Материалдар / Отбасылық сайыс "Отбасы алтын діңгек" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасылық сайыс "Отбасы алтын діңгек" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық педагокикалық оқу-тәрбие барысында қолдану,ата-ана, оқушы ұстаз ұжымын ынтымақтастандыру, ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.Отбасылық сайыс 4 кезеңнен тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
1004
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады























5 - сынып































Тақырыбы: Отбасы-алтын діңгек

Өткізу мақсаты: Халық педагокикалық оқу-тәрбие барысында қолдану,

Ата-ана, оқушы ұстаз ұжымын ынтымақтастандыру.

Ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.

Формасы: Отбасылық сайыс



Өткізу шарты: І бөлімнен және 4 кезеңнен құралған

І кезең: «Жеті атасын білген ар,

Жеті жұртын білген ар,

Жеті жұрттың қамын жер»

ІІ кезең: «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы жаман болса, бала солардан»

«Халық тәләм-тәрбие бастауы».

ІІІ кезең: «Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған».

ІVкезең: «Қыз анадан үйренбесе өнеге алмас,

Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес».


Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады.

Ортаға І және ІІ жүргізуші шығады.

Жүргізу барысы:

І- жүргізуші:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Отбасы» басталса,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

ІІ- жүргізуші:

Біздер бүгін көрмеген,

Салт-дәстүрім өшпеген.

Үйренеміз дәріптен,

Заманында өрлеген.

І- жүргізуші:

Той деп бүгін көңіл, шіркін тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Мектебімізде, бүгін болар сайыстың

Сөзге жүйрік жыршы бетін ашады.

ІІ- жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар.

Бүгін міне біздің оқушылардың ата-аналарының қатысуымен болатын «Отбасы-алтын діңгке» атты сайысын бастауға рұхсат етіңіздер! Осы отбасылар қадамы құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектес білдіре отырып, ортаға шығарайық!

Ортаға «Балбырауын» күйінің әсем әуенімен үш отбасы шығады.

І- жүргізуші: Сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырамыз

Әр отбасы өз орындарына жайғасады.

ІІ- жүргізуші:

Емес пе той халықтың қазынасы,

Бабаның демеу кім ата салтын тастар.

Ортаға әжей шығып шашу шашады.

Қазылар алқасымен таныстыру.



І- жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым.

Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізде.

ІІ -жүргізуші:

Жаңардағы сананың,

Ұмытады мұны кім?

Ата-салтын бабамның

Алып келді осы күн.

І- жүргізуші:

Мәңне толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

ІІ- жүргізуші:

Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан ұмытпаған ата салтын.

Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан.

І- жүргізуші:

Ал, енді қонақтар, сайсымыздың шартына тоқтайық. Сайыс І бөлімнен 7 кезеңнен тұрады.

І- кезең:

Жеті атасын білген ер, жеті жұртың қамын жер.

(Әр отбасының өзін-өзі өлеңмен және әнмен, не қара сөзбен таныстыру).

ІІ- кезең:

ІІ- жүргізуші:

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған.

Жақсы, жаман болса солардан.

(Әр отбасы келіп тапсырмалар алсын).

Әр отбасы ковертті таңдап, ондағы тапсырмаларды орындайды.

Әр отбасына 3 тапсырмадан.

Тапсырмалар:

І- тапсырма:

1. «Асар» мен «Қол үшін беру» салтының мазмұнын түсіндіріңіз. Айырмашылығын атаңыз.

2.3арсыз, 3жамандықты атаңыз.

3. Балаңыздың бойынан ұлтыңызға тән қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

ІІ -тапсырма:

1. «Бастаңғы» мен «Қызойнақ» мазмұның түсіндіріңіз. Айырмашылығын атаңыз.

2. Жеті жетімге не жатады?

3. Үйде әдет-ғұрып қандай тәрбие бересіз?


ІІІ- тапсырма:

  1. «Қазан жарыс» пен «Қазан шегелеу» салтының мазмұнын түсіндіріңіз.

  2. 2. Үш жұртты атаңыз.

  3. Отбасына өз ұлтыңызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіз?

ІІ- жүргізуші:

Музыкалық ұзіліс «Аққу» биін алыңыздар.

Қазылыр алқасы ІІ кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.


ІІІ- кезең:

І- жүргізуші:

Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған.

Әкелер домбыраға тиек, сұраққа жауап береді, аналар көрпешеге ою ояды, балалар өз өнерлерін көрсетеді;(Әкелеріне сұрақ беріледі)

І -жүргізуші:

Қазылар алқасы ІІІ кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

ІV кезең:

ІІ- жүргізуші:

Қыз анадан үйренбей неге алмас,

Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес.

Дәстүр-салт, ғұрыптардан көрініс көрсету. «Тұсау кесер», «Ат қою», «Бесікке салу».

Музыкалық ұзіліс: «Сыған» биін қабыл алыңыздар.

Қазылар алқасы ІV кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

V кезең:

І- жүргізуші:

Балаларға өнер, білім берілсін,

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Әр отбасының тамашалу, балалар мақал-мәтелдер сайысқа түседі.

.

Музыкалық ұзіліс: ән «Анашым».

Қазылар алқасы V кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

VІ кезең:

ІІ- жүргізуші:

Асты келін-берекелі келін.

Бұл кезең үй тапсырмасы «Қазақы ас» мәзірін дайындау.

.

Қазылар алқасы VІ кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

І- жүргізуші:

Қазылар алқасы, енді жалпы ұпайды айтып, жүлдегерді атаңыздар.

ІІ- жүргізуші:

Ендігі сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына береміз.

І- жүргізуші:

Ендігі сөз кезегін «тіл білгірі» үйірмесінің жетекшісіне береміз.

Қорытынды сөз сынып жетекшісіне беріледі.

Біздің осындай ибалы да инабатты аналарымыздың көрегенді , салмақты әкелеріміздің балаларының да, мәдениетті, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, білімді, ұрпақ болатына, осы ұрпақ арқылы, болашақ жастарымыз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енетінімізге сенемін. Сіздерге көп-көп рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!