Қостанай
облысы
Қостанай
қаласы
Ы.Алтынсарин
атындағы
дарынды балаларға
арналған
мектеп-интернатының
психологы
Г.А.
Умуртаева
Отбасылық
үйлесім
Отбасы – табиғат біртумаларының
бірі
Д.Сантаяна
Отбасы құру – ер мен әйелді қайта біртұтас етіп
қосу. Бірақ бір-біріне сай үйлесімді келетін қосылыс түзілуі керек,
бір-біріне сынған хрустальді шыны ыдыс бөлшектері мен кесе
бөлшектерін қоса алмаймыз.
Әлем үш ортадан тұрады: саналы, рухани,
материалдық, сол сияқты әйел мен ердің бөлшектері, сапасы, некеде
бір-біріне сәйкес, үйлесімді болуы керек. Үйлесімді ғана болу
жеткіліксіз, үйлесімді жас отбасына, некеге жаңа тұратындарға білу
маңызды. Бұндай білім тек жас отбасына ғана емес, бұрыннан отбасы
құрғандарға да керек, тек сонда ғана олар – отбасылық өмірдің
қиыншылықтарын қалай жеңу керектігін
түсінеді.
Ең
бастысы – махаббат, махаббат бар жерде даму да бар, ал махаббат
болмаса – ешқандай білім, үйлесім
көмектеспейді.
Отбасылық өмірге қадам басатындар көздерін
ашық ұстап, бәрін көруі
керек...
Ал кейін жартылай ашық ұстау
керек...
М.Скюдери
Отбасы кұру – біздің өміріміздегі ең маңызды
қадам. Бұл, бәрінен бұрын, біреудің өмірі үшін жауап беру. Неке
әйелге өзін сенімді сезінуге мұрсат береді. Бұл оның көңіл-күйіне,
хал-жағдайына әсер етеді. Заңды некеде екі жас арасындағы қатынас
ашық, барлығына белгілі, ең бастысы, қоғамдық пікірмен сай
болғандықтан мықты болады. Некеге тұрардың алдында бір-біріңізге
сәйкес екендігіңізді біліп, барлық туындаған сұрақтарды шешіп алу
керек.
Әр
отбасында түсінбеушілік, ренжу болуы мүмкін. Сондықтан ымыраға
келу, мәмлегерлік көрсете білу қажет. Сергектік, шыдамдылық
үйлесімге келуге көмектеседі, үйлесімді отбасы құру
қиын. Әрдайым өзіңді, өзіңнің
қызығушылығыңды отбасы игілігіне құрбан ету –
үйлесімге барар
жол.
Бұған ашуланшақтықты тежей білу, түн ұйқыны төрт
бөліп баланы жұбату, киім-кешек жуу, және де көптеген күнделікті
отбасылық проблемаларды шешу жатады. Отбасы – бұл психологиялық
пана. Отбасы – бұл күнделікті өзіңнің белгіленген, реттелген
міндеттемелеріңді орындау. Әр адам үйіне келгенде, демалып
бәсеңдік, қолдау, өзара түсінушілік сезінгісі келеді. Әсіресе қиын
шақтарда. Бір-бірінің жұмыста немесе басқа жерлерде туындаған
проблемаларын шешу керек. Адамның проблемаларын өзінде сақтауына
жол бермеу керек. «Көмек берсең, өзің де көмек
аласың» - бұл отбасы
ұраны.
Отбасы өнері – біреудегі бар жақсы,
екіншісінің мақтанышы бола
білуінде.
Бір-біріңмен жиірек сөйлесуге тырысыңыз.
Отбасында мынадай ереже болсын, жұмыстан кейін өткен күннің қандай
болғанын, не ұнағанын, не ұнамағанын бір-біріңізге айтыңыз, кеңес
беріңіз, кеңес алыңыз, мақтау, мадақтау айтыңыз. Кешкі асты бірге
ішуді үйреніңіз, бір-біріңізді күтіңіз, үстел басында әңгіме жеңіл
түрде жүреді. Күйеуіңіздің барлық проблемаларын біліп жүруге
тырысыңыз. Ең бастысы, сіздің зейініңіз қозу, ашулануды шығармаса
болды. Мүмкіндік болса, бір-біріңізден демалыңыз. Мысалы, аз
уақытқа туысқандарға, достарыңызға кетуге болады. Бұл да отбасын
сақтау үшін қажет.
Бір
жағынан қарасақ, әр адам мықты сенімді ара-қатынаста болғысы
келеді. Екінші жағынан қарасақ, сенімді ара қатынаста болу әр
адамның қолынан келе бермейді. Неге? Отбасындағы үйлесімді сақтауға
мүмкіндік бар ма?
Үйлесімнің маңыздылығын көбі түсінеді, бірақ
барлығы да үйлесе алмайды. Өзінен-өзі отбасында үйлесім бола
алмайды. Үйлесім жұбайылардың қос қолдап жасаған еңбегінен
туындайды. Әрқашан күйеуіңізді қуанышқа бөлеп жүру керек деген сөз
емес. Ара-қатынасты сенімді, келісу мен келіспеуді ашық білдіру
деген сөз. Түсінушілік және қасындағы адамға деген махаббат өзіңнен
басталады, себебі отбасындағы үйлесімді қолдау үшін үйлесімді адам
бола білу керек.