400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасылық сайыс 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңалық орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен




























«ТОЛАҒАЙ»

(отбасылар сайысы)














Өткізген:

Бастауыш сынып мұғалімі Ж.М.Аджибекова











Жаңалық ауылы 2020жыл

Тақырыбы: «Толағай»

Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Толағай жазуы, нақыл сөздер, доп, секіртпе, парақшалар, кедергілер.

Барысы:

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 1 - 4 сынып аралығындағы оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.


1 - жүргізуші:

Денсаулық - ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық - ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық - ол күлуің

Көңіл - күйің жадырай.

Денсаулық - ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.


2 - жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық қане халқым!

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

1. «Бүркіт» тобы.

2. «Тұлпар» тобы.

3. «Шымыр» тобы.

4. «Қайсар» тобы.

5. «Сұңқар» тобы.

6. «Барыс» тобы.


1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Мектеп директоры – Б.Д.Рахимбеков

2. Оқу-ісі жұмысының орынбасары – Омарбекова Светлана Аділхановна

3. Тәрбие жұмысының орынбасары – Бабекенова Асель Қабылқызы

4.Мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы – Упушева Г.К

5.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі- Етекпаев О.О

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

2 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.


1 - жүргізуші:

Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.


2 - жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!


1- жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!


2 - жүргізуші:

Бүгінгі спорттық сайысымыз 9 кезеңнен тұрады.

1.«Таныстыру»

2. «Кім жылдам?» сайысы

3. «Ыммен түсіндіру» сайысы

4. «Жеңіске жету» сайысы

5. «Футбаскет» сайысы

6. «Қақпашы» сайысы

7. «Кім көп секіреді» сайысы

8. «Су тасушы» сайысы

9. «Адаспай табу» сайысы

«Шынықсаң шымыр боласың» демекші, сайысымызды бастамас бұрын дене жаттығуларын жасап денемізді шынықтырайық Флешмоб орындайық.


Ал енді топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық. Әр сайыстан кейін әділ қазылар алқасы бағаларын беріп отырады.

1 - жүргізуші: 

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз


1 турымыз отбасымен таныстыру (топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

Топтардың ұпай санын беріп өтсеңіздер

2-жүргізуші:Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен - тек жоймайық!

Олай болса, екінші турымызға өтеміз.


2-тур:«Кім жылдам?» сайысы. Әкесі допты еденге ұрып кедергілерден өтіп кольцоға түсіреді де сол жерде тұрады, анасы да допты еденге ұрып, кедергілерден өтіп кольцоға салады да сол жерде тұрады. Балалары кезекпен допты қолдарына ұстап, кедергілерден өтіп әкесі мен анасына береді олар кольцоға кезектесіп салады . Сәт сапар, бастаймыз!


3-тур: «Ыммен түсіндір» сайысы. Әкесі орындықтағы шарды отырып жарып, ішіндегі сөзді ыммен көрсетеді, 1 минут ішінде анасы басқа балалармен жауабын айтады. Келесіде анасы орындықтағы шарды отырып жарып ішіндегі сөзді ыммен көрсетеді әкесі балаларымен жауабын 1минут ішінде табуы қажет


4-тур: «Жеңіске жету» сайысы. Бұл жерде әкелері қатысады. Жайылып тұрған матрастың үстінен домалап барып үстелдің астынан өтіп, қайтадан матрастың үстінен домалап бір рет лақтырылған жебемен шарды жаруы керек


5-тур: «Футбаскет» сайысы. ойынның шарты: Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Келесі сайыс қатысушысы допты аяғымен теуіп барады да, қабырғаға соғады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Анасы допты алып баскетболдағыдай жерге ұрып отырып барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек.Ереже түсінікті болса бастайық.


6-тур: «Қақпашы» сайысы. Ойынның шарты: Бұл ойында топтың бір мүшесі топтарына қарама-қарсы 7 метр жерге барып қолына шелек ұстап тұрады. Қалған ойыншылар біртіндеп волейбол добын лақтырады. Шелек ұстаған ойыншы лақтырған допты қолындағы шелекпен қағып алуы керек.

Сәт сапар, бастаймыз!

7-тур: « Кім көп секіреді?» сайысы. (Әкелер қанарды киіп кедергілерден өтіп келеді. Аналары секіртпемен секіріп кедергілерден өтіп қайтып келеді. Балалары қасықпен шарикті алып кедергілерден өтіп барып келеді. Кішкентай балалар жай жүгіріп кедергілерден өтіп келеді)

8-тур: «Су тасушы» сайысы: Анасы су құйып беріп тұрады балалары ыдыстағы суды төкпей, велосипедпен кедергілерден өте отырып, әкесіне алып барып ыдысты толтырады.

9-тур: «Адаспай табу» сайысы: Әкелерінің көзін байлап қойып аналары орындарында тұрып айтуы бойынша затты тауып командаға алып келеді.

1 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыстан ренжімей

Тараса бізге жарады -

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарымызды анықтау, марапаттау кезі әділқазылар алқасына беріледі.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)


2- жүргізуші: 

Құрметті қонақтар
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз.
«Толағай » отбаслар сайысына қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі