жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері"
Тақырыбы: «Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері».
Мақсаты: ата-аналарды бала тұлғасының қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту бойынша мәліметтендіру.
Міндеті:
1. Ата-аналарды бала психикасының дамуына кері әсер ететін тәрбие түрлерімен таныстыру;
2. Ата-аналардың өз отбасындағы берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы ойландыру.
3. Ата-аналардың өздерін сыртынан байқай алуларын дамыту.
Ата-аналар жиналысының барысы:
-
Баяндама «Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері».
-
ІІ-ші тоқсан қорытындысы.
-
Жаңа жыл ертеңгілігі және әртүрлі сұрақтар.
-
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
Психологиялық дайындық
Қазір біз орнымыздан тұрып қимыл-қозғалыс арқылы мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1. Газет, журналдардағы мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
- «иә, үнемі» десеңіздер – қолыңызды шапалақтаңыз;
- «кейде» десеңіз – аяқтарыңызды топылдатыңыздар.
2. Балаңыз бос уақытында көбінде қайда болады?
- «үйде» десеңіз қолымызды төбеге қойып үшбұрыш көрсетеміз;
- «қоршаған орта, қоғам десеңіз» (муз.мектеп, сурет, спорт секциялары) қолды алдымызға созамыз;
3. Отбасыңызда балаңызды тәрбиелеу жауапкершілігі кімде?
- «әке» десеңіз, қолды алдымызға созамыз.
- «шеше» десеңіз, жымиыңыз
- «екеуі» десеңіз, қолыңызды шапалақтаңыз.
І-сұрақ Баяндама
«Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз – қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз»
В.А.Сухомлинский.
Бала – ол мәңгілік жол. Адамзат тұқымының құтқарылуы дәл балаға байла-нысты. Неліктен?
Себебі бала келешекте өмір сүру қажет.
Бала жаны – сарқылмас мол қазына.
-
Сіз өз балаңызды болашақта қалай көресіз?
(мінез-құлықтың қандай ерекшеліктерді меңгеруі керек?
- Сіз қандай сапаларды қалайсыз?).
(Желімқағазының көмегімен ата-аналар жүректерді үлкен ыдысқа салады).
- мейірімді, ақылды, күшті, әділ, салауатты, қамқоршыл.....
- Байқап қараңыздаршы, бала жаны қандай әдемі, ашық!
- Біздің үлкен жүрегіміз сынып, жарылып қалмай, одан әрі қарай байыту үшін сіздің балаңыз өмір сүретін отбасыңызда бала өзін тұлға ретінде сезіне алатын, өзінің маңыздылығын растай алатын орны болу керек. Отбасы алғашқы сүйіспеншілік, түсінушілік, сенім сабақтарын қалыптастырады.
Отбасы мәселесі барлық уақытта да адамзатты толғандырған. Әрбір отбасы өз баласын қалай тәрбиелеуді өзі шешеді. Бұл мәселе бойынша бірыңғай ой жоқ. Әрбір ересек адам бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Балалық шақ- педагогикалық әсер етулерге бағынатын кезең. Балалық шақта тұлға гармониясының бағыттары, негіздері қалыптасады.
Ата-аналар үшін міндеттердің бірі - олардың бала тәрбиесі бойынша міндеттері.
Дәл осы шақта ата-аналарға баланың болашақта қандай болатыны тәуелді: мейірімді немесе жауыз, бейімделгіш немесе төзімді, шыдамды. Отбасында осы айтылған қасиеттер қалыптасады, бұл қасиеттер балаға өмір бойы Тұлға болуына ықпал етеді.
- Сіздер ата-аналар балаға махаббат, жылулық, қолдау, түсінушілік, қамқорлық, мақтау, мейірім мен күлкі сыйлай аласыздар.
Бізден бала күтетінді қалай дұрыс беру керек?
Теріс тәрбиені дұрыс тәрбиеден қалай ажырату керек?
Біз тәрбиелейміз, балаға пайдалы іс жасаймыз.
Дегенмен тәрбие стилі мен тәрбие типтері мол, осы жерде мен бала психикасына кері жағымсыз әсер ететін типтерге тоқталғым келеді:
Бас тартуға қажет тәрбие типтері:
1. « Отбасы кумирі»;
2. «Гиперопека»
3. «Гипоопёка»
4. «Ежовые рукавицы»
5. «Адамгершілік жауаптылықтың мөлшерден тыс болуы»
1. «Отбасы кумирі».
Ø Баланы сүйеміз.
Ø Баланың кез-келген тілегі-заң.
Ø Балаға таң қалады, әрбір минут сайын бала бойынан талант көреді.
Ø Барлық міндеттерден босатылған.
2. «Гиперопека».
Ø Бала өз ойын білдіре алмайды, ересектердің кеңесіне құлақ асады.
Ø Ата-аналар балалардың әрбір қадамын айтып отырады және барлық жерде бақылау жасайды.
Ø Баланың төбесін көкке шығарып, вундеркинд дайындайды.
Ø Бала шектен тыс жұмыс басты, ата-аналарының үмітін ақтағысы келеді.
Ø Еркінсіз өседі, қарым-қатынас жасауда қиыншылықтар пайда болады.
3. «Гипоопека».
Ø Бала өз бетімен
Ø Өзін керексіз, артық сезінеді.
Ø Уақыт өте келе баланың бар екенін естеріне түсіріп, көңіл аудара бастайды.
Ø Өзі туралы өзі ойлауға мәжбүр болады, қызғаншақ болады.
4. «Ежовые рукавицы».
Ø Балаға бұйрықпен сөйлейді.
Ø Тек қана бағынушылық болады.
Ø Бала мейірімділік пен жылулықты білмейді.
Ø Эмоциональды тұрғыда ашушаң, қарсы шығады.
5. «Адамгершілік жауаптылық жоғары»
Ø Баланың мойнына көп жүк артылады, оның жасына сай келмейтін.
Ø Балаға отбасындағы кіші балалар мен қарт адамдарға қамқорлық көрсету тапсырылады.
- Сіздер ойланып көріңіздер, осы тәрбие әдістерінің қайсысын іздеп қолданасыздар? Ойланып тез уақыт ішінде баламен қарым-қатынас жасау стиліңізге түзетулер енгізуге тырысыңыз. Қазір бала ылғалдылық пен жылуды қажет ететін кішкентай ғана тұқым болса, ертең ол Сізге оларды құртатын құрттары бар жемістер әкелуі мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Балаңыз сізден нені қалайды?
Ø Орындалмайтын уәде бермеңіздер.
Ø Ол үшін оған дос таңдамаңыздар.
Ø Нотация оқымаңыздар.
Ø Көп ұрыспаңыздар.
Ø Сіздерден тек мені жақсы көрулеріңізді қалаймын!
Осы бала жаны өмір сүретін ересектер ортасы қандай болу керек?
Осы кезде Л.Н.Толстойдың « Ата-аналардың басты қателігі- олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын
тәрбиелеуге тырысатындығына» деген қанатты сөздері еске түседі.
- Дегенмен біз барлығымыз қателесіп жатамыз. Әрбір жанның бойында бізге жақсы болу үшін кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттер бар. - Сондықтан өзімізді сыртымыздан байқап көрелік.
Сөзімнің соңын «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ». « Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». /Абай/
ІІ-ші сұрақ бойынша әр оқушыға жеке тоқталу.
Алынған диктант, бақылау, тест жұмыстарының, мазмұндама және шығарма жұмыстарының қорытындыларымен ата-аналарды таныстыру.
ІІІ- сұрақ Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі 28 желтоқсан сағат 10.00-де болады. Сыйлықтар дайындау балаларға және аяз ата қапшығына конфет алу жайлы сөз .
Қысқы демалыс кезіндегі тапсырмаларды орындау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген