Класс
жетекші, оқушы және ата-ана арасындағы «Үштік одақ» байланысын
нығайту мақсатындағы «Отбасы тәрбиесі барлық тәрбиенің негізі» атты
коучингі, 10 А класс жетекшісі Тлеуова Д.А.
Тренинг: Сәлемдесу, жанындағы
әріптесті таныстыру.
Мұғалім: «Отбасы тәрбиесі» не
деп ойлайсыздар?
3- топ өзара ойласып, ойларын
ортаға салады.
3-топқа бірдей тапсырма
«Болашақта күтетін өздеріңіз тәрбиелеген баланың суретін салыңыз»
Суретін салып қорғайды.
Ал. Енді мына аңызға құлақ
түрелік:
Бір ананың жалғыз ұлы бар еді.
Ол жалғыз перзентінің бақыты үшін күні-түні жолына бәйек болып,
оның бір рет те қабақ шытып мұңаймауы үшін оған қарсы даусын тіпті
сәл- пәл көтеріліп те сөйлемейтін еді.Өсиет айтса да, бір нәрсеге
жұмсаса да «Қарағым», «Шырағым» дегеннен басқа қатты сөзі жоқ еді.
Ол балам білім-тәлім алып, қатарларының алды болсын деген мақсатпен
бар тапқанын сатып, қаражат қылып оны бөтен елге оқуға
жібереді.(Бала қандай болып өседі деп
ойлайсыздар)
Баласы жеті жыл оқып келеді.
Анасы баяғысынша оның ішіп- жеуіне, киіміне жұмсайды.Бірақ баласына
оның еш әрекеті ұнамайды. Анасы алдына тамақ қойған сайын«Олай
емес, бұлай немесе бұлай емес, олай» деп жанжал шығарады.Тігіп
берген киімдерін жаратпай, анасын азаптайды. Анасы бір нәрсе десе
жұдырық көрсететін әдет шығарады.(Бұдан әрі не болуы
мүмкін?)
Бұған әрі-бері шыдап баққан
ана бір күні оны қасына отырғызып, өсиет айтпақшы болған
екен.(Не айтуы
мүмкін?)
«Мен сенен емес, сен менен
өсиет тыңдауың керек»,- деп анасын түйіп-түйіп үйінен шығып
кетеді.(Бұдан әрі не болуы
мүмкін?)
Содан ол ауыл маңындағы
тоғайдың арасына кіріп, бір түп тораңғының астына барып жатқан
кезде әлде-қайдан жалғыз бөлтірігін ертіп келе жатқан қорқауды көзі
шалады да, еріккенен оның қылықтарын тамашалай бастайды.Қорқау бір
түп жыңғылдың тасасына тоқтап, бұтақта қонып отырған аңқау шымшықты
қағып ұстап алады да, жүнін жұлып-жұлып бөлтірігіне береді. Өзі аш
қалған ене қорқау тек мұрнын жалап, бөлтірігінің тойғанына
мәз-мейрам болып, күн көзіне жатады. Бөлтірік тойып алған соң күн
көзінне секіріп ойнап, енесін тістелей
бастайды.(Бұдан кейін не болуы
мүмкін?)
Жігіттің бөлтірікке ызасы
келеді: «Кішкентай шымшықты өзінің тамағынан жырып тойдырған анасын
неге талайды, оңбаған!» деп оны ұрмақ болып орнынан тұрған кезде
қолына құмыра ұстаған өз анасына көзі
түседі.(Бала не істеуі
мүмкін ?)
Анасы жалғыз перзентінің
ашумен тамақ ішпей шығып кетіп, аш қалатынына дәті шыдамай соңынан
тамақ әкеле жатыр екен.(Не болуы
мүмкін?)
Баласы қатесін енді түсініп,
тезірек кешірім сұрау үшін асығып алдынан
жүгіреді.(Не болуы
мүмкін?)
Анасы баламның ашуы әлі
тарқамаған екен және ұрмақшы екен деп түсініп, артына жалтақ-жалтақ
қарап қарап ( бұдан әрі қарай не болуы
мүмкін?)
Бара жатқанда абайсызда ескі
құдыққа құлап өледі...
Ана барлық жағдайда да ана.
Перзент өзінің перзент екенін ұмытпаға тиіс. Әрбір азамат халқы
жөнінде де осылай ойлауға тиіс.
Сен сенсің, халқың –
халық!
Ойларын ортаға салады.Талдау
«Қате кімнен кетті?»
Сауалнамамен жұмыс «Мен
баламды жақсы білемін бе?» (бейне таспа көрінісі)
Ойларын ортаға салу, пікір
алмасу.
«Ротация» әдісі -Топтық
жұмыс
Проблемалық сұрақтарды
талдау.
1. Бала
тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп
санайсыз?
2. Бала
үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп
ұғасыз?
3. Бала
тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің
жауапкершілігі басым ба?
4. Баланы
еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс
па?
5.
Балаларыңызға уақытыңызды қалай бөлесіз?
(Ұсынылған проблема бойынша
топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы
білдіреді.
«Қызыл өрікпен»
аяқтау.
Тренинг «Біз баламызды
танимыз ба?»
Ата -
аналар дөңгелене тұрады.
Мұғалім
сұрақ қойып допты береді, ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата -
анаға береді
1.
Балаңыздың туған күні қашан?
2. Сынып
жетекшісінің аты - жөні кім?
3.
Балаңыздың парталас көршісі кім?
4.
Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
5.
Балаңыздың сүйікті асы не?
6.
Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
7.
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.
Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
9.
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10.
Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз
түседі?
Рефлексия
екі жұлдыз, бір тілек.