ОТБАСЫЛЫҚ ДАУЛАРДАҒЫ МЕДИАЦИЯ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОТБАСЫЛЫҚ ДАУЛАРДАҒЫ МЕДИАЦИЯ

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекіткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сотқа жүктелген міндеттемелер мен жүктемелерді сот жүйесі жоғары деңгейде атқарып келеді. Соның бірі – медиация институты. Елбасы медиация институтына дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін дамытуға, тараптарды бітімгершілікке келтіру шараларын қалыптастыруды міндеттеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Исаева Нұргүл Жеңісқызы


Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі


Отбасылық даулардағы медиация


Аннотация: Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекіткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сотқа жүктелген міндеттемелер мен жүктемелерді сот жүйесі жоғары деңгейде атқарып келеді. Соның бірі – медиация институты. Елбасы медиация институтына дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін дамытуға, тараптарды бітімгершілікке келтіру шараларын қалыптастыруды міндеттеді.

Кілт: Отбасы ,медиация ,еріктілік,шетел,неке.

Медиация дегеніміз не?

«Медиация» термині латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.  
Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.  Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген.Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды.

Медиацияны жүргізу қағидаттары:

  • еріктілік;

  • құпиялық;

  • өзара сыйласушылық;

  • тараптардың тең құқылығы;

  • медиатордың бейтараптығы мен әділдігі;

  • рәсімнің ашықтығы.

Медиацияның істің сотта қаралуынан ерекшелігі неде?

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.

Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы - қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде. Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылуы мүмкін.  Бірнеше мәрте сот отырыстары белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі.  Бұл ретте медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады – тараптардың еріктілігі  және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Дауды шешуге медиаторға небәрі 30 күн уақыт беріледі. Белгілі бір себептермен бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін, бірақ 60 күннен аспауы тиіс.

Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды.

Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады.   

Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды.

Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.  Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді.

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді.  Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз,  сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.  

Сонымен қатар тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны мен медиацияны жүргізу барысында қай тілдің қолданылатыны жайында келісе алады. Тараптардың келісімімен медиатор медиацияның жүргізілу күні мен уақытын белгілейді.

Медиация аясында не қарастырылады?

  • Корпорацияаралық және корпорацияішілік даулар.

  • Банк және сақтандыру саласындағы даулар.

  • Жүзеге асырылуы көптеген тараптардың мүдделерін қамтитын жобаларды сүйемелдеу.

  • Жұмыстағы даулар.

  • Отбасылық даулар.

  • Авторлық құқыққа және зияткерлік меншікке қатысты даулар.

  • Білім саласындағы медиация.

  • Мәдениетаралық даулар және басқалары.[1]

Отбасылық медиация - мүдделі тараптардың көмегімен даудың тараптар арасында бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз етеді.


 Отбасы құқықтық-қатынастарда медиацияны қолдану кез келген отбасы мүшесінің құ­қықтарын қорғауға және дауларды шешуге мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің арасындағы даулар азаматтық істердің басым бөлігін құ­райды, атап айтсақ, некені бұзуға, бірлесіп жинаған ортақ мүлікті бөлуге, алимент өндіріп алу туралы, баланың тәр­биесіне және онымен араласуға кедергі келтірмеуге байланысты және балалардың тұрғылықты жерін, баламен кездесу уақытын анықтауға қатысты даулармен байланысты азаматтық істер. Отбасылық мәселелерде медиацияны қолдану өте тиімді процесс. Себебі, медиацияны қолдану отбасы мүшелері арасында қарым-қатынастарды жақ­сарту, даулардағы тараптар арасындағы жанжалдарды азайтуға, дауды шешу­дің баламалы жолдарының дамытуға мүмкіндік береді, ата-ана мен бала­лар арасындағы өзара қарым-қаты­нас­тардың сақталуы тараптар үшін де әлеуметтік жә­не экономикалық шығындарды бол­дыр­мауға жағдай жасайды, сондай-ақ, атал­ған саладағы дауларды шешуде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.[2]

Шетелдегі отбасылық медиация қалай жүргізіледі?

1980-ші жылдардың аяғында Ирландия Республикасында. Отбасылық және әлеуметтік мәселелер департаментінде отбасылық медиация қызметі құрылды, оның басшылығымен 16 аймақтық орталық жұмыс істейді, олар еркін келісім рәсімдерін жүргізеді. Мемлекет медиацияны дамытуды отбасын сақтау мен нығайтуға бағытталған саясатын іске асырудың бір түрі ретінде белсенді түрде жүргізіледі.

Құрама Штаттарда көптеген мемлекеттер отбасылық медиацияны реттейтін заңдар қабылдады, ал олардың кейбір ата-анасының ажырасуы кезінде қамқоршылық және балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша медиациямен қарастырады.АҚШ-тың кейбір штаттарында медиация тиісті нәтиже бермеген болса сотқа жүгінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында неке және отбасы туралы 27-бапта

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

Медиация туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңының 25-бабында Медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері

1. Некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі мүмкін.

2. Медиацияны жүргізген кезде медиатор баланың заңды құқықтарын ескеруге тиіс.

3. Егер медиация барысында баланың қалыпты өсуіне және дамуына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін немесе оның заңды мүдделеріне елеулі залал келтіретін фактілер белгілі болса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 18-бабында Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылар арасында туындайтын дауларды қарау.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен қаралады [3].

Отбасылық дауларға байланысты статистикаға жүгінсек, медиаторлар қараған істердің 20 пайызы ажырасуға қатысты болады екен. 2017 жылдың 10 айында республикамызда қаралған істердің 7,3 пайызы ғана осы заңның аясында медиативтік келісімшартпен аяқталған. Еуропа елдерінде медиациямен бітетін істердің 40-­60 пайызды, Америкада 80 пайызды құрауы, бұл салада қаншалықты артта қалғанымызды байқатады.

Елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр елімізде 140 840 неке тіркелген. Сол жұбайлардың 51 775-інің дәм-тұзы жараспаған. Осылайша ерлі-зайыптылардың ажырасу деңгейі бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіріп, «шаңырағы шайқалғыш» он елдің бірі болып отыр. Қазақстанда тіркелген әрбір 100 некенің 34-і отбасы болып қалыптасып кете алмайды екен. Бұл жағдай елімізде жетім балалар мен жалғызбасты аналардың санын күрт көбейгенін көрсетеді. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 21 344 неке қиылып, 5067 отбасы бұзылған. Ажырасу саны бойынша Алматы қаласы (5 963), Алматы облысы (5 137), Қарағанды облысы (5 055) және ШҚО (4859) өңірлері алдыңғы орында болды.

Қазақстандағы отбасылардың ажырасуға соқтыратын басты себептер: мінез-құлық, материалдық жағдай, жұмыс, карьера, баспана, перзент сүйе алмау, маскүнемдік, құмарлық, өзара сенімсіздік, ата-ене, қайын жұрттың әсерінен болады екен.

Шет елдердегі сот саласында отбасылық даулар медиация тәртібін бұрыннан қолданылып келеді. Олардың көптеген даулы істер сотқа жетпей бітімгершілікпен шешіледі. Мысалы, АҚШ­-та істердің 95 пайызы, Англияда 87 пайызы, кішкентай ғана Словения елінде 35 пайызы бітімгер­ шілік жолмен өз шешімін табады. Олай болса, дамыған құқықтық мемлекеттік құруға қол созып, құқықтық қатынас­ тарды реттеудің бітімгершілік жолын таңдау бұл бүгінгі қоғамның талабына сай өр­кендеп жатыр. Мысалы,шет мемлекеттерде некені бұзғаны үшін 485-970 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейді,сол себепті Вьетнамда ажырасатындар өте аз деңгейде. [4]

Қорытындылай келе, Басқа да шет елдермен салыстырғанда біздің елде отбасылық медиация әлі де дамымаған. Бізде сол дамыған мемлекеттер қолданатын әдістерді пайдалануға болады .Мысалы,ажырасушы тараптарға белгілі мөлшерде айыппұл салу керек. Медиацияны жетілдіруде оның ішінде отбасылық даудағы медиация істерін жүзеге асыруда көптеген насихат жұмытары мен қатар телеарналарға,басқада жарнама түрлерін көбейтуді қолға алу керек.


Қолданылған әдебиеттер:

1 http://fedorovka.kostanay.gov.kz/kz/

2 Н.ДҮЙСЕНБАЕВ,Қарағанды облысы  Медиация отбасы дауларын шешеді.

3 http://adilet.zan.kz/kaz/docs

4 Заң газеті www.zanmedia.kz Майлыбай Қосумбет, Гүлстан Алекенова,

Салтанат АБЫЗБАЕВА















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1827
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі