Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасылық дәстүрлер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:«Отбасылық дәстүрлер»
Ата-аналармен жиналыс (тренинг)
2023-2024 о.ж
Ата – аналармен
жиналысы(тренинг)
Тақырыбы:
« Отбасылық
дәстүрлер»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым –
қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие
беруіне ықпал жасау.
Тренинг ережесі:
Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз
бүгін
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей
қарайық
Құрметті ата-аналар сіздермен бірге отбасылық дәстүрлер тақырыбында
сөз қозғаймыз. Трениг сабағымызға қош келдіңіздер дей отырып,
тренингті «Отбасылық дәстүрлермен» бастағым келіп отыр.
2. Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте
көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен,
әрқайсысы өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.
Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеннің
ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да
жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,
ерекше бір шаттықа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында
қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты,
мәз-майрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша
бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл
ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін
айтуын өтінеді.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді?
Отбасындағы татулық пен бірліктің болуы үшін қандай қасиеттер қажет
деп ойлайсыңдар?
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз
рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
-Осы-ақ па?
— Иә,-деді ақсақал- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден
құралады-деді де сәл ойланып «және шыдамдылық» деген сөзді қосып
қойды.
Барлық отбасыға айтарым босағасы берік,шаңырағы биік болуы,
тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөлінуі отбасы мүшелерінің
бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екен.
Құрметті ата-аналар сіздердің де отбасыларыңызға татулық пен
бірліктің болуы үшін жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім»,
жүз рет «бірлік» және шыдамдылық тілеймін.
3.Сөйлемді аяқта”
әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
—Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
—
4. «Тапқырлық» кірпіші:
Бақыт сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5.«Түсінушілік» Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі
-жақсы көңіл күй екенін білдіреді.
6. Күлкі — көңіл ажары(1
мин сұраққа жауап беру)
Ата-аналар сіздерге берілетін сұрақтарға яғни жағдаяттарға тек қана
балаңыздың атының бірінші әріпімен жауап бересіздер?
-Тренинг ұнап жатыр ма?
• Сағат неше болды?
• Шаршадыңдар ба?
• Үйге асығып тұрмыз ба?
• Қонақтарға не айтасыңдар?
• Үй тапсырмасына көмектесесіңдер ме?
• Бүгін тренингке қандай көңіл-күйде келдіңіз?
• Жиналысты ұнатасызз ба?
• Қонаққа мені шақырасыздар ма?
• Қандай ас ұнатасыздар?
• Мектеп ұнай ма?
• Үйге қалай барасыздар?
• Туған күнге не сыйлайсыз?
• Билеп аламыз ба?
• Шайға не қосып ішесіздер?
• Сұрағым өте көп пе?
• Үйді кім жинайды?
• Төсекті ше?
• Асты кім пісіреді?
• Каникулда не істейміз?
• Қуанғанда не істейміз?
• Ренжіткен адамға не айтасың?
• Сұрақтар қашан бітер екен?
7.Өмірдегі ең маңызды
тіреулеріңіз кім? (Бала ,
жанұя, отағасы, т.б.)
Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер
жасау.
Құндылықтар
Өмірдеүшнәрсе…………..
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық,
жетістік.
8.Отбасылық құндылықағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық
құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар
жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына,
діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең
негізгіотбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа
құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты
қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру
керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауыз біршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананыңсөззаң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзгеүлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете
мәнберіп, «Адамның бір қызығы – бала деген» ұлы аталарымыздың
даналық сөзін естен шығармайық.
Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып,
балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке
айналыңыздар.
Оқушының аты-жөні:
Сөйлемді аяқтаңыз.
— Мен өз отбасымды жақсы
көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
—Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
«Тапқырлық» кірпіші: Бақыт сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
Б-
А-
Қ-
Ы-
Т-
Өмірдегі ең маңызды
тіреулеріңіз кім?(Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
Өмірде үш нәрсе өзіңіздің жауабыңызды жазып талдау жасаңыз.
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды:
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек:
Өмірде үш нәрсе құнды:
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз:
Өмірде үш нәрсе адамды құртады:
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды:
Оқушының аты-жөні:
«Түсінушілік» Сурет арқылы баланың мінезін анықтау(балаңыздың мінезіне қатысты кез келген сурет салыңыз)
Берілетін отбасылық
құндылықтар. Төмендегі тізімнен 7 құндылықты атаңыз өз отбасыңызда
кездесетін құндылықтардан.
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала