400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Отбасы тәрбиесі арқылы баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеу» Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен сұхбаттасу үшін тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Отбасы тәрбиесі арқылы баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеу»

Мақсаты: отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие беру бағдарламасының негізгі мақсатын түсіндіру арқылы бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

1. Баланы жақсы көру,отбасындағы сүйіспеншілік;

2. Ақкөңілділік ,бауырмалдық, татулық;

3. Кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық;

Түрі: Семинар - тренинг

Әдіс – тәсілі: Баянда , сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, шығармашылық жұмыс.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта

Өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізгелі отырған "Отбасы рухани адамгершілік тәрбие негізі" атты семинар- тренингімізді бастаймыз.

Баршаңызды шаттық шеңберіне шақырамын.

Сәлемдесу тренингі: Әр ата - ана өзін таныстырып, қимылмен сәлемдеседі.

Сынып жетекшісі: Рахмет, ата- аналар! Ал, ата- аналар осы тілектер орындалғанда отбасында қандай күндер орнамақ.

Ендеше топқа бөліне қояйық.

1-топ: "Аналар тобы",

2-топ: "Әкелер тобы",

3-топ: "Балалар тобы"

Отбасы сөзіндегі әрбір әріптің өзіндік мағынасы бар. Ендеше оны тауып көрейікші.

Сөзжұмбақты шешу :

О- - - - - -

Т- - - - -

Б- - -

А - -

С- - - - - - - -

Ы- - - - - -

1. Отбасының тірегі Жанұяның жанашыры, қамқоршысы,

«Әке» сөзіне мағынасы жуық сөз /Отағасы/

2. Тал бесіктен басталатын, біліммен қатар жүретін не? /тәрбие/

3. Әке – шешенің ұрпағы? /бала /

4. Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? /ана/

5. Отбасында бір – бірін түсіну үшін, жақсы қарым – қатынас жасау үшін қандай қасиет қажет? /сыйластық/

6. «Береке, бірлік» сөзіне мағынасы жуық сөз. /ынтымақ/

Сынып жетекшісі: Бәрекелді барлық сұрақтарға шапшандықпен жауап бердіңіздер. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала екен. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол. Сондықтан, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі – ата- аналарымыз екен. Ата- ананың балаға берер тәрбиесі мол. 

Жиналыс барысы:

Отбасындағы адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз“–деген болатын. 
Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. 

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері.

«Отбасы ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі» сондықтан оны нығайту керек.

«Отбасында тыныштық болса, үйде тыныштық болады;

Үйде тыныштық болса- мемлекетте тыныштық болады;

Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады.»


«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны

Баланың жан дүниесі – бұл толып тұрған ыдыс сияқты.


  1. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?

  2. Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз?

Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда қағаз бар, соған өздеріңіздің ойларыңызды жазып және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.


Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. деп ойынды аяктасам.

Ендеше, тақтаға назар аударайық. «Отбасында баланы тәрбиелеудегі кездесетін қиындықтар» сөзі берілген. Сіздермен топтық жұмыс жасайтын боламыз. отбасындағы бала тәрбиесіндегі қиындықтарды кедергілер деп алатын болсақ

1-топ Аналар тобы: "Отбасында баланы тәрбиелеудегі кездесетін қиындықтарды" анықтайсыздар.

2-топ Әкелер тобы: "Кедергіден шығу жолын айтасыздар"

3-топ Балалар тобы: "Кедергіні жою жолын қарастырасыздар."

Шығармашылық жұмыс: Әр топ мүшелерінің жұмысын бағалау критерилері арқылы бағалайтын боламыз. Әр топ постерлерін қорғайды.



Қайрат Нұртас: Жанұя әні

Сынып жетекшісі: Баспана болмаса, ешбір тіршіліктің мәні жоқ деп ойлаймын. Отбасы шаңырақтан құралады. Ендеше өз баспанаңыздың шаңырағы биік, босағасы берік болу үшін қандай қасиеттерді қалар едіңіз? Үй моделін жасау мақсатында ата- аналардың ой – пікірмен үй салады.

Міне ата-аналар отбасы- адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Отбасының беріктігі ең бірінші шаңырақ көтерген екі адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігі, сенімділігі, жауапкершілігі, құрмет-сезім қасиеттерді бойына дарытып нағыз босағасы берік отбасы бола алады.

Осымен «Отбасы тәрбиесі арқылы баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеу»

тақырыбындағы семинар - тренингіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге рақмет.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі