400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасым - бақыт мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйіспеншілік,сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу. Балаларды ептілікке өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Отбасым- бақыт мекені.

Мақсаты: сүйіспеншілік,сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу. Балаларды ептілікке өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

-отбасы сүйіспеншілігі,сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

-отбасындағы өзара сыйластыққарым-қатынас дағдыларын дамыту;

-отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Отбасы суреттері бар плакаттар, мақал мәтелдер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

-Амансыңдар ма,балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане,бір-бірімізге қарап,әдемі күлкімізді сыйлайықшы!

Күшікке деген өз сүйіспеншіліктерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

-Бүгін біз «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз.

-Қане,осы аялдамадағы суретке қарап,әңгіме құрастырып көрейікші!

-Бүгін біз бәрімізге қымбат,сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз

  • Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

-Тамаша! Балалар,әжеміз,атамыз,анамыз,әкеміз тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді.

Қане,отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен

Ә. Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып беріп,балалармен бірге қайталайды.

Ойын

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,кезек-кезек сұрақ қойып,допты беремін.

  • Отбасы мүшелерін ата

  • Сен отбасыңда кімді жақсы көресің?

  • Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

  • Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

  • Анаңды қалайжақсы көресің?

  • Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді?

  • Атаң мен әжең саған не үйретеді?

  • Атаң мен әжеңе қандай көмек бере аласың?

Әңгімелесу.

Мен отбасымды жақсы көремін ...

Дәйексөз.

Балаларға «Күннен жылу тарайды,анадан мейірім тарайды» деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік беремін.

Өзіммен –өзім.

Баяу музыка ойналады. Балаларға көздерін жұмып, өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтындарын елестетулерін ұсынамын.

Тыңдайды. Өз пікірлерін айтады.









Өлеңді қосылып айтады.



Сұрақтарға жауап береді



















Әр бала өз ойын жалғастырады.

Рефлексивті – түзетушілік

Бүгінгі тақырып бойынша не білгендері туралы қорытындылауды ұсынамын. Жақсы жұмыстары үшін алғыс білдіремін.

Жаңадан не біліп, үйренгендері жайлы айтады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- сүйіспеншілік,сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін;

Нені игереді

-Ә . Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» атты өлеңінің мазмұнын;

- дәйек сөздің мағынасын:

Нені біледі:

-өз отбасылары туралы әңгімелеуді;

-қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
947
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі