жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Отбасылық татулық" ашық сабақ
Меркі
ауданы №34 ЖББМ педагог-психолог.
Нұрмаханбетова Гульнара Абеновна
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп № 34. Мерзiмі: 21.01.2021 ж. Сынып: 5
Тақырыбы: "Отбасы татулығы".
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: мейірімділік, сыйластық, татулық
Мұғалiм: Нұрмаханбетова Г.А.
Сабақ
мақсаты:
оқушылардың отбасы туралы түсініктерін
кеңейте отырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін ашу.
|
Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио,видео жазбалар) |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. 2.Жағымды күйге бөлену. Нұрға бөлеу Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. |
Сабақ барысын талдау:
Волшебная композиция Хрустальная грустьпродолжение |
3.Үй тапсырмасын тексеру. «Менің отбасым» фотоколлаж жасау
|
|
4.Дәйексөз.
«Отбасы – бақыт ордасы»
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? |
2-рет қыз балаларға, 2-рет ер балаларға айтқызу. Дәптерге жазғызу. |
5. Әңгімелесу. Мұғалімнің сыйы
"Бақытты отбасы үлгісі" бейнеролик көрсету
- Видеоролик не туралы? 2. Құндылығын айқындайтын сұрақтар - Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен? 3.Өмірмен байланысты сұрақтар -Табысын 4-ке бөлемін дегеннің астары неде деп ойлайсындар? |
Мұғалімінің сыйы.
бейнебаян
|
6.
Шығармашылық жұмыс. 2-қатар: оқулықтағы 2-тапсырма Мақал-мәтелдер жалғасын тауып, кемпірқосақтарға жалғастырып жазу:
А Атаның баласы болма, ............................ Ата көрген оқ жонар,................................. Ананың сүті бал,......................................... Әке – асқар тау,............................................. 3-қатар: киіз үй бөліктеріне өз ретімен сөздерді жабыстырмалау. Қажетті сөздер; Сүйіспеншілік, қуаныш, әже, ата, бала, немере, әке, ана, береке, байлық, сәттілік, жауапкершілік, бақыт, сыйластық, татулық.
|
Топтық жұмыс: постер қорғау 3 -минут |
7. "Отбасы" ойыны 6 оқушыдан шығып О Т Б А С Ы әріптерінен басталатын сұрақтарға жауап береді 1. Отбасы құндылықтарын ата О Т-татулық Б-бірлік А-ақиқат С-сүйіспеншілік Ы-ынтымақ 2. Отбасымдағы менің міндетім О-оқу Т-тәрбие алу Б-білім алу А-анама көмектесу С-сыпайы болу Ы-ыдыс жуу 3. Отбасы шағын мемлекет болса оның басшысы кім? О-отағасы Т-тәтем Б-бауырым А-анам С-сіңлім Ы-Ырысгүл 4. Бақытты отбасы ол? О-отағасы билеген отбасы Т-тату отбасы Б-бірлігі жарасқан отбасы А-аманшылықтағы отбасы С-сүйіспеншілігі мол отбасы Ы-ынтымағы берік отбасы
|
|
7. Топпен ән айту. «Қос бәйтерегім» әні Әкешім пана болған, Биік шыңын! Үйреткен мына өмірдің, Барлық сырын! Қ-сы Жербетін кезген менен, Сендердің көздеріңнен. 2-рет Төгілген жылылықты Ешкімнен сезбедім мен. Анашым ақ сүт беріп мәпелеген, Кешірген коп кенсе де қәте менен! Қ-сы Анамның алақаны, Әкемнің қарағаны. 2-рет Ұқтырды бізде екенін Бақытқа балағаны! Сендердің арқаларың жүргеніміз, Алаңсыз мына өмірде күлгеніміз. Қ-сы Менің қос бәйтерегім Сендерсіз қайтер едім. 2-рет Әрқашан бірге болсақ, Түгел ғой бар керегім
|
Аудио жазба қойылады. Әні мен сөзі: Серік Бабақанов Мақсат қайырбеков |
9.
Сабақтың соңғы минуты. |
|
таға
қарап -..........., анаға қарап - ........

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген