Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер
ауданы білім бөлімінің «Балапан»
бөбекжай-бақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорыны
«Отбасылық құндылық – тәрбие
негізі»
Ата-аналармен өткізілетін
жұмыс
Тәрбиеші:Төлеген Шынаргүл
Серікқызы
Есбол
2024
«Отбасылық құндылық – тәрбие
негізі»
Ата-аналармен өткізілетін
жұмыс
Мақсаты:
Отбасында «Ұлттық құндылықтарды»
дәріптеу.
Міндеті:
Ата-ананың баламен қарым-қатынасын нығайту
.
Отбасында балаға ұлттық құндылықтар туралы
үйрету.
Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты
арттыру.
Жоспары:
Ата-аналар өз қалаулары бойынша таңдаған
оюлары арқылы амандасып
,танысады..
Сергіту
сәті
Оюдың ерекшеліктеріне байланысты ата-аналарды
топқа бөліп отырғызу.
Үстел үстіндегі суреттер бойынша мақал –мәтел
құрастыру.
Үш топқа бөлінген ата-аналарға шар арқылы
ойын ойнату.
Шараны
қорытындылау.
Кіріспе
Ата - ананың басты - қазығы,
алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім
орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты,баланы дамытып қана қоймай, оны
өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, ұлттық құндылықтарды
үйрете отырып тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -
жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым
қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық,
әділдік, ұйымшылдық қасиеттері болуы өте
маңызды.
Ата-аналар өз қалаулары
бойынша таңдаған оюлары арқылы аттарын атап , амандасып ішке
кіреді.
Ата - аналар ортаға
дөңгеленіп тұрады.
«Оюды қимылмен жаса
»
Сергіту
сәті
Топқа
бөлу
Оюдың ерекшеліктеріне қарай
топқа бөлініп отырғызылады.
Ойлан,
тап.
Алдарыңызда тұрған суреттерден
қазақтың мақал-мәтелдерін құрастыруларыңыз
сұралады.
Мақал -мәтелдер бізді
ата-бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты.Олардың
әрбірінен ата-бабамыздың бізге қалдырған тәрбиесін көре
аламыз.
-
Ата- бәйтерек,
бала-жапырақ.
-
Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны
ілерсің.
-
Бала тәрбиесі
бесіктен.
-
Отансыз адам- ормансыз
бұлбұл.
-
Бала тілі –
бал.
-
Отанды сүю- отбасынан
басталады.
Ойын «Қызықты
шар»
Көп қағаздармен жасалған үш
шар беріледі.Сыртынан сипап көру арқылы ішіндегі затты табу
керек.
Бұл ойынды ойнатудағы
себебім,балаларыңыздың сыртқы келбетіне ғана мән беріп қана қоймай
ішкі жан дүниесінеде үңілу қажет екенін көрсеткім
келді.
Сұрақ
–жауап
Топтастырылған үстел үстіндегі
киіз үйден сұрақтар алып ,топпен жауап беру.Сұрақтар ұлттық
құндылықтарға негізделген.
1 топтың
сұрақтары.
-
Шаңырақ 2. Кереге 3. Уық
4. Сықырлауық 5.Маңдайша 6. Түндік
2 топтың
сұрақтары.
1.Ер жігіт 2.Сұлу әйел 3.
Ақыл, білім 4. Жүйрік ат 5.Қыран
бүркіт
6. Берен мылтық 7. Құмай
тазы(ит)
3 топтың
сұрақтары.
1.Бала. 2.Әке. 3.Ата.
4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек
ата.
Тапсырма
.
Өлеңді оқу,сурет
салу,көріністен үзінді.
Қорытынды
«Киіз үй» әдісі арқылы бүгінгі шарамызды
қорытындылауға шақырамыз.Отан отбасынан басталады.Қазақи ұлттық
салт дәстүрімізді ұлықтап,ата-дәстүрімізді дәріптеу сізбен ,біздің
борышымыз екенін естен шығармайық. Керегесі кең,уығы мықты,шаңырағы
берік болуы ата-ананың балаға берген үлгі өнегесіне байланысты деп.
Бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.
