жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Отбасылық демалыс
-
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Мектеп: “ЖББ №24 орта мектебі” КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Жанат Нуроллаевна
Күні:
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы
Отбасылық демалыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздерінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Сабақ мақсаты
Отбасылық демалыс тақырыбына берілген сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;
Әңгіме құрастыру барысында төл сөз, төлеу сөз бен автор сөздеріндегі тыныс белгілерді орынды қолдану;
Бағалау критерийі
-
мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды;
-
төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазады;
-
төл сөз бен автор сөздерінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады;
Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, тыныс белгілерінің емлесі.
Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Меніңше, ... тапсырманы толық орындады/орындай алмады, себебі ол ... жасады/жасамады»
Құндылықтарға баулу
-
қарым-қатынас жасау;
-
өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;
-
өмір бойы оқуға дайын болу;
-
жауапкершілік;
Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады
Пәнаралық байланыс
Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, сурет пәнімен, сергіту сәтіндегі қимыл қозғалыс дене шынықтыру пәнімен ұштасады. Сабақтың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуы өзін-өзі танумен тығыз байланысты
Алдыңғы білім
Оқушылар алдыңғы сабақта сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырып, онда төл сөз бен автор сөздеріндегі тыныс белгілерді орынды қолдану дағдыларын шыңдады, бұл дағдыны жаңа сабақта да жетілдіруге мүмкіндік алады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы – 15мин.
С.
Оқушыларға «Қызықты мозайка» ұсынылады.
Қызықты мозайка – оқушыларға ойын арқылы алдыңғы сабақтағы ережені еске түсіру.
Үстел үстіне төл сөз, автор сөздері мен тыныс белгілері көрсетілген қағаз қиындылары беріледі (төл сөз, автор сөздері тіктөртбұрышта, ал тыныс белгілері үшбұрышта жазылғаны дұрыс). Оқушылар берілген қиындыларды қолдана отырып, ереже мен тыныс белгілерінің қолданылуын түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардың жаңа сабақта қандай дағдыларды дамыту жұмыстарымен айналысатындықтарын және сабақ тақырыбын хабарлайды.
«Сағат дос» әдісі
Оқушылар дәптеріне сағаттың суретін салады.
Негізгі қажетті уақыт 12:00, 15:00, 18:00, 21:00
Сыныпты аралай жүріп қай уақытта кіммен кездесетінін жазады. Адамдармен кездесу қайталанбауы тиіс.
Мұғалім әр уақытты айтқан кезде, оқушылар бір-бірімен жұптасады.
ЖЖ.
Жұпта талқылаңыздар:
12:00 Отбасылық демалыс дегеніміз не? деген тақырыпқа талықылау жүргізіңіздер.
15:00 Демалыс кезінде көпшілік отбасылардың айналысатын істері туралы сөйлесіңіздер.
18:00 Қоғамдық орындарда демалысын бірге өткізетін отбасылардан нені байқадыңыз? Қоғамдық орындарда олар мәдениетті сақтай ма?
21:00 Отбасылық демалысты қалай тиімді ұйымдастыруға болатындығы туралы кеңестер қатарын жазыңыздар (Маңызды 2 кеңесті мұғалім ұсынған парақшаға жазады).
ТЖ.
Топтық талқылау.
Әр жұп өзінің кеңесін тақтаға іледі. Сыныппен осы кеңестерді маңыздылығына қарай саралайды.
Мозайкалар
Сағат суреттері
парақтар
Сабақтың ортасы – 20мин.
Сергіту сәті “Өз орныңды тап!”
Оқушыларға төл сөз, автор сөздері мен олардың тыныс белгілері жеке-жеке қағаздарға жазылып, таратылады. Мұғалім белгілі бір сөйлемді асықпай оқиды. Оқушылар сөйлемді тыңдап, тез арада рет-термен тұра қалулары керек. Яғни сөздер, тыныс белгілер қолданысқа сай тұра қалады.
Ж.
Отбасындағы қызықты оқиғалар
Оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті жаңа сөздер (тұрақты тіркестер, көркемдегіш құралдар ұсынылады).
Жазылым берілген сурет бойынша «Демалыстағы отбасындағы қызықты оқиға» тақырыбында сюжетті әңгіме құрастыру тапсырылады. Жазылым барысында төл сөз және төлеу сөздерді дұрыс қолдану, пунктуацияға ерекше мән беру қажеттігі ескертіледі.

Дескриптор:
- суреттер желісімен әңгіме құрастырады;
- әңгіме желісіне автор, төл сөздерді кіріктіреді;
- олардың тыныс белгілерін дұрыс қолданып, қояды;
Әр оқушы жеке тапсырманы орындап болған соң әр оқушы өз жұмысын топта оқиды. Топтан ең үздік жұмыс анықталып «Автор орындығында» оқиды.
ҚБ.Оқушылар оны «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
Жасыл түс – жұмыс барлық талаптарға сай орындалған
Сары түс – менің сұрағым бар
Қызыл түс – ұсынысым бар.
Қима қағаздар
Жазу құрылымына арналған кесте, суреттер
Сабақтың соңы – 10мин.
Оқушылар рефлексиясы:
Сөйлемді аяқта...
Менің бүгінгі сабақта түйгенім...
Менің сабақтан алған әсерім...
Менің айтар ұсынысым...
Түрлі-түсті стикерлер
-
-
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Барынша қолдау: Кейбір оқушылар үшін төл сөз бен автор сөзінің анықтамасы және оның дайын мысалдары, қойылатын тыныс белгілері жазылған парақтар үлгіге ұсынылады. Жазу құрылым беріледі
Оқушылардың жұптық жүмыстары өзара жазбаша кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұғалім жинап алып, жазбаша кері байланыс береді. Кері байланыс дескерипторларға сүйеніп жүргізіледі. Оқушылар өзара бірін-бірі бағдаршам көзерімен бағалайды
Сыныптағы қолайлы ахуалды сақтау үшін, топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастырылады. “Қызықты мозайка”, “Сағат дос», «Өз орныңды тап!» сергіту сәті, топтық, жұптық талқылаулар, сюжетті суреттер желісімен әңгіме құрастыру сияқты белсенді оқу әдістері қолданылады
Сабақ бойынша рефлексия
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген