Күні:.
Сыныбы: 11
Тақырыбы: Отбасы, мектеп және қоғам ынтымақтастығы
Мақсаты: Отбасы және мектеп тәрбиесінің жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдастық жолдарын талқылау, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, ата-аналарды бірлескен іс-әрекетке тарту
Түрі: дөңгелек үстел
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер жазылған плакаттар
Барысы:
1. «Шаттық шеңбері»
2. «Әке мен бала» көрініс
3. Тәрбие туралы ой толғау
4. «Сіз не дейсіз?» (жағдаяттық сұрақтарға жауап)
5. «Ойымды айтсам...» (пікір алмасу)
6. «Біздің ойымыз ... » (постер қорғау)
7. Қорытынды (Тілек ағашына стикерге жазылған тілектерін жапсыру)
1. «Шаттық шеңбері» арқылы бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы танысады, топтарға бөлінеді.
2. «Әке мен бала» көрініс көрсетілгеннен кейін ата-аналарға қысқа мәтінде баяндама оқылады.
3. Тәрбие – баршаның ісі, әсіресе ата-аналардың қасиетті борышы. Бұл туралы ҚР-ның Конституциясында айқын айтылған. Халқымыз мұны «Ұлы жол өз табалдырығыңнан басталады» деген, қандай әдемі айтылған сөз. Бар адам да үйден бастау алатын осы кішкене соқпақпен жүріп, үлкен жолын табады. Баланың тәрбиесін мектепке сілтеп тастаған ата-аналар қатты қателеседі. Өз бөбегіңіздің іңгәсін есіткен сәтіңізден бастап, сіздің алдыңызда нәзік те, өте жауапты қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, негізгі мақсаты да жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру. Бала тәрбиесіне жеке адам, мектеп, ата-ана ғана емес, көше, қоршаған орта да үлкен ықпал етеді.
Баланы жастайынан қалай тәрбиелесең, солай өсетіні белгілі. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп атам қазақ айтып кеткен сөзді жадымыздан еш шығармай, есте сақтағанымыз жөн сияқты. Кішкентайынан еңбекке баулып, адал болуға, үлкенді сыйлауға үйрету – ата-ананың басты міндеті. Олай болса, бала тәрбиесіне бей-жай қарамайтын ата-аналар, бүгінгі дөңгелек үстелімізді бастаймыз.
Ата-ананың міндеті
(«Неке және отбасы» кодексінде айтылған)
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;
2. Білім алуына көмектесу;
3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;
4. Ата-аналар жиналыстарына қатынасу, мұғаліммен кездесуі, баласының мектеп өмірімен танысуы;
5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б улы заттарды қолданудың бала денсаулығына зиянды екенін түсіндіру;
Ата-ана жауапкершілігі:
-
Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;
-
Мұғалімді, мектептің педагогикалық ұжымын балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
-
Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;
-
Баланың дұрыс тәрбие алуы үшін өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;
-
Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
-
Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты;
4. «Сіз не дейсіз?» бөлімінде дөңгелек үстелге топқа бөлініп қатынасып отырған ата-аналарға «Кімнен кеткен кемшілік бұл?» және «Бала ойы» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар қойылып, топ мүшелері берілген сұрақтар бойынша ақылдаса отырып, ойларын ортаға салады.
-
«Ойымды айтсам» пікіралысу бөлімінде топтарға сұрақтар қойылады.
1-топқа:
Бала тәрбиесінде соңғы 10-15 жыл мөлшерінде кемшіліктерсіз, келеңсіз құбылыстар мен ағаттықтар етек алып кетті деп көпшіліктің көңілінде орынды алаңдаушылықтар туындауда. Жаңалыққа еліткеннің мәні осы екен деп үлесімсіз киім киіп, оғаш қылық, ауырды айналып өтуге, жеңілдің үстімен жүруге бейім, еңбек еткісі келмейтн жастарды қалай ғана тәрбиесі дұрыс, мәдениетті, жаны сұлу деп айта аламыз. Олардың айқын азаматтық бағдары жоқ, білімі таяз, мұндай жастар әр ауылдан да, әрбір отбасынан да табылып қалады. «Сырты бүтін, іші түтіндер» осындайдан шықпай ма? «Тәрбиенің тал бесіктен бастау алатынын» біле тұрып, тіпті жылына 1 рет мектепке келмейтін ата-аналарымыз да бар. Сіз бұл пікірді қалай түсінер едіңіз? Ата-ана мен мектептің байланысын қалай тығыз байланыстылыққа жеткізуге болады, сіздің ойыңызша?
2-топқа:
Тұйыққа тірелмейтін кез болмайды. Бірақ тығырықтан шығатын жол әрқашанда болады. Егер оқушының бос уақытын дұрыс ұйымдастырсақ, мәселенің бір түйінін шешкендей боламыз. Бұл жолдың бірі - көркем әдебиет оқу. Кітап оқуға құмарлық күнделікті газет-журналдардан басталады. Үйге бірде-бір басылым келмесе, өзің газет-журнал, әдеби кітап оқымасаң, балаңды «Кітап оқымайсың» деп айыптауға бола ма? Міне, бұл жерде де тәрбие басы әке мен шешеге келіп тіреледі. Сіз басылымдарды алдырасыз ба? Балаңыз бос уақытында немен айналысады? Бос уақыттарыңыздағы, дастархан басындағы әңгімелеріңіздің дені не туралы, қандай тақырыпта өрбиді?
5. «Ойымды айтсам...» Ортақ сұрақ. «Бала сезімі – кіршіксіз таза сезім». Бұғанасы қатпаған жасөспірімге тәрбие беру өте қиын. Халықта: «Баланы бес жасқа дейін еркелет, он бес жасқа дейін қосшыңдай, он бестен кейін құрдасыңдай сана» деген әдемі өсиет бар. Адалдық және қарапайымдылық, жолдастық сезім, бірін-бірі сыйлау, басқа да адамгершілік қасиеттердің негізі – балалық шақта, отбасында қаланады. Отбасындағы үлкенді сыйлау, кішіге құрмет дәстүрі жас адамды көпшілік орында өзін-өзі ұстай білуге үйретеді. «Бала тәрбиесі - бесіктен» деген халықданалығы тегін айтылмаған. Көктеп шыққанымен, гүлдемейтін өсімдік болады. Гүлдегенімен жеміс бермейтін ағаш болады. Ал өмірдің қызығы көктеген соң гүлдеу керек, гүлдеген соң жеміс беруі керек емес пе? Ата-ана ретіндегі арың да, абыройың да кішкене солқылдақ шыбықтай өсіп келе жатқан перзентіңе байланысты. Су ішпеген ағаш қисық та тапал боп өседі. Жақсылықтың шапағаты, ізгіліктің нұры бала бойына дарып, зерделі де биік болып өссе екен дейсің. Адамдықты сезінген, жылылықты ұғынған бала жақсы азамат болып өсері анық. Осы орайда, құрметті ата-аналар, сіздердің пікірлеріңіз қандай?
6. «Біздің ойымыз... » постер қорғау бөлімінде топтарға арнайы тақырыптар беріледі, сол тақырып төңірегіндегі ойларын қағазға түсіріп, ортаға шығып постер қорғайды.
1-топқа: «Балаларыңыздың болашақта қандай болғанын қалайсыздар?»
2-топқа: «Баланың мінез-құлқының өзгеруіне тікелей әсер ететін не?»
7. Қорытынды бөлімінде тілек ағашына ата-аналар стикерге жазылған тілектерін жапсырады. (Ұсыныс-пікірлерін ортаға салуға болады. ) Құрметті ата-аналар, олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болсын десек, мектеп, ата-ана, қоғам болып бірлесе жұмыс жасайық. Келіп пікірлеріңізбен бөліскендеріңіз үшін көп рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Отбасым - бақыт мекені" дөңгелек үстел

шағым қалдыра аласыз