400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы татулығы ашық сабақ 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_________________ Оқу ісінің әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Күні: 18.01.2019жыл


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №11 Мерзiм____________№18 сабақ

Тақырып: Отбасы татулығы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Махаббат, сыйластық, мейірімділік.

Мұғалім: Джувбаева Светлана Сынып:5 «Д» Оқушылар саны:__

Сабақтың мақсаты: балалардың «сыйластық, махаббат, кешірім, бірлік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасында үлкен адамдарға деген сыйластық туралы түсініктерін дамыту;

- өзара сыйластыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Топқа бөлу

5 Т ережсін қайталау

  1. Тәртіп 2. Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5. Татулық

Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Қажетті сөздерді пайдалана отырып, «Менің отбасым» туралы әңгіме құрастыру. Қажетті сөздер: Мейірімділік, сыйластық, татулық, сүйіспеншілік, қамқорлық.

Сабақ барысын талқылау:


4. Дәйексөз.

«Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат»

Антон Чехов


Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Отбасы – адам үшін ең жақын ортасы. Адам ең бірінші дүиеге келгенде өз айналасында отбасысын көріп, сол отбасыдан тәлім-тәрбие алып өседі. Сол отбасындағы адамдардан сүйіспеншілікті, махаббатты, сыйластықты, мейірімділікті үйренеді.


Дәйексөзді ұлдар1 рет,

Қыздар 1 рет,

Барлығы бірге 1 рет оқиды

3. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы «Бақытты отбасы» бейнежазба

  • Кедей табсының бірінші бөлігін қарызымды өтеймін дегенді қандай мағынада айтты?

  • Ата-анасына жақсылық жасаған баланы кімге теңейді екен?

  • Екінші бөлігін қарызға беремін дегенді қалай түсіндірді?

  • Кедей табысының үшінші бөлігін не істейді екен?


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Әжесін қайсысы жақсы көреді тақырыбында сахналық қойылым

2. Мақал-мәтелдерді жалғастырып жазыңдар.

3. Сөзжұмбақ шешу

4. Отбасыларың татулықта өмір сүру үшін не қажет? Деген сұрақтарға жауапты қазақтың ағаш үйі бейнеленген суретке жабыстыру.

  1. Ата көрген оқ жанар .....................................................................................

  2. Атаның баласы болма, ..................................................................................

  3. Ата-ананың қадірін, .....................................................................................

  4. Ата көрген оқ жонар, ....................................................................................

  5. Ананың сүті – бал, ........................................................................................

  6. Ат-ананың қадірін, .......................................................................................

  7. Анаңа ауыр сөз айтпа, ..................................................................................

  8. Інісі бардың тынысы бар, ......................................................................................

  9. Үйінде бақытты адам, ............................................................................................

  10. Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белісі


6.Топпен ән айту

«Ақ мамам»

Сөзі Ф.Оңғарсынова

Әні А.Асанов

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін.

Қ-сы:

Ақ мамам, ақ мамам!

Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет

-2-

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған,

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам.

Қ-сы:

Ақ мамам, ақ мамам!

Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет

-3-

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

Қ-сы:


7.Үй тапсырмасы.

Тірек сөздерді пайдалана отырып, кішілерге арнап хат жазыңдар.

Қажетті сөздер: еңбексүйгіштік, мейірімділік, әдептілік, сыпайылық, қамқорлық, сыйластық, жанашырлық.


8. Бағалау. Сабақ барысында жақсы қатысқандары үшін оқушыларға берілген жұлдызшаларды есептей отырып бағалау.


























Мұнайлы ауданы №11 орта мектеп













Ашық сабақ

Тақырыбы: Отбасы татулығы















Пән мұғалімі: Джувбаева Светлана











2018-2019 оқу жылы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі