізге отбасымызға қажетті заттар алу үшін жұмсаймыз.

- Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы: Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?

Сабақ мақсаты жария етіледі.

Бұл тақырыпта сен отбасының түрлі қажеттілікке жұмсалатын шығыстарын бақылауды үйренетін боласың.Отбасы қаржысының қалай жоспарланатынын білетін боласын.


Ән тыңдайды.



Топқа бөлінеді.



Сөзді тауып, сұрақтарға жауап береді, тақырыпты ашады.










ҚБ:

1 балл











Сабақтың ортасы

15 мин
















7 мин






































5 мин












5 мин


(Т) 1-тапсырма «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісімен жүзеге асырылады.

1-топ: «жоспарлау»,

2-топ: «кірістер»,

3-топ: «шығыстар»,

4-топ: «қажеттіліктер»

Әр топқа берілген сөздерге қатысты сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қайда? Бұл сөздерді қайдан естідіңдер?

  2. Қалай? Ол сөзді қолдануға мысал келтіре аласың ба?

  3. Қандай? Оның маңызы қандай?

Дескриптор:

  • - Терминдерді бұрын қайдан естігендерін жазады.

  • - Оны қолдануға мысал келтіреді.

- Оның маңызын болжап жазады.


(Ж) 2-тапсырмада «Броундық қозғалыс» әдісі қолданылады.

Әр партадан бір оқушы шығып, сыныптан сұрақтар жазылған парақтың бірін алып, жұпта талқылайды.Сұрақтарға ретімен жауап береді

.

1) Отбасының табыстары қайдан құралады?

2) Ақша не үшін керек?

3) Отбасылық қаржы қайда жұмсалады?

4) Табыс пен шығыс деген не?

5) Отбасының кірісі неден құралады?

6) Сенің отбасың ақшаны қандай қажеттіліктерге жұмсайды?

7) Негізгі шығындардан басқа рухани қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар да болады. Рухани қажеттіліктер деп нені айтуға болады?

Дескриптор:

- Отбасының табыстары ата-ананың еңбекақысынан құралатынын айтады.

- Ақша түрлі қажеттіліктерді өтеу үшін керектігін әңгімелейді.

- Отбасылық қаржының жұмсалу жолдарын айтады.

- Табыс пен шығыс дегенді ажыратып айтады.

- Өз отбасының ақшаны қандай қажеттіліктерге жұмсайтынын әңгімелейді.

- Рухани қажеттіліктер туралы болжайды.

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға:

- Сенің де күнделікті жұмсайтын қаражатың бар. Оны қалай жұмсайтыныңды айтып бер.

Өз шығыстарыңды азайтудың жолдарын ұсын.

Сергіту сәті: «Істегенімді істеме, айтқанымды істе» ойыны:

Оқушылар шеңберде тұрып, мұғалімнің жасаған қимылын емес, айтқанын жасауы керек. Мысалы: «мен шаштаразбын» деп айтып тұрып, мұғалім өзі жер қазып жатқандай қимыл жасайды. Сонда оқушылар шаштараздың қимылын жасауы тиіс. Шатасқан оқушылар шеңберден шығып, сыртында қалады. Соңында шеңберде бір оқушы қалып, жеңімпаз анықталады.


(Т) 3-тапсырма «Кластер» әдісімен орындалады.

1)Әркім өз қаражатын жоспарлай білуі қажет. Ол үшін есеп жүргізіңдер.

2)Мәтінмен жұмыс.

Дауыстап, тізбектеп оқыту. Сұрақтарды талқылау.


Дескриптор:

  • - Әркім өз қаражатын жоспарлайды.

  • - Жоспар бойынша есеп жүргізеді.

Дауыстап, тізбектеп оқиды. Сұрақтарды талқылайды.

  • Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға:

  • - Адам отбасылық қаржыны денсаулығын күту, рухани жан дүниесін дамыту үшін қалай жоспарлауы керек?

  • - Жоспарлау, кірістер, шығыстар, қажеттіліктер сөздерін бұрын қайдан естігендерін жазады.

  • - Оны қолдануға мысал келтіреді.

- Оның маңызын болжап жазады.



  • - Сұрақтарға жауап береді.





































Ойында түрлі мамандардың еңбегін көрсетеді.









  • - Әркім өз қаражатын жоспарлайды.

  • - Жоспар бойынша есеп жүргізеді.


Дауыстап, тізбектеп оқиды.

ҚБ:

3 балл

















3 балл


















































3 балл

А3 парақ, маркер
















Сұрақтар жазылған парақтар






















































Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі бойынша өтеді.

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, мазмұндау. Отбасылық шығындарды азайту жолын қарастыру.

Тапсырма бойынша ой қорытып, өз іс-әрекеттерін айтады.


ҚБ қойыла-ды.

Теңге суреттері


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
1835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі