Материалдар / Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым – қатынас.

Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым – қатынас.

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым – қатынас.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым қатынас.

Мақсаты: Ата – аналарға балалармен сенімді қарым – қатынас негізінде отбасында үйлесімділік құру қажеттілігі туралы түсінік беру.

Міндеттері: Ата – аналарды балалармен үйлесімді, сенімді қарым – қатынас орнатуға ынталандыру; ата – аналардың балалар мен ата – аналар арасындағы сенім туралы түсініктерін қалыптастыру және кеңейту; оқытудың белсенді әдістері арқылы сенімді қарым – қатынас құру дағдыларын дамыту.

Ұлттық құндылықтар: Бірлік пен ынтымақтастық


ЖОСПАР

І. Кіріспе бөлім

Сәлемдесу

Психологиялық дайындық

Топтарға бөлу

ІІ. Негізгі бөлім

«Сенім дегеніміз не?» ми шабуылы

«Өзара түсіністік» бейнеролигін көру және талқылау

«Карусель» әдісі бойынша топтық жұмыс

«Отбасылық үйлесімділіктің 7 сиқырлы кілті» жұптық жұмыс

«Сенгендіктен құлау» жаттығуы

  1. Қорытынды бөлім

Кері байланыс

Рефлексия

Күтілетін нәтижелер

Сабақ аяқталғаннан кейін ата ана мына құзыреттіліктерге ие болады: отбасында сенімді қарым қатынас орнатуға дайын болады; балалармен сенімді қарым қатынас негізінде отбасында үйлесімділік құру қажеттілігі туралы түсініктерін тереңдетеді; отбасында сенімді қарым қатынас орнату дағдыларын дамытады.



Сабақтың ұзақтығы: 60 минут

Уақыты


Мазмұны

Ресурстары

I. Кіріспе бөлім












- Қайырлы күн, құрметті ата аналар, Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті «Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым қатынас» атты сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымызды жақындық сезімі мен командалық рухты қалыптастыруға көмектесу үшін, психологиялық дайындық ретінде сіздерге « Ортақ нәрсені тап» атты жаттығуымен бастауды ұсынамын.

Мақсаты: басқа адамдармен жақындық сезімін қалыптастыру, тренингке қатысушылардың бір – бірін қабылдауы, басқалардың құндылығы мен өзін-өзі бағалау сезімін қалыптастыру.

Нұсқаулық. Тренингке қатысушылар ортақ шеңберде тұрады. Жүргізуші допты шеңбер бойымен «Барлығына мұқият қарап, бәрімізді не біріктіретіні туралы ойлаңыз» деген сөздермен береді.


Допты алған әрбір қатысушы бәріне ортақ бір белгіні атайды. Мысалы: біз бәріміз 3 сынып оқушыларының ата-анасымыз...


Барлық ата – ана баламен сенімді қарым – қатынаста болуды армандайды, мұндай үйлесімділікке қалай жетуге болады? Өз тәжірибелеріңіз, сезімдеріңіз және қорқыныштарыңызбен бөлісуді қалай үйренуге болады? Әрине, оған арнайы «рецепт» жоқ, бірақ баланың ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдер мен психологтердің жалпы ұсыныстары сіздерге, ата – аналарға қажетті мінез – құлық жолын таңдауға көмектеседі.

Топқа бөлу

- Қазір мен сіздерге мына мотивациялық карточкаларды ұсынатын боламын. Сол катрочкаларға сәйкес 3 топқа бөлініп отыруларыңызды сұраймын.


1 Топ № 2 Топ № 3 Топ


Мотивациялық карточкалар арқылы топтарға бөліну, топтар сабақ барысында топ атынан сөйлейтін спикерді таңдайды. Мұғалім сабақ ережелерін еске салады – бір-бірін құрметтеу, уақытты сақтау, қатысушылардың сөзін бөлмеу, топтың әр мүшесі сөйлеу.












Доп немесе

шұмақ жіп






Сенім тақырыбына арналған

карточкалар

1, 2, 3






Балаларының қажеттіліктері туралы ойлайтын, дамуы үшін қауіпсіз кеңістік құратын және эмоционалды жылулық сыйлайтын ата аналар әлемге және өзіне сенетін, адамдарға ашылудан қорықпайтын бала тәрбиелейді. Бірақ егер ата – ана баланы елемейтін болса, оған сезімдерін білдіруге және тілектерін айтуға тыйым салса, ол тұйық және жалтақ болып өсетіні бәрімізге мәлім.

- Құрметті ата – аналар, әр топтың үстелдерінде жатқан тапсырма парақтары, психологтің кеңестері бар жадынамалар мен чек-парақпен танысыңыздар, Содан кейін біз балалар мен ата – аналар арасындағы өзара түсіністік тақырыбына арналған бейнеролик көріп, содан кейін топтарда сұрақтарға жауап береміз.

ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК туралы бейнеролик көру

https://youtu.be/gnKotnIbDAg?si=4_8wBqnstBNLoyCK


«ПОСТЕР» әдісі бойынша топтық жұмыс

Нұсқаулық: 3 үстелде А3 парақтары мен маркерлер, ата-аналарға арналған ақпараты бар чек-парақтары және стикерлер бар. Топ мүшелері тапсырмаларды талқылайды және сұраққа 3 минут ішінде жауап береді, содан кейін уақыт өткеннен соң әр топ ортаға шығады және спикерлерімен бірге өз сұрақтарының жауаптарын талдайды.

Тапсырма парақтары, психологтің кеңестері бар жадынама

лар, чек-парақтар, маркерлер,А 3, стикерлер




Өзара түсіністік туралы

бейнерол.

көру






1 тапсырма «Қандай отбасын үйлесімді деп атауға болады?»

2 тапсырма «Балалар мен ата – аналардың сенімді қарым-қатынасына не кедергі?»

3 тапсырма «Баламен қалай сенімді қарым-қатынас орнатуға болады

Топ спикерлері жауаптарды оқып, бірін бірі толықтырады.

  • Отбасындағы үйлесімділік ата аналар балалармен қарым қатынаста болып, бірін бірі толықтырған кезде ғана пайда болады. Тек күнделікті жұмыс істеу арқылы, атап айтқанда, эмоционалды компонентпен жұмыс жасағанда, әрине, отбасында үйлесімділікке қол жеткізуге болады.

Жеке жұмыс

«Отбасылық үйлесімділіктің сиқырлы кілті» жаттығуы

Отбасы – біздің өміріміздің негізі және отбасы ішіндегі қарым қатынастың сапасы оның барлық мүшелерінің әл ауқаты мен бақыты үшін үлкен маңызға ие. Қарым қатынасты жақсартып, ортақ қиындықтарды бірге жеңу үшін мен сіздерге отбасылық өмірде үйлесімділік пен жақындасуға көмектесетін ситуациялық сұрақтарды қарастыруды ұсынамын.

- Экраннан сұрақтар жазылған «сиқырлы» кілттерді көріп отырсыздар, сіздер осы кілттердің арасынан біреуін таңдап, жасырынған ситуациялық сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: «Түн неге қараңғы?», «Күн қайда кетті?», «Ұшақ қалай ұшады?», «Ауа бізге неге көрінбейді?».....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата – аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік... Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата – аналардың баласының әрбір іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сізді тыңдамай, үнемі сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6. Балаңыз күнде сабаққа барғысы келмей, бірінші сабаққа кешігіп барып, мұғалімнен жиі ұрыс естиді. Балаңыздың осы әрекетін қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс – әрекетіңіз?

9. Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

10. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?

11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

12. Тәрбие мәселесі жөнінде балаңызбен қандай тақырыпта әңгімелесуді қалайсыз?






Shape1










АКТ



Жұптық жұмыс

- Бүгінгі сабақтың теориясын бекіту үшін мен сіздерге жұппен орындалатын «Сенгендіктен құлау» атты жаттығуын орындауды ұсынамын. Бұл жаттығу сенімнің не екенін сезінуге тамаша мүмкіндік береді.

Мақсаты: топ мүшелерін жақындастыру, олардың арасында сенімді қарым – қатынас орнату. Ата – аналарға біз бұл жаттығуды үйде балалармен өткізуді ұсынамыз.


Жаттығудың психологиялық мәні: қарым – қатынас дағдыларын, топ мүшелерінің бірлігін, сенімін дамыту.

Тапсырма: әр топ екі қатарға тұрады, топ мүшелері кезек – кезек қатарда тұрған топ мүшелерінің қолына құлап түсуге тырысуы керек. Топтың әрбір мүшесімен кезек бойынша өткізіледі.


Жаттығуды талдау:

  • Нені істеу оңайырақ болды? Құлау ма немесе ұстау ма?

  • Бұл жаттығуды орындау кезінде сіздерде қандай қиындықтар болды?

  • Сіздің балаларыңыз бұл тапсырманы орындай алады деп ойлайсыз ба?

  • Бұл жаттығу сізге сенімнің не екенін жақсырақ түсінуге көмектесті ме?

  • Құлағанда немесе ұстағанда не сезіндіңіздер?

  • Осы жаттығуды үйде балалармен жәнеде басқа отбасы мүшелерімен орындауға тырысасыз ба?

Қатысушылар тапсырманы орындауға не көмектескенін немесе керісінше ненің кедергі келтіргенін айтады.



  1. Қорытынды бөлім. Кері байланыс.

Сенім – бұл отбасының бақыты мен әр отбасы мүшесінің дамуының негізгі факторы. Отбасында сенім деңгейі жоғары болған кезде, отбасының әрбір мүшесі өзін қауіпсіз және жайлы сезінеді.



Содан кейін оған өз міндеттерін орындау оңайырақ және көңілдірек болады.

Сенім – бұл кез келген тақырыпты талқылауға, өз тілектеріңізді, мәселелеріңізді, пікірлеріңізді айтуға және қолдау алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, сенім – бұл үйренуге болатын дағды.

Сабағымыздың соңында айтайын дегенім, балалар мен ата – аналар арасындағы қарым – қатынасқа деген сенім – бұл қалғанның бәрі негіз болатын іргетас деп айтқым келеді. Бұл – қауіпсіздіктің негізі, баланың ең жақын адаммен өзінің мәселелерімен бөлісе алатындығының, эмоционалды қолдау мен өзінің шамасы жетпеген кезде көмек сұрай алатындығына сенімділігі.

Рефлексияға арналған сұрақтар:

«КАРУСЕЛЬ» әдісі бойынша топтар шеңбер бойымен қозғалады, әр үстелге жақындайды, және рефлексияға арналған сұрақтарға жауап береді, жауаптарды топ спикерлері оқиды.

  1. Сабақ барысында қандай жаңалықтар аштыңыз?

  2. Сабақ барысында сізді таң қалдырған нәрсе болды ма?

  3. Сіз бүгін сабақта алған қандай білім мен дағдыларды өміріңізде қолданасыз?

Білім беру процесіне қатысушылар арасындағы сенім салауатты оқу ортасын және тиімді тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Бұл оқушылардың оқуға деген ынтасын дамытуға, олардың үлгерімін арттыруға және жеке өсуіне ықпал ететін өзара түсіністік, қолдау және ынтымақтастық атмосферасын құруға мүмкіндік береді.

Құрметті ата – аналар, бүгін сіздер үлкен жауапкершілік танытып, алтындай уақыттарыңызды қиып, осы бір тамаша сабағымызға келіп, зор белсенділікпен қатысқандарыңыз үшін сіздерге мың алғыс айтамын және мынадай шағын сыйлығымды ұсынамын.

Осымен Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтары аясындағы «Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым – қатынас» тақырыбындағы сабағымыз аяқталды. Кездескенше аман – сау болыңыздар!








Рефлексияға арналған сұрақтар

парағы











ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Дусбаева Нуржамал
22 Қаңтар 2025
440
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі