400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасылық сайыс" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтар әр мұғалімдерге тәжірибе алмасу және әдіс-тәсілдермен алмасу үшін аса қажет.Осындай ашық сабақтар арқылы мұғалім өзінің жұмысындағы шығармашылығын дамытуға және қорытынды жасауға көмектеседі.Осындағы қолданылған әдіс -тәсілдер жаңартылған бағдарламаға сай жасалған. Сол себепті осы әдіс-тәсілдермен өзге әріптестеріммен бөлісу мақсатында жариялаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өнерлі отбасы» отбасылық сайысы. 

Мақсаты: 1.Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту.

2.Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

3. Мектеп-отбасы-бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру. 

Көрнекілігі: слайд,суреттер.

Барысы:

Жүргізуші: 


Ата-ана болса өрнекті,

Ұл мен қыз өсер көрнекті.

Әуезов Мұхаң айтқандай:

Түзейік бесік-жөргекті.


Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің 3 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Өнерлі отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

3а сыныбынан Қайсарұлы Амир отбасымен

3ә сыныбынан Жанысбай Дамир отбасымен

3б сыныбынан Амангелді Әділет отбасымен

3в сыныбынан Шинасыл Ирем отбасымен

3г сыныбынан Сарқытбай Нұрай отбасымен

3д сыныбынан Асубай Кәусар отбасымен

Жүргізуші:

Келді міне бүгін сынауға

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстыру.

1.Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары:

2. .Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

3. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнен кейін бағалап отырасыздар. 
Бүгінгі сайыстың беташарын бимен ашайық.

Сахна төріне 3сыныптың қыздары «Қызыл телпек» биімен шақырайық!


Сайыс кезеңдерімен таныстыру


Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады.


1. «Тегін білу тектілік» таныстыру сайысы.

2. «Өнерлі өрге жүзер» атты өнер сайысы.

3 бөлім- Білім сайысы. (Мақал-сөздің мәйегі мақалды жалғастыру).

4-бөлім- Ас мәзірі.

Жүргізуші: 1-кезең «Тегін білу тектілік»

таныстыру.

Отбасымыз келіп жетті танысуға

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен ізетпен танысуға- әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді. 


Әділқазылар таныстырудың бағасын беріңіздер. 


Ән : «Қыз бала гүл» 3 сыныптың білім алушысы Тұрсұнқұл Шұғыланың орындауында тамашалаңыздар.


Жүргізуші:

2-кезең «Өнерлі өрге жүзер» атты өнер сайысы

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында- демекші ана мен бала арасындағы ән өнерлерін тамашалайық. Сахнада өз өнерлерімен
Әр отбасы шығады.

Әділқазылар өнердің бағасын беріңіздер. 

Ән : : «Ана туралы» 3 сыныптың білім алушысы Мұхазия Ізеттің орындауында тамашалаңыздар.


Жүргізуші: 3 кезең «Білім сайысы»

Шебер болса тіл байып

Шешендіктер бір ғайып

Мақал- мәтел үйреніп

Тілімізді шындайық-деп кезекті «Білім сайысы» отбасылардың мақал-мәтелді жалғастыру сайысына кезек берейік. 

Ойын шарты: шарды жарып ішіндегі тапсырмаларды орындау керек.Яғни онда тапсырма бар анасына,ал оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Мақал-мәтелдер

  1. Ер бала ата-анаға таяу, 

Қыз бала үйге жаққан бояу. 

  1. Ананың ізін қыз басар, 

Атаның ізін ұл басар. 

  1. Анаңа ауыр сөз айтпа, 

Атаңа ауыр жүк артпа. 

  1. Ұяты жоқ - ұл жаман, 

Қылығы жоқ - қыз жаман. 

  1. Балам-балым

Баланың баласы –жаным.

  1. Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар

Жұмбақтар

  1. Маған да, саған да,
     Жақын туыс бес адам.
     Үш әріптен тұратын.
     Онға оқы, солға оқы
     Өзгермейді еш одан.
     Бәрі-де өз жұртың
     Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)

  2. Дегенімді жасайтын
    Қалған тамағымды асайтын
    Ертіп алып жетектеп
    «Немерем» – деп атайтын? (әже)

  3. Бала бала, бала деп,
    Түнде шошып оянған
    Түн ұйқысын төрт бөліп
    Түнде бесік таянған.
    Қолын қатты тигізбей,
    Кірлі көйлек кигізбей.
    Иісін жұпар аңқытқан.
    Бұл кім? (ана)

  4. Атаңның баласы,
    Кей кезде таласып.
    Қаласың әжеге
    Білгенің асады кәдеге.
    Ол кім? (әке)

  5. Айтары мол ғұлама,
    Көп жасасын бұл адам,
    Әкесі ол әкеңнің
    Білер оны сұраған.
    Ол кім?  (ата)

6. Ертегі айтып беретін

Айтқаныңа сенетін.

Дегеніңді екі етпей

Жаңында сенің жүретін. (әже)



Әділ қазылар «Білім сайысы»кезеңіне баға беріңіздер.


Жүргізуші: 4 кезең-«Дәм-думан»кезеңінде ескере кететін жағдай отбасылар дайындаған ас мәзірін қарап шығуларыңызды сұраймыз.

Иә, жақсылыққа шын сенейік

Отбасыны, бір биікке теңейік.

Ал енді ас мәзірін көрсетсін

Отбасыларға кезек берейік,- дей келе сайыскерлер өздерінің ой қиялдарынан жасаған ас мәзірін көрсетеді.


Әділқазылар таныстырудың бағасын беріңіздер. 

Қорытынды:

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты қоғамдағы отбасының рөлін арттыру, үлгілі отбасының өнегесін насихаттау болатын. Мақсатқа жеткен тәріздіміз. Сайыстың нәтижесін шығарғанша кезекті

әнге берейік.


Ән:


 Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімеген

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.



Жүргізіші:

Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Өнерлі отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі