Материалдар / «Отбасы-тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Отбасы-тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен әлеуметтік ұстаз және оқушылардың арасында тығыз байланысын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2020
3468
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Отбасы-тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Ата-аналармен әлеуметтік ұстаз және оқушылардың арасында тығыз байланысын қалыптастыру.Ата-аналарды қосымша білім беру ұйымдарымен тұрақты қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. Ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңірту, жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін білуге, бала тәрбиесіндегі ата-ананың орнының ерекше екендігін түсіндіру.

Әлеуметтік ұстаз:

-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Киелі білім мен өнердің ордасы Айтуар негізгі орта мектебінің тірбие сағатына хош келіп- сіздер! «Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Ендеше, қоғамда отбасының алатын орны ерекше. Елімізге қажетті иманды ұл мен ибалы қыз отбасынан өсіп өнеді, тәлім-тәрбие алып, болашаққа қанат қағады.Олай болса, ақ сүтін беріп әлпештеп, мәпелеп өсірген ардақты аналар үшін, әрбір сөзін салмақтап,тәрбиеліліктің үлгісін көрсеткен қамқор әкелер үшін үлкен қошемет көрсетіп қойсақ.

«Танысу» жаттығуы

Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру. Әр ата-ана өзінің есімін айтып және есімінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек. Әр ата-ана мен баласының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

  • Сіздер әр отбасыларыңыздың ұйытқысысыздар.Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?(екі топқа бірдей)

Өнегелі отбасы

Әр топ «өнегелі отбасы» қандай болуы керек екендігі туралы өз ойларын ортаға салып, оны бір мүшесі қорғайды.

  • Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілетін болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ қой. Сондықтан қай ата-ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі-ата-бабамыздан қалған асыл да дана сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылар мақал-мәтелдерге екені сөзсіз. Олай болса келесі кезекте мақал-мәтелдерге байланысты өз ойларың- ызды ортаға салыңыздар.

(Мақалды жалғастыру, мағынасын ашу.)

1-топқа:

1.Өз үйім-...(өлең төсегім)

2.Атасыз үй-батасыз.

...(Анасыз үй-панасыз)

3.Ананың ізін қыз басар,

...(Атаның ізін ұл басар)

4.Жақсы ата-орман,

...(Жақсы бала-қорған)

5.Атаңа не қылсаң,

...(Алдыңа сол келер)

6.Әкең өлсе де,...(әкеңді көрген өлмесін.)

7.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

...(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.)

2-топқа:

1.Ананың көңілі балада,

...(Баланың көңілі далада)

2.Ата көрген оқ жонар,

...(Ана көрген тон пішер)

3.Ата-ананың қадірін...(балалы болғанда білерсің.)

4.Атадан жақсы ұл туса,елінің қамын жейді,

...(Атадан жаман ұл туса,елінің малын жейді.)

5.Әдепсіз бала,ауыздықсыз атпен тең

...(Ақылды қария,жазып қойған хатпен тең.)

6.Қарға баласын «Аппағым» дер,

...(Кірпі баласын «Жұмсағым» дер.)

7.Өз балаңды өскенше бағасың,

...(Немереңді өлгенше бағасың.)

«Соқыр ана» видеосы көрсетіледі.Фильм туралы ата-аналар мен балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқушылардың әдеби-монтажы тыңдалады: оқушылар ән айтып, би билейді.

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке-біз жақсы көретін ең жақын адамдар.

«Ата-бәйтерек, бала-жапырақ», «Әкеден-ақыл,анадан-мейір», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дейді халық.Осындай ынтымағы бар, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатұан біз бақыттымыз.

Балаларға тапсырма: Кәне, балалар, жеке-жеке мына сандықтың ішінен асық алыңдар, қандай нөмірлі асық алсаңыздар, сол нөмірдегі сұрақ оқылады.

  1. Не тәтті? (Ананың сүті)

  2. Не жұмсақ? (Ананың алақаны)

  3. Не қымбат? (Алтын ұяң Отан қымбат, Құт-береке атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)

  4. Отбасын кімдер құрайды? (Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, қарындас, іні, сіңлі.)

  5. Отбасының бүкіл міндеті кімге негізделген? (Ата-анаға)

  6. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесің? (Үлкендердің заттарын көтеру, айтқандарын істеу)

  7. Отбасының ұйытқысы кім?(Ана)

  8. Отбасының басшысы кім?(Әке)

  9. Отбасының әдет-ғұрыптары туралы түсініктеме бер.(Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау)

  10. Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім?(Ата-ана)

  • Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы,бұлт,гүл күлтелері мен жапырақтары жатыр.Соларға сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға,мұғалімге,оқушыға қандай талаптар қоясыздар. Соны жазыңыздар?(Әр топ мүшесі өз талаптарын жазған соң,тақтада көктем бейнесі шығады.)

«Кездескенше» ойыны.

Ата-аналар,барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз.Менің қолымда кішкентай ғана «Сиқырлы күн » тұр.Ол сіздерге жылу,қуаныш,табыс, бақыт,сүйіспеншілік сыйлайды.Сіздер оны бір-біріңізге беріп,бүгінгі жиыннан алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіресіздер.Ата-аналар,бір-біріне тілек айтады.

Әлеуметтік педагог:Мағжан Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес,келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтқан.

Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш-жігерін сарп етіп болашақ еліміздің тұтқасы болуына мектеп,ата-ана,ұстаз болып ықпал ете берейік. Осы тәрбие сағаты менің оқушыларыма үлкен ой салып,саналы болуға тәрбие берді деп ойлаймын.Келген ата-аналарға үлкен рахмет айта отырып,тәрбиелеп отырған балаларыңыз саналы азамат болып,сіздердің де біздің де мақтанышымыз болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!