Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
отбасы тәрбиесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Отбасы- алтын діңгек
Мақсаты: Жақын адамдарына
пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін
қалыптастыру.
Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін
қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты
қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қанатты
сөздер, қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят
жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Әңгіме,
сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Сабақтың
барысы:
I
Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушыларды
түгелдеу.
2. Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып,
тақырыппен
таныстыру.
Кіріспе
сөз: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына
деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі
мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға
үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің
борышымыз. Бүгін біз«Отбасы- алтын
діңгек»» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда
Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды
ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам
баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа
жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей
міндеті.
Жүргізуші: Армысыздар
құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
Жүргізуші:
Әкең-қазақ, шешең-қазақ,
қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-аялы
алақан мекені», атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кезде жетті.
Кезекті сайысқа түсетінтоптарға берсек. Топтар өздерін таныстыра
кетсе.
1. Топ аты.
2. Ұраны.
3. Топ төс белгісі. (қорғауы керек)
«Болашақ білімді жастар қолында» тақырыбында білім сайысы шарты әр
топқа сұрақтар қойылады.
1-топқа
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде
әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер
мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт
ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң
қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастархандаболмайды
Бірақбарлықадамдәмтатқан (анасүті)
11. «Басы тасқатиді» сөзініңмағынасы (өкінді)
2-топқа
1. 18 жасқатолмағанадам (бала)
2. «Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімніңордасы (мектеп)
4. Қазақстандақандайбілімалуміндетті. (орта білім)
5. Бес асылдыатаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)
6. Айдақыс, жазмезгілі бола ма? (болмайды)
7. «Көзіашық, көкірегіояу» сөзініңмағынасы ? (оқыған)
8. Жігіттіңүшжұрты (өзжұрты, нағашыжұрты, қайынжұрты)
9. Қазақхалқыныңұлттықойындарыната? (бәйге, көкпар, теңгеалу,
қызқуу)
10. АзиядақысқыспорттықойындарыҚазақстандақайқалалардаөтті?
(Алматы, Астана)
Екіншікезең
Халқымыз «Аталысөз – баталысөз» депбекерайтпаған.
Ендешекезектісөзсайысынаберсек.
(Отбасына, бала
тәрбиесінебайланыстынақылсөздержарысы)
Үшіншікезең
«Тығырықтаншығу» тақырыбындажағдаяттықсұрақтар.
1-топқа
1. Сенің өзіңе жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға
ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Сен
тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені қатты сөкті. Сен не істейсің?
3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға
деген
көз қарасың қандай. Сыныптасың ретінде не айтар
едің?
2-топқа
1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс
тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не
істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол
оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар
едің?
3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте
алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің
әрекетің, не істейсің?
Сабағымыздыңтөртіншікезеңіпікірталас
Тақырыбы: Әйел-азаматы мемлекетті басқара алады
ма? Топтар өз сөздерін дәлеледеу қажет (жақтаушы топ, қарсы топ
болып).
Кезекті оқиғаға берсек. Сіздердің пікірлеріңіз.
Менің баламның
бастауышта оқу үлгерімі өте жақсы еді.Оның алып келген 5-тік
бағаларына үнемі ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім.
Себебі ол менің жалғыз ұлым еді.Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтан
қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайды. Бір күні сынып жетекшісі
келіп,баламның мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Әкесі қатал
еді, ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам өкпелі сияқты.
Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып сөйлеспейді. Мен түсінбедім. Маған
қандай ақыл айтасыздар?
Келесі
ойынымыз.Ой қозғау. Бала деген
кім?
Гүлдің бейнесін
келтіріп,гүлдің жапырақшаларының ішіне ата-аналар жауаптарын
жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз,үмітіміз, мұрагерім,
жанымның саясы, асыраушым.
«Танып ата»
ойыны.
Ойын барысында
қатарда тұрған балалар арасынан,ата-аналар жеке-жеке шығып,көзі
жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.
Тәрбиеші: Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Әке
мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір
ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін
әркімнің өз тәжірибесі жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен
танысуы керек,-деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев
айтпақшы бүгінгі сабағымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-ана
міндетін орындап ой бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт,
қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап
тек биіктен көрініп, жемісін берсін.
Күтілетін
нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін
қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей
білетін білімді, саналы,
Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға
Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Тақырыбы: «Отбасы – алтын діңгек»
6 Б сыныбы
Сынып жетекшісі:
НАКЕНОВА ГУЛБАКЫТ
САТБЕКОВНА
2017 – 2018 оқу жылдары
Тақырыбы: «XXI –ғасыр ата- анасы қандай?»
Мақсаты: Қазіргі заман ата- анасы мен бала арасындағы қарым — қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата- ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету.
Міндеті: Жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп,олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру. Жаhандану заманында ата- ана мен баланың қарым- қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу. Бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қайта қарастырып, ата- ананың мәдени деңгейін көтеру.
Құрал жабдық: Компьютер,экран, проектор, презентация слаид, кепілдеме парағы, маркерлер, бояу қарындаштар,ақ қағаздар, түрлі-түсті жүрекшелер,шыны ыдыс.
Күтілетін нәтиже:
1. Ата- ана осы мәселе бойынша ақпараттандырылады.
2. Шығармашылық жұмыс арқылы XXI –ғасыр ата- анасына сипаттама береді
Алдын ала жұмыс:
1. Оқушылардан сауалнама алу « Қазіргі заман ата- анасы …. ?»
2. Ата анаға кепілдеме құрастыру
Жиналыс барысы:
I. Ұйымдастыру кезең
Жиналыстың мақсаты және міндетімен таныстыру.
II. Кездесуімізді аңыздан бастайын.. Аңыз «Мәңгілік серік»
Өміден әбден шатасып,шатасып әбден шаршаған адамдар өмірдің шыңырауына жақындайды ,амадары қалмай не істерлерін білмей,бізді кім қорғап қандай ақыл жол тауып берер екен,- деп абыржып, бір парасатты данышпан адамнан ақыл сұрап барады.
* Ол оларға , таңның ең алғаш шыққан жұдызымен сіздерге мәңгілік серік алдарыңыздан шығады, сол сіздерді қорғап қалады,- дейді.
Мәңгілік серікті күтіп алу үшін адамдар түні бойы жолдың үстінде тұрып таңның алғашқы жұлдызының шыққанын күтеді. Таңның атысымен алыстан келе жатқан көлеңкелерді көріп әне келеді, міне келеді деп, бірінің үстінде ақ шапаны жоқ, бірінде таяғы,бірінде ақ сақалы жоқ, ол да емес, дейді. Сөйтіп тұрғанда алғашқы жұлдыз да шықты. Бір жерде тырналар өлендетті,бір жерде баланың жылаған дауысы естілді.Таңғы жұдыз жарқырай түсті. Ол кім? Қашан келеді өзі, -деп күбірлесіп тұра берді. Кенет тағы да алыстан шулаған қаздың дауысы, құлындардың шыңғырған дауысы, жылаған баланың дауысы естілді. Бірақ еш нәрсеге мән бермей адамдар екі көздерін жолдан алмай мәңгілік серікті күтумен
болды. Ақыры шыдамдары тауысылып әлгі данышпанға келіп өздерінің реніштерін білдірді.
— Сенің айтқан мәңгілік серігің қайда,ешкім де келмеді,-дейді.
— Сіздер баланың жылаған дауысын естідіңіздер ме?,- деді данышпан.
— Иә, бірақ ол сәбидің дауысы ғой?,- дейді.
— Сол сәби сіздердің мәңгілік серіктеріңіз! Сол сіздердің қорғаныштарыңыз,-деп жауап береді. Слайд:
Біздің баламыз ол біздің қарттық шағымыз. Дұрыс тәрбие ол біздің бақытты қарттығымыз. Қате тәрбие ол біздің болашақ қайғымыз,көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы кінәміз, мемлекет алдындағы кінәміз. А.С.Макаренко
Құрметті ата – аналар бала біздің болашағымыз. Тек бала адамзаттың тұқым жалғастырушысы,тірегі,сенімі.
Баланың жан дүниесін мына үлкен тостағанға ұқсатуға болады.
-Балаңыздың қандай болуын қалайсыз?
-Қандай мінез құлық көргіңіз келеді?
— Қандай адами қасиеттерді дарытқыңыз келеді?
-Өзіңізден қандай қасиеттерді алғанын қалайсыз?
Әр қайсыңыздың алдыңызда жүрекшелер жатыр, соған балаңызда қандай қасиеттер болса дейсіз, өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. Енді міне қараңыз, бала жанының қандай әсем әдемі болып жанданғанын көрдіңіз бе? Ал енді осындай жан дүниесі жарқын әдемі сұлу,баланың қасында жүрген үлкендеріміз қандай болуы қажет? Слайд :
Ата ананың ең бастапқы жіберетін қателігі – ол алдымен өзін тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеуінде. Л.Н.Толстой
Ендеше құрметті ата аналар бүгіннен бастап жаңаша тәрбиелеуді бастамас бұрын, ең алдымен өзіміздің бойымыздағы жаман деген бір қасиетті, не қатемізді қағазға жазып өртеп жіберейік. Өте жақсы.
III. Орнымыздан тұрып «Атомдар мен молекулалар»атты ойын ойнап сергіп алайық. Көңіл күйлеріңіз қандай? Балалық шақтарыңыз еске түсті ме? \өстіп топқа бөліп алып орындарына отырғызу\\
Құрметті ата аналар қазір жаhандану жаңару заманы, өмір де, адамдар да , білім алу, білім беру бәрі өзгеріп жаңаруда . Қазіргі жаңа заман балаларын жақсы білеміз бе? Олар қандай? Сіздермен XX ғасыр мен XXI ғасыр баласының әлем тануына шағын талдау жасап алайық. Слайд:
Салыстыру аспектісі Кәсіптің аспектісі XX ғасыр баласы XXI ғасыр баласы
Тарих және мәдениет
әлемі Ойын Қиялдау ойдан құрау ойындары Компютерлік ойындар
Кітап Көркем әдебиеттерді оқу Компютерлік кітаптар
Мультфильм Мейірімді тәрбиелі ізгілікті Қаталдық, абстракты мистикалық
Әлеуметтік қарым
қатыныстың әлемі.
Жанасушылықтың әлемі
қ\қ Құрбылармен қарым қатынас Тең болу \равноправный\ Талғамды
Ата анамен қ\қ Тәртіпті тындаушы Демократикалық
Ұстазбен қ\қ Қадірлеу Теңдік
Таным әлемі Әлем танымы Ойын арқылы өз құрбыларымен жанасу араласу салмақты сапалы қасиеттерімен өз орынын табу Қызметінің жекеленуі Құрдастарымен қ\қ тың тапшылығы ,ештеңеге қарамастан өзінің мендігін орнату
Бір сөзбен қазіргі бала бұрынғы баладан артып кетті ме, не болмаса жаман деп айта алмаймыз, олар әр түрлі, әр заман өзінің ағымымен . Олар қандай болса да, біз оларға жөн көрсетудің жолын табуымыз керек. Ал отбасылық құндылық өзгерді ме? Ендеше, оқушылардан алынған « Қазіргі заман ата- анасы қандай болу керек ?» деген сауалнаманың қорытындысымен танысыңыздар.
1. Ұл немесе қызын түсіне, тындай білетін
2. Өз балаларын сыйлай, қадірлей біліп, өздерімен тең отбасы мүшесі деп санайтын
3. Қамын ойлайтын қолдай білетін қайырымды мейірімді жиі күлімдеп жүретін
4. Қиын сәттерде ақыл кеңес беріп, қолдап, тығырықтан шығу жолын ұрыспай көрсетіп отыратын.
5. Қазіргі заманға сай ата- ана болса \совре\ /ИКТ,музыка,сән,спорт,әр түрлі ынталарымен\
Міне сіздің балаңыз, сіздің осындай болғаныңызды қалайды?
Ендеше қазір сіздер әр топ алдарыңыздағы ақ қағазға ««XXI –ғасыр ата- анасы қандай?»» атты тақырыпта топтық шығармашылық жұмыс жасайсыз, әр топ өз жұмысын қорғайды.
IV. Ата- ананы бала тәрбиелеудегі кепілдемемен таныстыру оқу.
V. «Гүл бейнесіндегі -отбасым» суретті тест ата-аналармен өткізу.
VI. Қорытынды сөз, кепілдеме үлестіру.
Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Тақырыбы: ««XXI –ғасыр ата- анасы қандай?»»
6 Б сыныбы
Сынып жетекшісі:
НАКЕНОВА ГУЛБАКЫТ
САТБЕКОВНА
2017 – 2018 оқу жылдары
Тақырыбы: Өнеге – отбасынан.
Ата – аналар балаларымен шеңберге тұрып айтады:
1. Мынау - менің жүрегім,
Бәріосыдан басталады.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Барлық істі атқарған.
2. Тақырыппен таныстыру:
Отбасы олар - әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Бала ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып, өсуі жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.
3. Тақпақтар:
1-бала: Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттауым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
2-бала: Атамнан басталар
Әжемнен қосталар.
Отбасым мыналар:
Ең жақан адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін!
3-бала: Жаз келісімен, күн қызып,
Машинасын жүргізіп.
Барлықкөрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыратын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!
4-бала: Кішкентай-мен үшін
Тағат, байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
5-бала: Қарғанда басқаға
Қызықты көп бастайтын
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Ән: «Аяулы анашым» хор.
4. Ата-аналармен жұмыс:
Сіздер бізге көп сұрақ қоясыздар балаларыңыз жайлы. Менің балам қалай деп? Сол сұрақтарыңызға қазір жауап аласыздар. Баланың сырт келбеті бірдей болғанымен балалар әр түрлі болады. Тапсырма бәріне бірдей барлықтарыңызға бірдей сүлгі таратамын. Сүлгіні бүктей отырып төртбұрыштығып, оң жақ бұрышын жыртып отырымыз. Сүлгі кішкентай болғанша.
Ойын: «Өтінемін» балалармен.
Сүлгіні қорытындылау. Енді ашамыз. Көрдіңіздерме мен сіздерге бірдей сүлгі тараттым, ал сіздердікі әр түрлі болып шықты. Балаларда солай әр түрлі болады, сабақты әр түрлі қабылдайды.
5. Ән: «Асыл әжем»
6. Ертегі: «Шалқан»
7. Тақпақтар:
6-бала: Отын жарып беремін
Суды да алып келемін
Аялаймын анамды
Тиеді ылғи көмегім.
7-бала: Ең елгезек баламын
Үлкен тілін аламын
Өсем деген ойым бар
Таудай биік талабым.
8-бала: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
9-Бала: Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!
10-бала: Ерте кетіп жүмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.
8. Ата-аналарға тапсырма: Бір-бір ақ бет таратамыз. Қолдарының саусақтарын бастарады да, отбасындағы тұратын мүшелерін жазып шығады. Өзін қосып жазады.
9. Асық арқылы балаларға сұрақ қою:
1. Отбасы дегенімі не?
2. Отбасын кімдер құрайды?
3. Отбасында адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?
4.Отбасында неше адам бар?
5. Өз отбасын туралы әңгімелеу?
6. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? (қарындас, әпке, сіңілі, аға)
7. Отбасының бүкіл міндетін кімдерге негізделген? (ата-анасына)
- Ата-аналардың тапсырмаларын қорытындылау:
Сіздер аттарыңызды жаздыңыздар. Өзіңізді табыңыз, ал енді балаңыз қай саусақта жазылып тұр? Балаңызбен қаншалықты жақын екеніңіз көрініп тұр. Өздеріңізде көрдіңіздер. Сондықтан балаңызға жақын болуға тырысыңыз.
10. Шаттық шеңберге қайта бәріміз:
Күніміз ашық болсын
Түніміз тыныш болсын
Ауамыз таза болсын
Суымыз мөлдір болсын
Ұл қызымыз аман болсын!
Балалар сіздерге жүрекшелер жасады, жүрекшені тапсыра отырып балалар жылы лебіздерін білдіреді. Ал сіздер балаларға жауап беріңіздер.
11. Қорытындылау:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі
Көңіліне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзет сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылып тәрбиелейік және оларға үлгі болар екенімізді ұмытпайық. Егер ата-анамен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойылып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздпры жаң-жақты дамыған азамат болып өседі.
Ата-аналарға жапырақтар үлестіріледі. Тілек ағашына балаларыңызға еркелеткенде айтаты сөздеріңізді жазыңыздар. Бүгінгі тәрбие сағатынан әсер, ұнағанын, ұнамағанын жазып беріңіздер.
Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Тақырыбы: «Өнеге отбасынан басталады?»
6 Б сыныбы
Сынып жетекшісі:
НАКЕНОВА ГУЛБАКЫТ
САТБЕКОВНА
2017 – 2018 оқу жылдары