Сабақ тақырыбы: Отбасы-
тәрбие көзі (дөңгелек үстел)
Мақсаттары:
а)Оқушылар мен ата-аналармен
тәрбие саласындағы шешілмей жатқан өзекті
мәселелерді
шешу жолында пікірталас
жүргізу. Б) Оқушыларды адамгершілікке,саналы тәрбие беруге
тәрбиелеу. в) Ата-аналардың мектеппен қарым –қатынасын
дамыту.
Көрнекілігі: АКТ,
шарлар,слайдтар,жағдаяттар,ойындар.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясы,жағдаяттар
шешу,пікірлесу,топпен жұмыс,интерью
әдісі,пікірталас,сұқбаттасу.
Сабақ
түрі: дөңгелек
үстел.
Мұғалім: «Құрметті қонақтар!
Қош келдіңіздер! Сіздер «Отбасы-тәрбие көзі» атты
тақырыпта,пікірлесіп,ой бөлісуге,дөңгелек үстел басына жиналып
отырсыздар. Олай болса, 4 «Ә» класс оқушылары мен ата-аналарын
ортаға шақырамын! (музыка ырғағымен ортаға
шығады)
Мұғалім:Ата-аналар!Осы өмір
сүріп жатқан қоғамымыздың ертеңгі болашағы-бүгінгі жас
ұрпақ.Макаренко: «Біздің балаларымыз-біздің қартайған шағымыз.Дұрыс
тәрбие-бұл бақытты қарттық,нашар тәрбие-болашақтағы сорымыз,бұл
біздің көз жасымыз,бұл біздің басқа адамдар мен ел алдындағы
кінәміз.» -деп айтқан.Бақытты қарттық шақты көргіміз келсе,бүгінгі
таңда тәрбие мәселесінде болып жатқан проблемаларды бірге
шешеміз,ой бөлісіп,ақыл-кеңес беріп,бақытты отбасыны жандандыру
мақсатында ой бөліскелі отырмыз. .
а) Топқа
бөлу.
Қызыл,көк,жасыл шарларды
таңдап алып топтарға бөлу.
ә)Психологиялық дайындық
«Сезім бөлісу»
Ата-ана балаға, бала ата-анаға
шуақ шашып, жылы лебізін,жақсы сезімдерін алақан арқылы білдіреді.
Бір-біріне жүрек қуатын сыйлап, жылы лебіздерін
айтады.
Б) Миға шабуыл «Бақытты
жанұя» моделін құру. Түймелер арқылы «бақытты
жанұя» моделін құру,әңгімелеу.
В)Бейнетаспа
тыңдау.Интервью әдісі.
Тақырыбы:«Бүгінгі таңдағы
тәрбиедегі болып жатқан олқылықтарға нені
жатқызамыз?»
г)Жағдаяттарды шешу.Топпен
жұмыс.
1 – жағдаят. «Виртуалды
тәуелділік», 2- жағдаят. «Зиянды заттар»,3-жағдаят- «Әлеуметтік
жағдай»
д) Ойын « Ой өрісіңді
тексер»
е)
Сұхбаттасу.Мектеп инспекторы, әлеуметтік
педагог, психологпен пікірталас.
Қорытындылау.
Күнді қолмен бүркелеуге
болмайтындай,барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін
емес.Балаларымызды тек қана компьютермен,қымбат киім алып берумен
шектелмей олардың өміріне белсене араласып,проблемаларын бірге
шешетін кез келді.
«Ел болу үшін –бесігіңді түзе»
деген ел сенімін ақтап ата даңқын шығарар ,тәуелсіз еліміздің
болашағын алға апарар білімді,парасатты ұрпақ тәрбиелеу-ұлы
парызымыз деп білемін.Өздеріңіз пікірлесіп шешкен
ой-тұжырымдарыңызды тәрбиелеуде ,ой елегінен өткізіп,болашаққа
қадамыңдарыңызды анық басыңыздар.
Кері байланыс. «Отбасы
ағашы» (стикермен
диалог)
«Білімді ел –өнерлі ұрпақ»
атты
Республикалық
сырттай
шығармашылық
байқауына
Сұраныс
|
Мекеме
атауы
|
Облыс,аудан
атауы
|
Қатысушының
аты-жөні
|
Сыныбы
|
Жетекшісінің
аты-жөні
|
Жетекшісінің телефон
нөмірі
|
Жетекшінің электрондық пошта
адресі
|
|
КММ «Заречный тұрғын алабы
мектеп – балабақша кешені»
|
Ақтөбе
қаласы
|
Орынбек Әділбек
Ринатұлы
|
1
«Ә»
класс
|
Муханбетова
Жанат
Бакытжановна
|
87051715844
|
zhanat.197474@mail.ru
|
Мектеп директоры: Сейлханова
Шынар Амангосовна
zhanat.197474@mail.ru