400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Отбасылық альбом

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін сыйлай білуге тәрбиелеу. Білім берушілік: Қағазды бүктеу арқылы альбом құрастыруға үйрету. Дамытушылық: Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ өткізу жоспары 03.10.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Отбасылық альбом

Міндеттері:

Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Қағазды бүктеу арқылы альбом құрастыруға үйрету.
Дамытушылық:
Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: балабақша ішіне саяхат жасап фотосуретке түсу,ата-анамен баласының шығармашылық жұмысы,балалардың фотосуреттерін шығару, альбомға фото салу.Тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттау, суретті альбомдар қарау.

Қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы,жіңішке лента.

Сөздік жұмысы:Балабақша ауласы

Билингвальды компонент: отбасылық альбом- семейный альбом

I.Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері: Кел, балалар , ортаға!

Үлкен шеңбер құрайық

Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Қуан, шаттан алақай ( балалар қолдарын екі жаққа жаяды)

Қуанатын күн келді ( алақандарын шапалақтайды)

Күліп шықты күн бүгін! ( қолдарын жоғары созады)

Қайырлы таң, қайырлы күн ( алақандарын ашып күнге қарай созады)
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балалар казір қандай сабақ?
Біздің тіліміз көптеген ертегілерді біледі. Мен сендерге қазір біреуін айтып беремін. Ерте, ерте, ертеде бір тіл болыпты... Желдің күштілігі сондай қатты, тіпті бір үйдің
есігін ашып жіберді. Бұл үйде кім тұрады екен? Балалар қараңдар үйдің ішінде фото альбом жатыр. Осы фотоальбом арқылы үйде кім тұратының білеміз. Бірақ біз бұл альбомды қараумыз үшін сиқыршыға айналуымыз керек.
Ал қане, 3 рет шапалақтайық.
Міне бірінші фотамыз да көрінді.

- Фотада кім бейнеленген?

-Мынау кім?

- Әже қандай?

-Әже не істеп отыр?

Әже кілемді қазақ халқының ою элементерімен жасайды, бірақ әлі безендіріп үлгерген жоқ.

-Балалар қазақ халқының ою элементерің еске түсірейік

- Мынау не?

- Мен сендерге кілемді мындай оюлармен безендіруді ұсынамын.

-Мынау не?

-Мынау не?

- Элементерді қай жерде орналастырамыз?

- Сиқырлы сөздерімізді айтайық

1-2-3 оюларды алыңыз.

- Балалар қараңдаршы қандай керемет кілем шықты. Жарайсыңдар балалар біз әжеге кілеміді безендіруге көмектестік.

Енді, альбомызды ары қарай қарайық. -Сиқырлығымызды жалғастырамыз.

1-2 топ,топ,

1-2 хлоп,хлоп.

Айналамыз,закружись.

Нам страничка покажись.

-Мынау фотада кім бейнелеген?

- Ата қандай?

-Атамыз не істеп жүр?

-Мынау не?

Ал мынау?

-Мына жануарды атаңдар?

Мынаны атаңдар?

- Келесі жануарды ата?

Қараңдаршы, атамыз көңілсіз ғой? Өйткені ол жануарларының төлдерін жоғалтып алды.

Оған төлдерді қайтаруға көмектесейік.

Қанекей үстелге жақындап, жануарларды төлдерімен сызық арқылы қосайық.

Балалар сендер барлығын дұрыс жасап шықтыңдар. Төлдеріміз аналарына қайтадан оралды.

Жарайсыңдар.

Альбомымызды қарастыруды әрі қарай жалғастырамыз. Сиқырымызды жалғастырамыз.

(сиқырлы сөздерді айту).

-Мына фотада кім?

Таңертен балалар қайда барады?

Балабақшада не істейді?

Қазір бәріміз би билейміз.

Музыкалық сергіту сәті.

Альбомымызды қарастыруды әрі қарай жалғастырамыз. Сиқырымызды жалғастырамыз.

(сиқырлы сөздерді айту).

Ал мынау фотада кім?

Мынау ана қандай?

Анамыздың қолында не бар?

Қазір біз анаға жемістермен көкөністер туралы айтып береміз

Ал бұл үшін біз көздерімізді жұмуымыз қажет.

Балалар қарандаршы қаншама көп жемістер мен көкөністерді ана бізге берді

Балалар қалаған жемістеріңді алыңдар.

Мынау не?

Ал мынау не?

Пішіні қандай?

Түсі қандай?

Анамызға жемістер үшін алғыс айтамыз.
Сергіту сәті
Бүгін біз қағаздан альбом жасаймыз. Альбом жасау үшін бізге керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім,әдемі жапсырмалар,ленталар. Қайшыны қолданған кезде сақ боламыз. Қайшының ұшын өздеріңе қаратып ұстамау керек, қолданып болғаннан кейін тиісті орнына алып қою керек. Тіктөртбұрыш қағазды бұрыштары мен жақтарын беттестіріп тең етіп бүктейміз. Оны ортасынан бүктеген сызығымыздың бойымен қайшымен түзу қиямыз. Бөлінген қағаздарымызды бұрыштары мен жақтарын тең етіп бүктеп бірінің ішіне бірін саламыз.Альбомның шетін тесуге өзім көмектесемін, ал ленталарын өздерің альбомның астынан жоғары қарай тесіктен өткізіп байлайсыңдар. Енді альбом әдемі болу үшін сыртына жапсырмалы суреттер жапсырамыз, бірінші бетіне өздеріміздің фотосуретімізді жапсырамыз.

Альбомымызды қарастыруды әрі қарай жалғастырамыз. Сиқырымызды жалғастырамыз.

Мынау кім.

Әке қандай?

-Әке кім болып істейді?

- Ал сендер тағы қандай мамандықтар білесіңдер?

-Қараңдар.

- Мынау кім?

- Сендердің де ата - аналар әр түрлі мамандықтарда жұмыс істейді.

- Олар біздің еліміз үшін жұмыс істейді.

- Сен қай республикада тұрасың?

-Сен қай қалада тұрасың?

- Елбасы кім?

- Балалар, жуырда тұнғыш елбасының мерекесі болады.

- Осы мерекеге арнап "туған жер" өленін айтамыз.
Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар кім үйде тұратынын анықтадық, ал енді тағы да атап өтейік.
-Мадақтау.
-Қоштасу.




ҰОҚ өткізу жоспары 04.10.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К.

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Менің анам
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Адамгершілікке ,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Білім берушілік: Ананың суретін салуды үйрете отырып,адамның дене құрылымы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау көру қабілеттерін және ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: Тақпақ, ән
Қажетті құралдар: Отбасы жайлы сурет, ойынға қажетті құралдар ( әйелдердің әшекей бұйымдары)
Сөздік жұмысы: Менің анам
Билингвальды компонент: ана – мама, отбасы – семья
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.
Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя
Үлкенде де, кіші де,
Жанұя бар әр кісіде.
Жанұя бары шуаққа
Қуанышпен қуат қой
-Енді орнымызға жайғасайық.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Мына суретке назар аударайық. Суретте не бейнеленген?
-Дұрыс. Енді біртіндеп атап шығайық. Кімдер бар екен.
-Енді осы суретке қарап, кім әңгіме құрастырып береді?
Балалар, суреттегі адамдарға есім беріп әңгіме құрастырады.
-Тамаша! Енді кім өзінің отбасы жайлы әңгімелеп береді?
-Дана айта қойшы, сен өз отбасында ең жақсы көретін адам кім?
Ендеше анан жайлы әңгімелеп берші?
-Тағыда кім өз анасы жайлы айтып береді?
Тәрбиеші:
Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз, табиғатты жаратушы – Табиғат Ана, Адамды да дүниеге әкелуші Ана. Ана мейірінен таралған мейірімділік. Сендерге жан жылуын, күн шуағын сыйлайды.
Тапсырма.
-Балалар, мына тақтадағы жасырынды суретті біртіндеп ашып, осы суретті әңгімелейік. (Аналардың мамандығы)
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегің
Ауланың қарын күредім
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын
Шаң-тозаңды қуамын
Ғажайып сәт:
Ренжулі бір бала кіреді. Қолында бір шоқ гүлі бар.
-Әли сен неге ренжулісің?
Апай мен анамды ренжітіп алдым? 
Неге ренжіттің?
Айтқанын істемедім. Гүл шоғын кімге алдың? Ендеше гүлің солып қалмас үшін құмыраға салып қояйық.
Балалар, Әли дұрыс жасады ма?
Айгерім сен анаңды ренжітіп алсан не істер едің?
Даяна сен не істер едің?
Ендеше балалар, біз Әлиге көмектесейік. Оның анасына арнап ән-тақпағымызды айтып берейік. Оның анасы естіп жүрегі жібейді. Өйткені біздің айтқан ән-тақпақтарымыз шын жүрегімізден шығады. 
Тақпақтар:
Ақ, анашым әппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде 
Арнадым саған бәрің де!

Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсындай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Ең қымбатты өмірде
Ана екен біліңіз
Ана жаның түсініп
Ойнаңызда күліңіз

Алтын анам менің 
Еркелеткен баққан
Алақаны алтын
Боташым деп қаққан
Ән: «Про маму»
Ойын: «Анама сыйлық»
Шарты: Әдемі қорапшаның ішінде аналардың әшекей бұйымдары болады. Әр бала біртіндеп келіп, бір әшекейді анасына сыйлауға алады, оны не үшін алғанын түсіндіреді. 
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар, қараңдаршы Әли әкелген гүлі ерекше гүл екен. Арасынан сиқырлы гүлдерді өсіп тұр екен. Кане, арасын ашып көрейікші? (арасынан сұрақтар шығады)
1.Анаңды ренжітіп алсаң қалай кешірім сұрар едің?
2. Үйде анаңа қалай көмектесесің?
3.Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
4.Сен анаңды қалай жақсы көресің?
Тәрбиеші:
Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, қамқоршысы. Ананың аялы алақаны, баласын әлдилеп, әлпештеуге жаралған. Ананың балаға деген махаббаты мәңгілік әрі шексіз.
Ананы мәңгі қастерлеп, құрмет көрсету, қаморлық жасау – әрбір баланың парызы. 
Әли неге ренжіп келді? Біз қандай көмек көрсеттік? Гүл шоғынан нені алдық?




















ҰОҚ өткізу жоспары 05.10.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесі
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Әдептілікке тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Балаларды әңгімені тыңдауға, мазмұнын әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық:
Танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Алдын ала жұмыс жүргізу:
шаттық шеңбер
Қажетті құралдар: суреттер.
Сөздік жұмысы: Ұшқан ұя
Билингвальды компонент: Ұшқан ұя-
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.Оқулықпен жұмыс.
-Балалар мен кім туралы оқыдым?
-Б.Ж.

Сергіту сәті

Қазақтай қайсар елім бар
Кең байтақ мынау даламда.
Қарттарым - асыл қазынам
Өсиет айтқан ғаламға.

Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаң
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене

 Рефлексиялық-түзетушілік

-Сабақта кім туралы айттық
-Қандай әңгіме оқыдық?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
1254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі