«Жанұя- қорғаным, ата-ана –тірегім»
( отбасылық сайыс)
Мақсаты
: Ата-
ана, мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара
көмекке, ынтымақтастыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Баланың
қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі
: интерактивті
тақта,суреттер,мақал-мәтелдер,
Барысы
: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті»,
«балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы,
отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың
болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы
отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса, осы
сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға
шақырайық.
Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар! « Жанұя- қорғаным, ата- ана
–тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса, осы сайысымызға қатысушы
отбасыларымызды ортаға
шақырайық.
1 жанұя. Дана және қызы Нұрила
ардақты ана, құрметті ұстаз, асыл жар.
2 жанұя.Гүлмира ұлы Дәулетпен
Адал жар, қымбатты ана, құрметті ұстаз.
3 жанүя. Қарлығаш және қызы Ақбаян.
Ардақты ана, асыл жар, ибалы келін
4 жанұя. Мөлдір және қызы Гүлсезіммен
Асыл ана,аяулы жар,инабатты келін
5 жанұя Күлән және ұлы Нұрбек
Осы қатысушылардың бәрі де бір-бір шаңырақтың ұйытқысы, береке,
бірлікті қамтамасыз етіп жүрген аналар. Қошемет көрсетейік.
Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.
I кезең. Таныстыру.
II кезең. Кім тапқыр?
IIIкезең. Мақал-мәтел аукционы.
IY кезең. Анамның қолы. (ойын)
Y кезең. Сазды конкурс.
YI кезең. Пед.жағдаят.
YII кезең.Шаңырақ.
Әр мемлекетте өз ұраны болады. Жанұя да шағын
мемлекет,сондықтан да « Жанұя ұранын» орындайық.
«Жан досым» әнінің әуеніне салып орындалады.
Қиналғанда арқа сүйеп жүретін,
Жанұядан барма басқа сүйеніш?
Қуансамда бірге жүріп қуанып,
Тірегімсің, ақылшымсың бір өзің!
Жанұям, үстем болсын мерейің,
Табылмас жанашырым өзіңдей!
Бірлік пенен татулық,
Амандық пен денсаулық
Болсын бізбен әрдайым!
I кезең. Таныстыру. ( Жанүя- менің мақтанышым)
Жанұя туралы мағлұмат беріп, таныстыру.
II кезең. Кім тапқыр ? «бауырсақ », «кемпірқосақ», «жұмыртқа»,
«қырыққабат»сөзінен сөз туындату
III кезең.Мақал- мәтелдер аукционы. Мақалды аяқтау.
1.Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Кімнің жақын-алысын,іс түскенде білерсің.
2.Жыласуға көз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
3.Әдептілік белгісі-.............. иіліп сәлем
бергені.
4.Әдепті бала ата- анасын мақтатар, ....................әдепсіз
бала ата-анасын қақсатар.
5.Күннің шуағы жылы-............ ананың құшағы жылы.
6.Алып- анадан,
Ат-биеден.
7.Айға жетпес асыңды,
Ауылдастан аяма.
8.Сіз,біз деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
9. Қарағайға қарап тал өсер
(Қатарына қарап бала өсер)
10.Балаға пышақ бермесең бір жылар,берсең екі жылар.
11.Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
12.Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
13.Жақсылыққа жақсылық,әр кісінің ісі,Жамандыққа жақсылық,ер кісінің ісі.
14.Балам-балым,
Баланың баласы-жаным.
15.Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.
16.Өнерлі бала-сүйкімді.
17.Ананың көңілі-балада,
Баланың көңілі-далада.
18.Апасының киген тонын сіңілсі де киер.
19.Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың,
Сыйламасаң жан қинарсың.
20.Уа,құдайым, бала бер,
Бала берсең сана бер.
IY кезең. Анамның қолы ( ойын).
Көзі байлаулы бала анасын қолынан сипап табу.
Y кезең. Сазды конкурс. Әр өлеңге кішкене
сипаттама беру арқылы сол өлеңді табу немесе айтып беру.
1. Кішкентай бала атасының ауылына барғанда, Шопан ата тентегімен
танысады.
( Қошақан)
2. Баланың салған суретінде бейбітшілік бейнеленген. Ол анасының
аман, аспанның ашық болуын, бұлттың төнбеуін қалайды. ( Күн
әлемі)
3. Сабаққа немесе пәнге байланысты ән. Табиғаттың сұлулығын,
әсемдігін мың құбылтып тамашалағанда ауыл еске түседі.(сурет
сабағы).
4. Бұл- бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі . Мұны қолдан ұшырғанда
бүкіл әлемдегі халықты достыққа, ынтымақтастыққа шақырады. ( Ақ
ккөгершін)
YI кезең. Ситуациялық жағдаят. Сұрақтарға жауап беру. Бұл жерде
баға қойылмайды.
1. Баланы ұрған дұрыс па ?
2. Балаңыз сабақтан қайтқанда қалай қарсы аласыз?
3. Балаңыздың айтқанын әрдайым орындайсыз ба?
4.Балаңыз сабақтан 2 алып келді, оған не
дейсіз?
YII кезең. Шаңырақ. ( үй салу). Түрлі- түсті қағаздарды пайдалана
отырып, үй салу,жасау.
Қорытынды.
Ана - бала, бала - ана бір
ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың
бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін
жұлынын
Екеуінің өтсін бірге
уақыты
Әділқазы мүшелері сайыстың алты бөліміне баға
беріп, жалпы ұпай санын санағанша –Айдананың орындауында
«Келші,келші,балашым» әнін қабыл
алыңыздар.
Ата - аналардың
тілегі,
Адам болып
өскенің,
Адамдықтың
тірегі,
Адал болып
өскенің
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттайды.
Мерейлі отбасы,Өнерлі отбасы,Ынтымақты отбасы,Ұйымшыл отбасы,Өнегелі отбасы атағына ие болды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасылық сабақ

шағым қалдыра аласыз