400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасылық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзіме, Өзімнің біліктілігімді көтеруге және шыңдауға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясыныңы педагог-психологы

Нұржанқызы Зарина

Тақырыбы: Отбасылық құндылықтар

Мақсаты: 1. Білімділік «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету.
2. Дамытушылық. Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
3. Тәрбиелік Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Әдістері: Пікір алмасу, психологиялық жаттығулар, психологиялық минут, сұрақ – жауап, тыныштық сәті.

Жүргізілуі:  « Жылы сөз» жаттығуы Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Олай болса өзіңіздің есіміңізге сын есім қосып өз бойыңыздағы үш қасиетті кезекпен айтып шығыңыз.
Психологиялық минут. Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келдің? Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып өз көңіл күйімізді айтамыз. Қалғандарымыздың көңіл күйіміз жақсы болса, бір - бірімізге қарап жымиямыз.
Ой жинақтау. Отбасы дегеніміз не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.

 Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

Бала тәрбиесі бесіктен.

Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

Соңында оқушыға «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында қысқаша эссе жаздырамыз.

Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі