жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасылық құндылықтар ( ашық сабақ)
|
6-сынып қазақ әдебиеті |
|||||||||
|
Бөлім атауы |
2-бөлім.Ұлттық және отбасылық құндылықтар |
||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
7-8-сабақ. Отбасылық құндылықтар |
||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты |
0.6.2.5.1-мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты,көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.ӘТН2 - екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, ой екпіні,дыбыс екпіні) сөз және сөйлем ішіндегі орынды қолдану. |
||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар: Отанға деген құрмет отбасынан басталатынын, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру - экономикалық, дипломатикалық, тәлім тәрбиелік қызмет атқарғандығын оқып біледі; жаратылыстың сұлулығы туралы ұғымдары және сөздік қорлары молаяды, екпін түрлерін орынды қолдануды меңгереді |
||||||||
|
Бағалау критерийлері |
мәтінен негізі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады; екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, ой екпіні,дыбыс екпіні) сөз және сөйлем ішіндегі орынды қолданады. |
||||||||
|
Тілдік мақсат |
Үйдегі алтын адам,жөн-жосығын,қалтқысыз түсінік, тұшымды сөз,ашық қабақ,дәм татыру |
||||||||
|
Дифференцация |
Барлық оқушылар: мәтінен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрасырады,екпінінің түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады. Бірқатар оқушылар: нақтыланған сұрақтарын құрастырғанда екпінің түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады. |
||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Осы сабақ барысында оқушылар интер белсенді тақтаны қолданады. |
||||||||
|
Алдыңғы білім |
Ел тарихының ұлттық құндылығы туралы білімдерін есіне түсіреді. |
||||||||
|
Жоспар |
|||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||
|
Сабақтың барысы 7 минут |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері » Аман болсын отбасым Барлық бала шаттансын. Ынтымақ боп ортамыз, Отбасымыз сақталсын! (шаңырақ бейнесін құру) Сынып үш топқа бөлінеді: «Ата»тобы-«Ата-баланың қорғаны» «Әже»тобы – «Асыл әжем – ғасыр әжем» «Әке,ана »тобы – «Әке –асқар тау,ана - бұлақ» Өткен тақырып –Ел тарихы-ұлттық құндылық.пікір қозғау 3минут Қызығушылықты ояту. Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Отбасы деген не? Отбасылық құндылық деген не?» Суреттер бойынша тақырыпты болжайды. |
Оқулық «Отан отбасынан басталады» суреттер |
|||||||
|
Сабақтың ортасы 20минут |
Тыңдалым/айтылым Оқулықтағы 1-тапсырмада мәтінді мұқият тыңдап,тақырыбын анықтайды,тірек сөздердң табады,көтерілген мәселені айтады. 2-тапсырманы орындайды.Кім жылдам? «Шапалақ» Оқылым. Жұптық жұмыс. 3-тапсырма Оқушылар жұппен мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.Сұрақтарын келесі жұптармен салыстырады.Жұппен мәтінді мәнерлеп оқиды.Бірінші сөйлемді ой екпіні ережесіне сай бірнеше рет оқып,жұбымен талдайды.Бір-бірін бағалайды. Сөздік қор «Білім қоржыны» Үйдегі алтын адам,жөн-жосығын,қалтқысыз түсінік, тұшымды сөз,ашық қабақ,дәм татыру.
|
аудио
Ғаламтор материал дары
Сөздік қор «Білім қоржыны»
|
|||||||
|
рефлексия
10минут
Сабақтың соңы 3минут
|
Бағалау критерийі бағдаршам әдісі Сергіту сәті Б.Бейсенованың «Анажаным»әнін барлық оқушылар орындарынан тұрып орындайды Айтылым 4-тапсырма мәтін мазмұны бойынша өз ойымен бөліседі. Бас бармақ әдісі 5-тапсырма Мәтіндегі ең қажетті ақпаратты анықтайды. Бағдаршам әдісі 6-тапсырма Мәтіндегі ақпаратты өз пікірімен дәлелдейді. «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы рефлексия жасайды. Сабақтың соңында оқушылар: Отбасындағы ата,әке,ана,аға,іні т.б орнын,өз отбасындағы сақталып келе жатқан дәстүрлерді екпін түрлерін қолданып айтады. Стикерге жазады. Сабаққа қатысқан ата-аналардың біреуі отбасындағы баланың орны , тәрбиесі жайында пікірін айтады. Қалыптастырушы бағалау Топтық,жекелеме Үйге тапсырма:1.Оқушылар оқулықтағы 7- тапсырма бойынша берілген сөздерден мақал –мәтелдер құрастырып жазады. 2. Менің отбасым-менің мақтанышым” тақырыбында эссе жазу. Қорытынды: Отбасы-жылы ұямыз,тірегі –ата-анамыз!
|
слаидтар
Тілдік бағдар
|
|||||||
ШҚО Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Енсебаева Жулдуз Шакоровна
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген