400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БАЛАНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама бала тәрбиелеп отырған ата-анаарға көп көмек береді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

О ТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БАЛАНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ

Тлеубаева Гульмира Кайроллаевна,

«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ

математика пәні мұғалімі.

Ерейментау қаласы, Ақмола облысы.



Ата-ана мен эмоциялар: маңызды байланыс

Ата-аналардың барлығы дерлік баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайына алаңдайды. Егер бала тұрақсыз болып өссе, өзіне сенімді болмаса, жиі ауырса, мектептің оқу бағдарламасын қабылдамаса және өзін тұйық ұстаса, онда көпшілігі білім беру жүйесін, көшені, нашар экологияны, тұқым қуалаушылықты, экономикалық тұрақсыздықты, сапасыз өнімдерді, БАҚ, компьютерді және басқа да ондаған факторларды кінәлайды.

Мұнымен келісуге болады, әрине: отандық білім беру жүйесі әлі де жетілуде, ал ақпараттық агрессия мен Интернетке тәуелділік балалардың денесіне кері әсерін тигізеді. Бірақ сонымен бірге, қандай да бір себептермен, отбасындағы эмоционалдық климаты, ата-аналардың бір-бірімен және баламен қарым-қатынасы, ересектердің өздерінің әлемге деген көзқарасы ескерілмейді. Бұл кезде баланың эмоционалды жағдайы, ең алдымен, отбасында қалыптасады. Тек ата-аналар ғана өз балаларына толыққанды жеке тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасай алады және жасауы керек – бұл оны қоғамға бейімдеу негізі болып табылады.


Баланың психоэмоционалды мәселелері - ата-ана проблемаларының көрінісі

Ата-аналардың баланың ашуланшақтық, тыныш отыра алмауы, агрессивтілігі, апатиялық күйі мен немқұрайлылық туралы шағымдары соншалықты үйреншекті қарапайым болғандықтан, олар баласының психикалық денсаулығының осы ауыр белгілеріне назар аудармайды. Сонымен қатар, ата-аналардың көпшілігі мұндай позиция дұрыс емес және зиянды екендігін білмейді. Шын мәнінде, баланың ұнамсыз мінез-құлқы - бұл ата-аналардың проблемаларына кері жауап және олардың айнадағы бейнелері, көріністері.

«Ол мені естімейді, мені тыңдамайды» мәселесін бала үлкендерді «естиді» деген үмітпен жоғары дауыспен, айғаймен айту арқылы шешуге ұмтылады. Естімейді! Оның реакциясы сіздің талаптарыңызды естімеу үшін: не жылау, не көз жасын төгу болады. Осыған байланысты психологтар балаларға да, ата-аналарға да эмоционалды интеллектті дамытуды ұсынады.



Эмоционалды интеллект дегеніміз не?

Адамның эмоционалды денсаулығы (Еmotional intelligence) эмоционалды интеллект ұғымымен байланысты. «Эмоционалды интеллект» (Э.И.) термині өткен ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Бұл адамның өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын, ақыл-ой мен қабілеттерін дұрыс түсіну болып табылады. Қарым-қатынастың эмоционалды негізін түсіну, өзін-өзі ретке келтіру және басқа адамдардың эмоционалды мінез-құлқын түсіп, нақты мәселелерді шешу үшін пайдалану, балада көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырады. Эмоционалды ақыл-ойы дамыған адамдар карьерда, серіктестікте, махаббатта бақытты болуға көбірек бейім.

Баланың эмоционалды интеллектісі қалыптасу кезеңінде, ол әлі жетілмеген. Сондықтан, егер бала жиі көңілсіз болса, себепсіз агрессияны көрсетсе немесе, керісінше, немқұрайдылық танытса, таңқаларлық емес. Ал мектепке дейінгі балалар әлі күнге дейін эмоционалды мінез-құлықты қалай басқаруды білмейді және ашуланшақтық, реніш, келіспеушілік немесе антипатияны білдіру үшін жылап, айқайлайды. Кішкентай бала эмоцияларды басқару қабілеті кез-келген мақсатқа жетудің ең тиімді әдісі екенін әлі білмейді. Балаңызды қиындықтармен жалғыз қалдырмаңыз және оның ащы тәжірибенің арқасында эмоционалды құзыреттілікке жетуін күтпеңіз. Ата-ананың баланы сәтсіздікке, күйзеліске және стреске ұшыратуға құқығы жоқ. Олар балаға өмірлік жағдайларды қалай жеңуге, қарым-қатынасты қалай құруға, эмоцияларын қалай басқаруға және басқа адамдардың эмоцияларына қалай әсер етуге, басқаларды жағымды қарым-қатынас жасауға эмоционалды түрде қалай ынталандыруға болатындығын айтуы керек.

Бірақ мұның бәрін балаға қалай жеткізуге болады, егер ересектер өз эмоцияларын басқаруды білмесе? Егер қандай-да бір себептермен олар айғалай берсе, өзгелерді естемесе, жақындарының көңіл-күйіне мән бермесе? Ата-аналардың «эмоционалды сауатсыздығына» көптеген себептер болуы мүмкін: бұл жұмыстағы үлкен жүктеме, әріптестермен қақтығыстар және үй жұмыстары, олар сіз білесіз, ешқашан бітпейді. Ақшаның жетіспеуі, көптеген отбасыларға таныс. Мұның барлығы стресс, яғни қар сияқты жинақтала беріп, жағымсыз эмоциялар тудырып жарылуы мүмкін немесе үнемі шаршау үстінде болып және жақын адамдарға деген немқұрайдылықты тудырады. Бұл балаларға жағымды әсер етпейтіні анық: өз проблемаларынан көздерін ашпайтын, тітіркену үстінде жүрген ата-аналарының арасында өзің керек емес екендігін сезініп, қоршаған ортадан өз-өзіне жабылады. Осыдан өз күшіне сенбеуі, өзің-өзі бағаламауы пайда болады.


Енді не істеу керек?

Баланың болашағы үшін өздерінің жауапкершілігін түсінетін ата-аналар олардың эмоционалды дамуына жол табары сөзсіз. Бірақ бұл үшін сіз өзіңіздің эмоцияңызды басқаруды үйренуіңіз керек, яғни жағымсыз жайттарға жол бермеңіз және жағымды жақтарға назар аударыңыз.

Көп ұзамай сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесінде үйіңіздегі психологиялық климаттың жылынаты сөзсіз. Содан кейін осы бағыттағы әрбір келесі қадам сізге әлдеқайда жеңіл және қарапайым болады, өйткені ол әрине балалардың күлімсіреуімен, махаббатымен және сенімімен марапатталады.



Ата-ана тәрбиесінде жағымды эмоциялар неге маңызды?

Егер бала жақсы көңіл-күймен сабаққа отырса, онда ол тезірек есте сақтау процесіне ие болады және жаңа білімге деген құштарлық пайда болады, бұл оның интеллектуалды дамуына оң әсер етеді.

Позитивте құрылған қатынастар мықты және сенімді болады. Бұл әсіресе ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасы үшін дұрыс, өйткені олар отбасында сау микроклимат қалыптастырса, ол баланың болашақ отбасылық өмірінде үлгіге айналады.

Күйзелістердің болмауы, салауатты орта және отбасындағы жағымды атмосфера баланың психикасына және оның эмоционалды жағдайына пайдалы әсер етеді. Позитивті эмоцияларға байланысты ол дұрыс өзін-өзі бағалауды, өзіне деген сенімділікті, әлемге деген оң көзқарасты қалыптастырады - мұның бәрі тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етеді.


Эмоционалды денсаулық - оптимизмнің негізі.

Ересектердің көптеген проблемалары: уақыттың жетіспеушілігі, отбасылық қиындықтар, жұмыстағы жанжалдар, бәсекелестік, ақша жетіспеушілігі, туыстарымен қарым-қатынас ата-аналардың өз баласына қатысты эмоционалды «саңырау» болуының себебі бола алмайды. Ата-аналар, баланың психикалық денсаулығы өздерінің өмір салтына, мінез-құлқына және адамгершілік қасиеттеріне байланысты болатындығын біліп, есте ұстаған жөн! Ұрпақтар арасындағы эмоционалды алшақтық болашақта балалардың қарт ата-аналарына деген мейірімсіз көз қарасты тудыруы мүмкін.

Тек эмоционалды сау бала ғана тепе-теңдікті сақтап, өз мінез-құлқын басқара алады, жағдайды бағалап, дұрыс шешім қабылдай алады. Физикалық және эмоционалды сау ересек өскен Сіздің балаңыз айналасындағы кеңістікті үйлестіре алады, әлеммен ыңғайлы қатар өмір сүре алады және өмірді оң қабылдайтыны сөзсіз. Рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
1614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі