Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рысбеков Қанабек Алдабергенұлы

Директордың тәрбие ісі жөнінденгі орынбасары



Баяндама: « Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы»



Бала үшін ата-анасынан артық адам жоқ. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Ендеше әрбір ата-ана өз перзентін мәдениетті, адамгершілігі мол,білімді, ата салтын, ана тілін қастерлейтін ұлтжанды адам етіп тәрбиелеу атаөананың міндеті деп түсіну керек. Отбасындағы жақындық қуаныш пен қарым қатынас және түсіністікті әкелу тиіс. Бос уақытты бірге өткізудің мазмұны (кітап оқу, театр, теледидар хабарларын көру, саяхатқа шығу, т.б.), балалармен бірге ойластырғаны дұрыс. Оқыған кітаптары, көргендері туралы пікір алмасу балада сөйлеу, ойлау мәдениетін сақтап, өз сезімдері және ойларымен шынайы бөліскен дұрыс. Сөйлесудегі мейірімділік-баланың жалпы әлеуметтік дамуына өз нәтижесін береді.

Бала отбасы мен мектепте жан-жақты тәрбие алады. Отбасының болашақ ұрпақ тәрбиесі үшінжауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Баланың ыстық – суығына сүйінбейтін, күйінбейтін ата- ана жоқ. Баланы тәрбиелеуге ата – ана жеткілікті мән бермесе бұл істін нәтжесі болмайды. Мектеп – тәрбиелі отбасының үлкейген моделі. Мектепке баламен тығыз байланыста жұмыс жасайтын сынып жетекшісі.

Тәрбие жұмысындағы кемшіліктің бірі- ата-ана мен бала арасындағы рухани жақындықтың жоқ болуы көптеген отбасында кездеседі. Ата – ана баласын түсінбейді, әке, ана, бала арасындағы бір-біріне деген сенімсіздік туа бастайды. Осыдан проблемалар туындайды. Айта кететін жағдай, бүгінгі балалар мен жастар ешкімге тәуелді болмауға тырысады. Осыдан нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық істер көбейеді, өзінің тәрбиелік жұмысын орындауды тоқтатқан кезде мектептің рөлі зор. Педагогикалық ұжым баланың дұрыс өмір сүруіне барлық жағдайларды жасауға тиісті.

Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.

Толық мәнді отбасы болу үшін, ата-ананың және басқа да отбасы мүшелерінің береке, бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар, әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.

Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі- отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға болады. Біріншісі-материалдық игілікті алға қойып, соған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуда. Екіншісі- материалдық игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-ана арасында эмоциялық, мейірімділік қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады. Осы жағдайлар отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеуде ескерілуі қажет.

Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас, түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы. Үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады. Қазіргі отбасы тәжірибесіндегі басты мақсат-баланы тәрбиелеуде рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2023
460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі