400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы тәрбие бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналарға тренинг

Тренинг тақырыбы: Отбасы тәрбие бастауы.

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

Әдісі: топпен жұмыс (ата-анамен жұмыс)

Топтық қатысушылар ережесі:

Топтың толық қатысуы.

Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары.

Қатысушылардың ашық, әділ болуы.

Белсенді, өз ойларын еркін айту.

Тренингтің барысы:

1.Танысу «Қуыршақ терапиясы»

2 Ойын «Балық аулау»

3. Көңілді тест «Аңдар мен жәндіктер

4. Cауалнама «Бала тәрбиесі».

5. «Ыстық картоп» ойыны

6.«Өрмекші торы» жаттығуы.


Психолог сөзі: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Ата-ананың  тілегі –баласының  жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,

жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.Бүгінгі  ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап  өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.

1.   Танысу «Қуыршақ терапиясы»

Бүгінгі тренингімді мен «Танысу» жаттығуымен бастағым келіп отыр. Ата-аналармен танысуды «Қуыршақ» терапиясы арқылы жүзеге асырамыз. Бұл қарапайым салфетка, бірақта бұның сиқырлы қасиеті бар. Яғни қазір әрбір ата-ана осы салфеткадан қуыршақ жасайды. Жасап болғасын ол сол қуыршақ арқылы өзін таныстырады. Олай болса, қуыршаққа есім береміз, яғни ат қоямыз. Оны өз қалауыңызша атауға болады. Ол Сіздің атыңызбен аталуы мүмкін немесе сізге ұнайтын, әлде сіздің бала кезіңіздегі өзіңізге ұнайтын ат болуы да мүмкін. Ол өз қалауыңызға байланысты.

Танысқанда «Бір кезде бір қуыршақ дүниеге келіпті…» деп ертегісін бастайды. Яғни сол жасаған қуыршақ арқылы өзі туралы айтып, қайда туып-өскені, неше баласы бар екені, жанұясы туралы шағын баяндап береді.


2. «Балық аулау» ойыны

(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап береді)

Бір-бірден ата-аналар орындарынан тұрып, балық аулауға шығады. Балықта жазылған ситуацялық сұраққа жауап береді.

Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.


1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» дегенбірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6 .Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

12. «Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.
1. Нәресте 6 айлық
2. Үйі жоқ бомж
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды бала. Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?

3.«Аңдар мен жәндіктер» көңілді тест

Ата-аналарға қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріңе ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыңдар. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында үзілісте өзі жазған сөздерді рет - ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:
1. Мені жұрт........деп ойлайды.
2. Мені.........деп ойласа екен деп ойлаймын.
3. Дәл өзіңіз.........
4. Сіз жұмыста..........
5. Жарыңыздың алдында.........
6. Негізі..........


4. Cауалнама «Бала тәрбиесі».

5.«Ыстық картоп» ойыны

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:

Қандай киім үлгісін ұнатасың?

Жылдың ең қысқа айы?

Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?

Сүйікті әнің?

«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?

Балаңыздың туған  күні?
Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
Балаңыздың парталас көршісі кім?
Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Балаңыз кеше қандай баға алды?

Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
Балаңыздың ең жақын досы кім?

6. «Өрмекші торы» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, тренингтен алған әсерін айтуы қажет. Өрмекті жию.

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі