400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы-тәрбиенің басты ұясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­
«Отбасы-тәрбиенің басты ұясы»  тақырыбындағы ата-аналармен жүргізілетін сайыс

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» атты аналар сайысына қош келдіңіздер!

Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің бір өлеңінде: «Отбасы - шағын мемлекет ,Мен – президент,сен-премьер»деген екен. Шынында,отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Отбасының қос шынары бар. Олар- Алатаудай Әке, мейірімді ана. Әке – береке, өнеге, даналықтың қайнар көзі, қасиетті ісімен сыйластық, құрмет басы. Ана - біздің қамқорымыз, көл-көсір астық тұтқасы. Ананы сыйлау- елді сыйлау, өмірді құрметтеу. Сондықтан біздің борышымыз үлкендерді сыйлау, құрметтеу. Құрметті жиналған қауым, ата – аналар, ұстаздар, жарысқа қатысушылар және олардың жанкүйерлері! Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер!Сайыстың кезеңдерімен таныс болып отырыңыздар.

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.


Сайыс кезеңдері:

  • 1. «Отбасы - алтын діңгек!» 

  • 2. «Есімдер сыры»

  • 3. Лайфхак: «Тез, оңай, пайдалы»

  • 4 . «Абай-дана, Абай-дара»

  • 5. Үй тапсырмасы: «Шеберхана»

  • 6. Постер қорғау: «Менің отбасым» суреті



Жүргізуші:

Асыл іс көп халықта,

Іле жүрсең құлаққа.

Іздеген жетер мұратқа,

Ізденуден жалықпа,- демекші өз өнерлерін ортаға салуға келген сайыскер ата-аналарды ортаға шақырамыз.

1.Дүлділдің атағы шабысында,

Бұлбұлдың атағы дауысында.

« » жанұясы келіп жетті.

Бұлардың бар өнері болмысында

Үміттің биігіне қолын созып

Дайындықпен келген екен сайысуға.

2. Тәрбиелі қыз өссе елдің көркі емес пе

Дәстүрлерді жалғастырар нағыз қазақ емес пе

Бүгінгі шаңырақ сайысында бақ сынауға

Келген мына ....... атаның ұрпақтары емес пе.

3.Ерте тұрған әйелдің бір ісі бар,

Ерте тұрған еркектің ырысы бар.

Шаңырақтың бүгінгі сайысына

« » зор үміті бар.

Қошеметпен ортаға шақырайық

Көрерменнің қолдайтын ниеті бар.

4.Бір күндік несібеңді,ғайыптан іздегенше

Тәлім алар тәрбиені сайыстан іздейік-деп

Келеді бұрала басып сылқылдасып,

Қауымға сәлемдесіп,тағзым етіп.

« » әулетіне

Шаңырақ сайысына есік ашық

5.Жанұяға өнерпаздық жарасады

Жеңу үшін әркімде таласады.

« » өнерлі отбасы ғой

Риза болса мына жұрт қарасады.

Ортаға қошеметпен шақырып ап,

Өнеріңді көруге асығады.

Жүргізуші.

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1)

2)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар , ата-аналар, бүгінгі сайысқа түсетін ата-аналармен, сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болдыңыздар. Ендігі кезекті әр ата-ана өз кезегін білуі үшін жеребе тастау кезеңіне көшіп, сайысымызды бастайық.

Жүргізуші. Сайысымыздың алғашқы кезеңі: «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» таныстыру кезеңі. Мұнда ата-аналар өз отбасылары туралы түсірген бейнероликті түсіндіріп өтеді. Яғни ақпараттық технологияларды қолдана отырып бейнеролик арқылы таныстырады.


Жүргізуші: әр ата-ананың отбасы туралы түсірген бейнероликтерді таныстырып болсақ, сайысымыздың екінші кезеңіне көшеміз.


ІІ кезең. «Есімдер сыры»

Шарты: әр ата-ана өз баласының есімі туралы айтады. Есімді толық түсіндіріп өтеді (расшивровка жасайды)


Мысалы: А-айдай Й-ибалы Н-нұрлы Ұ-ұқыпты Р-рақымды


ІІІ кезең. «Тез, оңай, пайдалы» лайфхак жасау

Шарты: қалдық заттардан балаларға қатысты ойыншық немесе керек заттарды жасап шығару керек.


ІҮ кезең. «Абай-дана, Абай-дара»

Шарты: А.Құнанбаевтың қара сөздері, өлең-жырлары монолог,ән айту


Ү кезең. «Шеберхана» Үй тапсырмасы

(құстарға ұя,жемсауыт жасау)


ҮІ кезең. «Менің отбасым» суреті. Постер қорғау

Мұнда ата-ана баламен бірігіп жұмыс көрсетеді. Және әр ата-ана өз отбасының суретін қоғап шығады


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жанұя қорғаным, ата-ана тірегім!» сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысымызды қорытындылау үшін сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір- күрес, жеткіземе мұратын Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімеген, Қатысу да бір жеңіс, егер де сіз ұғатын. Қалыспаңыз, өнеріңіз шыңдалсын- деп бүгінгі сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Құрметті ата-аналар сіздерді естелік суретке түсуге шақырамыз.

­

















«Отбасы-тәрбиенің басты ұясы»

атты ата-аналармен жүргізілетін мерекелік іс-шараның бағдарламасы



1. «Отбасы - алтын діңгек!»  (бейнеролик арқылы отбасын таныстыру)

2. «Есімдер сыры»

3. Лайфхак: «Тез, оңай, пайдалы» (қалдық заттардан балаларға қатысты ойыншық немесе пайдалы заттарды жасау).

4 . «Абай-дана, Абай-дара» (А.Құнанбаевтың қара сөздері, өлең-жырлары монолог,ән айту)


5. Үй тапсырмасы: «Шеберхана» ( үйден құстарға ұя,жемсауыт жасап әкелу )



6. Постер қорғау: «Менің отбасым» суреті




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
504
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі