400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасылық құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасы туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 09.10.2018

Уақыты: 10:10

Сынып: 6 «Ә» Қазақ тілі

Өтілетін орны: №218каб.


Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар.
Мақсаты:

1) Оқушылардың отбасы тақырыбында білімдерін әртүрлі тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру арқылы арттыру;

2) Отбасы тақырыбына байланысты сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау;

3)Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру. Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы мүшелерін құрметтеуге тәрбиелеу;

4) Топпен бірге жұмыс істей білуге баулу.


Көрнекілігі: Отбасы туралы суреттер, қима, слайд.


Меңгерілетін сөздер: Отбасы, Отан, Отбасылық құндылықтар, мұра, қара шаңырақ, адалдық, махаббат, сезім, татулық ....

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдасатыру кезеңі:

1. Амандасу.

2. Диалог құрау.

3. Сөздік жаттығу.

Тату- тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты,

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.


II. Өткен сабақты қайталау.

  1. Сұрақ – жауап.

  • Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

  • «Ел» сөзінің мағынасы қандай?

  • Біздің Отанымыз туралы не айтуға болады?

  • Ережені еске түсірейік. Екпін дегеніміз не?



III. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Отан, ел, туған жер туралы бес мақал – мәтел жазу.


IV. Жаңа сабақ:

Түсінік беру.

Отбасы — бірлесіп өмір сүретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы - әке, ана, баладан құралады. Отбасының мүшелеріне бір шаңырақ астында тұратын адамдарды жатқызады. Отбасы мүшелері – ата, әже, әке, ана, бала, аға, әпке, іні, сіңліден құралады.

Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары, өз ереже, салты болады. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, отбасы мүшелерін жақсы көру, көмектесу, махаббат, сезім, сүйіспеншілік, ата – анаға жақсылық жасау, ізгілік, татулық, имандылық, балаға жақсы тәрбие беру.


Сұрақ – жауап.

  1. Сенің отбасың қандай?

  2. Отбасы мүшелерін атаңдар.

  3. Сен әкең, анаң туралы не айтасың?

  4. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?


Оқулықпен жұмыс. Суреттер бойынша тақырыпты болжа.


  • Суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Отбасы мүшелері не істеп отыр?

  • Отбасы мүшелерін атаңдар.

  • Олар қандай отбасы деп ойлайсыңдар?

  • Отбасы қандай болу керек?

Топпен жұмыс. Сыныпты екі топқа бөлу.

1 – топ: «Бақыт» 2 – топ: «Қуаныш»

  1. 2 – тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңдер? 36 – бет.

1.Балдан тәтті? (......)

2.Қара шаңырақ иесі кім? (.....)

3.Балаға кім сыншы? (......)

4.Әкеден балаға берілетін зат? (....)

5.Үйдегі алтын адам кім? (.....)

6. Адам бойындағы ең асыл қасиет? (.....)


  1. 7 –тапсырма. Берілген сөздерден мақал – мәтел құрастырып жазыңдар.

1.Ұя, ұшу.

2.Әке, ұл, ана, қыз, өсу.

3.Әке, тау, ана, бұлақ,бала, құрақ.


  1. Ребус шешу. Екі топқа беріледі.

  1. С

    М

    Д

    Г

    С

    Қ

    Ә

    К

    Е

    Ш

    А

    Ң

    Ы

    У

    Е

    Ә

    Ж

    Е

    А

    П

    О

    А

    Ғ

    А

    И

    Р

    О

    Ш

    В

    Ц

    С

    Р

    К

    Т

    Ү

    Й

    Н

    Ж

    А

    Т

    Н

    Ц

    І

    І

    Ы

    Е

    Б

    Ұ

    К

    А

    З

    Қ

    А

    Т

    А

    Н

    Ң

    Н

    В

    А

    Л

    О

    Ц

    А

    П

    Н

    И

    Ж

    І

    Л

    Д

    П

    С

    Б

    А

    Л

    А

    И

    К

    Д

    З

    Ч

    І

    А

    Б

    Ы

    Ю

    Ы

    Қ

    Ы

    З

    Р

    Э

    Х

    Б

    Д

    С

    С

    Ф

    А

    Я

    Д

    У

    Ы

    Әріптерден отбасына байланысты сөздер тап.


Сергіту сәті.(1 мин)

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.


V. Сабақты бекіту:

«Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс) (3 мин)
Отбасымда ең сыйлы _____
Ең қымбатты ____________
Ең ақылды ______________
Ең сүйкімді ______________
Ең құрметті ______________
Ең құнды ________________
Ең қажетті _______________


VI.Қорытындылау: Кері байланыс (3мин)

  Біз не білдік?


Отбасы -әр адамның шағын   отаны. Отбасы шағын-мемлекет. Отбасын және отбасы мүшелерін сыйлау, құрметтеу әр адамның міндеті! Отбасымыз аман болсын!


VII. Үйге тапсырма: 12- тапсырма. (38бет)

Өз отбасыларыңның суретін салып келіңдер.


VIII.Бағалау. Оқушыларды  бағалау. Мадақтау.






.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі