400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасылық сайыс: «Тәуелсіз елдің шаңырағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптесіме қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасылық сайыс: «Тәуелсіз елдіңшаңырағы»


Мақсаты:Еліміздіңайқынмақсаттарыңбірібәсекегеқабілеттіжасұрпақтыжан-жақтыжетілгенпарасаттыазаматетіптәрбиелеу. Ұлттықтәрбиеніңнегізгіанасүтімен, анатіліменеңалғашбесікжырының. Әлдиіменберіледі. Ал бүрдіршінніңтілге,білімгедегенқызығушылығы,оныңойлауқабілетін, танымдыққажеттіліктерішағынорталықтақалыптасады. Соныңбірайғағышағынорталықтаөткізіліпотырған «Тәуелсізелдіңшаңырағы» сайысы.


Көрнекілігі.Нақылсөздер,нөмірленгенасықтар,сандықша.


Жүргізуші:Құрметті қонақтар,ата-аналар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 27-жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің шаңырағы» атты сайысқа қош келдіңіздер.Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, еліміз тыныш болып, көк туымыз биікте желбіре берсін!

Бүгінгі сайысымызға біздің балабақшамыздың төрт отбасы қатысқалы отыр.

Сол отбасыларыды ортаға шақырайық.


1. Ергалиевтар отбасы.

2. Сарсеновтар отбасы.

3. Арыстановтар отбасы

4.Ахметқалиевтар отбасы


Сайысты Еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер

Әнұран орындалады

Тақпақтар:

Әдемі: Он алтыншы желтоқсан С.Аружан: Тәуелсіздік – ел болу

Ел мерейі тасыған Ынтымақпен өрге озу

Қазақ деген қалың жұрт Еркін және өзге елмен

Бәрін кешті басынан Терезесі тең болу


Алдымен сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1. «Сәлем сөздің анасы»(отбасымен таныстыру)

2. «Өнерлі өрге жүзер»(Өз өнерін көрсету)

3. «Атадан қалған асыл мұра»(Үйдегі көне жәдігерлермен таныстыру)

4. Сұрақ-жауап(Әр отбасы бір-бірлеп әділ қазылар алқасынан сұрақтар алып, соған баласы мен ата-анасы жауап береді)

5. Үй тапсырмасы (Ұлттық тағам мәзірімен таныстыру)


Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейін

1.Балабақша директоры М.А. Джубаева

2.Балабақша әдіскері М.Г. Шарипова

3.Балабақша психологі Г.А. Жангалиева


Жүргізуші :

Той пердесін ашайық

Әннен шашу шашайық

Әнмен күйді төгілтіп

Кеш думанды жасайық!

Тәуелсіздіктұғырыбиікболсын !

Байрағымызәрқашанбиіктұрсын!

Осынаумерекемізқұттыболсын!

Отбасылар өздерін таныстырсын!-деп әр отбасы сандықтан асықты алып, өз нөмерлерін белгілейді.Енді кезек бойынша әр отбасыларды сайысымыздың бірінші бөліміне шақырамыз!


І бөлім « Сәлем сөздің анасы» деп әр отбасы өздерін таныстырады!


1. Ергалиевтар отбасы.

2. Сарсеновтар отбасы.

3. Арыстановтар отбасы

4.Ахметқалиевтар отбасы


Жүргізуші:Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн


Ән «Тәуелсіз Қазақстан»


Жүргізуші :

Өнегелі өссе ұландар

Еліміздігүлдетер

Өнерлерінбайқаңдар

Өздерінкөпкеүлгіетер - депсайыскерлер өзөнерлерінкөрсетеді.


ІІ бөлім «Өнерлі өрге жүзер»(әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді)


1. Ергалиевтар отбасы.

2. Сарсеновтар отбасы.

3. Арыстановтар отбасы

4.Ахметқалиевтар отбасы


Би: «Қазақ биі»


ІІІ бөлім «Атадан қалған асыл мұра»

(Үйдегі көне жәдігерлерімен таныстыру)

Жүргізуші:Көненің көзі саналған

Атадан қалған асыл мұра

Уақытпен бірге жаңарған

Өнеге болып соңғыға-деп атамыздан қалған асыл мұраларымызды көрсетіп,түсіндіріп берулеріңізді сұраймыз

1. Ергалиевтар отбасы.

2. Сарсеновтар отбасы.

3. Арыстановтар отбасы

4.Ахметқалиевтар отбасы


Ән: «Отан»


Жүргізуші:Тәуелсіздік тұғырына 27 жылдың жүзі болды.Содан бері өз ана тілімізде жүздеген балабақшалар ашылып, бүлдіршіндеріміздің ой-өрісі кеңейіп, сұрақтарға жауап беріп, білімге деген қызығушылықтары арта түсуде.Келесі бөлім сұрақ-жауап бөліміне кезек берейік.


4.бөлім Сұрақ-жауап

1.а) Қазақстан Республикасының елбасшысы кім? (Н.Ә. Назарбаев) балаға

ә) ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (16 желтоқсан 1991 жылы) ата-анаға


2.а) ҚР Рәміздерін ата? (Ту, Елтаңба,Әнұран) балаға

ә) Желтоқсан оқиғасының құрбандарын атаңыз? (Ләззат Асанова,Сабира

Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков) ата-анаға


3.а)ҚР елордасы қай қала? (Астана қаласы) балаға

ә)Әнұранның авторларын атаңыз? (Ж.Нәжмеденов, Н.Ә. Назарбаев) ата-анаға


4.а)Басқаламыз Астананың эмблемасы не? (Бәйтерек монументі) балаға

ә)Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров) ата-анаға



Жүргізуші: Қазақтың дархандығын тасытатын

Дұшпан көздің көңілін де басатын

Ұлттық тағам ұлтымыздың белгісі

Ұлттық тағам салтымыздың үлгісі

Дастарханнан бастау алар қашанда

Жомартықттың, дархандықтың көрінісі, - деп ұлттық тағам мәзіріне жол берсек.

5. бөлім:Үй тапсырмасы (ұлттық тағам дайындап алыпкеліп, таныстыру)

1. Ергалиевтар отбасы.

2. Сарсеновтар отбасы.

3. Арыстановтар отбасы

4.Ахметқалиевтар отбасы


Би: «Сарбаздар»


Әділқазылардың бағалау жеңімпаз отбасыларын мадақтау.


1. «Үлгілі отбасы» отбасы

2. «Өнегелі отбасы» отбасы

3. «Өнерлі отбасы» отбасы

4. «Білімді отбасы»отбасы - номинацияларымен марапатталады


Тәуелсіз еліміздің шаңырағы шайқалмасын,егемендігіміз өркендеп,елдігіміз берік болсын!Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!Қадамдарыңызға нұр жаусын!Осымен сайысымыз аяқталады.Келіп сайысымызға қатысқандарыңыз үшін «Өркен» бөбекжайы атынан мың алғыс білдіреміз


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі