жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Отбасым - берекем"
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Отан - Отбасынан басталады» атты отбасылық сайыс
Мақсаты: Балабақша мен ата –аналар арасында ынтымақтастық орната отырып, ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті, адалдықты, ізеттілікті қалыптастыру.
Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар және де ұстаздар! Бүгінгі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Отан Отбасынан басталады» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең — өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын.
Әжең асыл ардағың,
Атаң дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын – деп, ортаға қатысушы отбасыларды шақырайық:
-
Ерболатқызы Аружанның отбасын ортаға шақырамыз
-
Рысқали Дәулеттің отбасын ортаға шақырамыз
-
Съез Нұрайдың
-
Жарылғап Еңлікің
-
Балтабай Дәуреннің
-
Бурхан Айзеренің
-
Орынғали Нұрасылдың
-
Оразалы Рахымжанның
-
Амангелдіұлы Азаматтың отьасын ортаға шақырамыз
Өнерпаздар өнерін
салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. «Болашақ» балабақшасының директоры Б. Г. Тоқсанбайқызы
2. «Болашақ» балабақшасының әдіскері Амирова Нұргүл Әнуарбекқызы
3. «Болашақ» балабақшасының қызметкері Бисалиева Балғаным апай
Аналар бар өнерін салары
анық,
Өнегелі тәлімді алған
қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін
мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп
жарып.
Сайыс
бағдарламасы бес бөлімнен
тұрады:
-
Таныстыру (отбасы мүшелері түгел шығып өздерін таныстырады)
-
Менің отбасымның тарихы (отбасы тарихын, шежіресін таныстырып шығады)
-
Отбасының сүйікті тағамы (отбасының сүйікті тағамын көрсетіп таныстырады)
-
Отбасы қызықтары (балабақша педагогтарының дайындаған ситуациялық сұрақтары мен қызықты ойындары)
-
Өнерлі отбасы (отбасы өз өнерлерін көрсетеді ән, би, сахналау, ерекше өнер түрлері)
Қай отбасы 1ші бастайтынын мына қоржыннан алған сандарыңызға қарай белгілі болады.
Ата аналар дайындала беруге рұқсат.
Отбасымыз келіп жетті
танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға, деп Таныстыру бойынша ... отбасын ортаға
шақырамыз.
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой.
«Отан отбасынан басталады» сайысында,
Көрейік тамашаны, сергісін бой, деп Келесі кезең Менің отбасымның тарихы бойынша ... отбасы ортаға шақырамыз.
Ата аналарымыз келесі кезеңге дайын болғанша № 5 «Ақыл» тобы қыздарының «Қазақ биін» тамашалаңыздар.
«Ас адамның арқауы» демекші келесі кезең Отбасының сүйікті тағамы. Ортаға ....
отбасын шақырамыз.
Ендеше құрметті қонақтар отбасылар дайын болғанша ортаға № 5 «Ақыл» тобының балаларын мәнерлеп оқуға ортаға шақырғым келіп отыр, қошеметтеріңіз.
Өзінің алғырлығын
ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәйгеге білімділік — деп төртінші кезең Отбасы қызықтарына берейік.
Өз балаңды аяғынан таны. Әкелер аталар
Өз балаңды қолынан таны. Әкелер аталар
Өз анаңды тап. Балалар көзін байлап өз аналарын табады.
Баласының не туралы айтып отырғандарын түсіну.
Қошемет, Ата аналарымыз келесі кезеңге дайындалғанша № 4 «Ақсұңқар» тобы қыздарының биін тамашалаңыздар.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған өнерлерін тамашалайық. Ортаға ..... отбасын шақырамыз.
Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың 5 бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.
Ендеше сөз кезегін «Болашақ» балабақшасының директоры Б. Г. Тоқсанбайқызына береміз.
Ата-аналардың
тілегі,
Адам болып
өскенің,
Адамдықтың
тірегі,
Адал болып өскенің, - деп
бүгінгі ҚР Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай ұйымдастырылған «Отан отбасынан басталады»
атты отбасылық сайысымыз өз мәресіне
жетті.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген