Білім беру
саласы: Қатынас. Әлеуметтік
орта.
Ұйымдастырылған
қызметі: Көркем
әдебиет.
Тақырыбы: «Отбасындағы
сыйластық».
Мақсаты: а) Отбасы мүшелерін
дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға,
үлкенді сыйлап, құрметтеуге
үйрету,
ә) Отбасында үлкенге – құрмет,
кішіге – қамқорлық жасауға үйрету,
б) Инабаттылыққа,
кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Әдіс-
тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,
әңгімелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: Жұмыс дәптері, отбасы туралы
суреттер,
Билингвальді
компонент: Отбасы-семья,
сыйластық-уважение.
|
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
Тәрбиешімен бірге
Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін
қайталайды.
Атамнан
басталар
Әжемнен қосталар.
Отбасым
мыналар,
Ең
жақын адамдар:
Әкем мен анам
бар,
Бір
туған ағам бар,
Бір
туған апам
бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін
еремін.
- Балалар
өлеңде не туралы
айтылған?
|
Балалар шеңбер бойымен тұрып
орындайды.
Отбасы
туралы
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Рефлекциялық
|
Кіріспе әңгіме
Бүгін, біз
оқу іс-әрекетінде отбасы және сыйластық
туралы әңгімелейміз.
Суретте кімдерді көріп
тұрсыңдар?
Отбасы мүшелеріне кімдер
жатады?
Кім суретке қарап
әңгімелейді?
Өлең оқу.
/М.Қуанышбеков/.
Отбасы.
Анаң – үнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен
бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын,
Әжең – асыл
ардағың.
Атаң – дана қорғаның.
Сен
бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
|
Ата, әже, әке-ана, қарындас,
апа, іні жайлы айтады.
Отбасы туралы айтып
береді.
Балаларға өлең шумақтары
ұнайды.
Саусақтарын санап, көрсетіп
айтады.
|
|
|
|
|
Сергіту
сәті:
Бас бармағым – атам, үйдің
данасы,
Балаң үйрек - әжем, ошақ
анасы.
Ортан терек - әкем, отау
панасы,
Шылдыр – шүмек – шешем, шаңырақ
ажары,
Титтей бөбек – мен, бәрінің
базары.
/Ермек Өтетілеуұлы/.
Ж.Мұхамеджановтың
«Сыйлаймын»
өлеңін
жаттау.
Сыйлаймын.
Ата
менен ананың,
Айтқан тілін аламын,
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинаймын,
Ешкімді де ұрмаймын,
Ешкім маған
тимейді
Мен
де бәрін сыйлаймын
«Кім жоқ» дидактикалық
ойыны
Шарты: Тақтаға отбасы мүшелерінің суреттерін
іліп қою. Балалар көздерін жұмады. Тақтадан бір отбасы мүшесінің
суретін алып тастау.
|
Іс қимыл әрекетін
жасайды.
Өлеңді
жаттайды.
Балалар көздерін ашып мұқият қарап шығып
кімнің суреті жоқ екенін
табады.
|
|
Дәптермен
жұмыс:
Отбасы мүшелерін
ата?
Дастарқанға қандай тағамдар
қойылған?
Өзіңнің отбасы
мүшелерін ата.
Дастарқан басына кімдер
отыр?
Дастарқанды әшекейлеп
толықтыр.
|
Тапсырманы
орындайды
|
|
|
Қорытындылау:
Жаттаған өлеңіміз не жайында?
Бүгін біз оқу қызметінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды
жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге үйрендік.
Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен
туындайды.
|
Отбасы
жайлы
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін атай білуі
тиіс,
Игереді: үлкенге – құрмет, кішіге –
қамқор болу керектігін,
Меңгереді: өлеңді жаттап, мазмұнын
түсінеді..