400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасылық ғұрыптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасылық ғұрыптар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:Қазақ тілі

Мектеп: « №6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні: 09.10.2019

Мұғалімнің есімі: Казиева Алия Айтбаевна

Сынып: 5 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасылық ғұрыптар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.О.4.Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: бағыттаушы сұрақтар арқылы тақырып бойынша жұмыс жасау, болжау,

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айту, салыстыру, сәйкестендіру, бағалау.

Кейбір оқушылар орындай алады: Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айту, мәтін құрастыруда креативті идеялар жазу, астарлы мағынаны тану және бағалауда нақтылық көрсету.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Тақырыпты болжай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бала, мейірім, әже, тәрбие, ана, отағасы, отбасылық бақыт, мейірім, тыныштық, құндылық, өнерлі, бақытты, берекелі, жалғыздық т.б

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Менің білетінім...

Менің ойымша...

Екінші жағынан...

Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін...

Менің пайымдауым бойынша...

Талқылауға арналған сұрақтар:

Отбасылық ғұрыптар дегенді қалай түсінесің?

«Абысын тату болса, ас көп

Ағайын тату болса ат көп» деген мақалдың мағынасында қандай мән бар?

Бағалау критерийлері

Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, стилін анықтайды

- Айырмашылығын табады

Тілдік құралдарға салыстыру жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Құндылыққа баулу

Адами қасиет, тәлім-тәрбие, мейірім;

Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қазіргі сән

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


І.Ұйымдастыру кезеңі

( Оқушыларды түгелдеп ,сабаққа назарын аударамын.)

ІІ.Қызығушылықты ояту

Отбасылық ғұрыптар дегенді қалай түсінесің?

«Абысын тату болса, ас көп

Ағайын тату болса ат көп» деген мақалдың мағынасында қандай мән бар?

1-тапсырма. Үнтаспадан «Тойға тілек» әнін тыңдайды. Қазақ халқының қандай қасиетін жырға қосқаны туралы талқылау жүргізеді.

2-тапсырма. Ән мәтініндегі мына сөз қолданыстарын «Қосжазба» күнделігіне салып түсіндіреді.

Сөз қолданысынан үзінді

Түсініктеме

Дүниенің шымылдығын ән сап тұрып ашатын


Қызығын да, қайғысын да ән-күйменен бөліскен


Бөліп жеген бір үзім нан, көжесін де бөле ішкен


Дескриптор

-ән мәтінін түсінеді;

-қос жазба күнделігіне сала алады;







АКТ





Оқулық

Сабақтың ортасы


3-тапсырма

Әр суретке қатысты бірнеше тірек сөздер жазыңыз. Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып қойыңыз.

Ортақ тақырып:


Дескриптор

- әр суретке қатысты 3 тірек сөз жазады;

- барлық суреттерге ортақ тақырып ұсынады;

- тақырыпты сөз тіркесімен береді.

4-тапсырма

Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз (40-50 сөз).

1-мәтін

- Сәлеметсіз бе?

- Аманбысың, келе ғой.

- Сіз Оразәлі ата емессіз бе?

- Иә. Сен әкеңнің кенжесісің ғой.

- Жоқ, Нұрай - кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін.

- Атаң бар ма?

- Атам бар, ол кісі жетпіс жаста.

- Кімнің баласысың?

- Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін.

- Ақылыңнан айналайын!

- Атам да солай айтады.

- Бауырларың бар ма?

- Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп «сен атаңның баласы емессің» дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым.

- Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.

2-мәтін

Астана қаласындағы АХАЖ отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады.

Жастардың жауабы: Динара: «Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз ӛзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, ӛйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды». Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».

Дескриптор

- әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

- әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;

Оқулықпен жұмыс

5-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт.

Қазақ халқының бала бағуға байланысты ғұрыптар кешеніндегі шілдеханадан бастап, кіндік кесу, баланың қарын шашын алу, бесікке салу, қырқынан шығару, тоқым қағу, тұсау кесу сияқты толып жатқан салттар отбасылық мерекеге айналады.

Отбасылық ғұрып фольклорының ішіндегі жұртты ынтықтыра тәнті ететін көркем де күрделі саласы – үйлену ғұрпына қатысты жырлар. Бұған «Тойбастар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар», «Неке қияр» сияқты танымал жанрлық түрлері жатады. Дәстүрлі ұғымда үйлену тойы тек қыз бен жігіттің немесе ата-ананың ғана қуанышы емес, ол бүкіл ауылдың, аяқ жетер ағайынның, ұлыстың қала берді, бүкіл елдің тойы болған.

Мәтін бойынша сұрақтар «Ортада қаламсап» әдісі арқылы:

Бала бағуға қатысты қандай салттар бар?

Үйленуге байланысты қандай салттар бар?

Бесікке салу қандай салт?

Тағы қандай отбасылық мерекеге айналған ғұрыптарды білеміз?

Дескриптор:

- мәтін мазмұнын түсінеді;

- сұрақтарға жауап береді;

- салт-дәстүрлерді ажырата алады;






АКТ

Сабақтың аяқталуы


Рефлексия.

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат...

Қиындық келтірген 2 мәселе...

Сабақта ұнаған 1 аспект...

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Әрбір оқушы өз отбасы ғұрыптарын тізбектеп жазып келу.

Қорытындылау.




Қосымша ақпарат

Саралау - сіз қалай көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі