«Отбасым – бақыт мекені» кездесу кеші
Мақсаты:
-
Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту;
-
Отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және ашықтықты қалыптастыру;
-
Отбасында баланы бар қалпында сүюге, құрметтеуге үйрету.
Түрі: кездесу кеш.
-
«Әке мен ана болу бақыты аспанан түсетін олжа емес» В.А.Сухомлинский.
-
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде» Жүсіп Баласағұни.
-
«Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес» Қорқыт ата.
-
Шешеге қарап қыз өсер,
-
Әкеге қарап ұл өсер
-
Әкеден – ақыл, анадан – мейір.
Жоспары:
-
Кіріспе сөз
-
Тренинг «Сәлемдесу».
-
Ой бөлісу
-
Жаттығу (сурет салу) «Өзіңді білгің келсе...»
-
Жаттығу «Кім жылдам?»
-
Сергіту жаттығуы
-
Жаттығу «Ата – ана мен бала құқықтары мен міндеттері» туралы
-
Жаттығу «Жұлдызды аспан»
-
Қортындылау
ӨТУ БАРЫСЫ
-
Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті ата – аналар және ұстаздар! Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. Әке – тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Тәрбие – отбасынан басталады,
болашақ ұрпақтың еліне, Отанына
деген
сүйіспеншілігі алдымен ата –
ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен
кіреді» демекші білім бесігі
мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау
алады.
Отбасының екі тірегі -
әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға
үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін,
анаңның ақ сүтін өтеу – барлық баланың борышы.
Отбасы – адамзат бесігін
тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы –
ата-ана. Ұлы ақын Абай Құнанбаев:
«Балаға мінез үш адамнан жұғады, біріншіден – ата – анасынан,
екіншіден – ұстазынан, үшіншіден – құрбы - достарынан» дегендей, ең
алдымен ата – анаға ұқсас мінез пайда болатынын, отбасындағы
тәрбиенің жоғары болуы керектігін көрегендікпен
айтқан. «Жас шыбықты қалай исең, солай
өседі» демекші баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда
оларды дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,
баланың бойында табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім
алуына жағдай жасау - ата - ананың
басты-парызы.Отбасы – балаға өмір мақсаты
мен құндылықтары туралы мағлұмат беретін және мінез – құлық
мәдениетін қалыптастыратын алғашқы ұжым. Бүгін мектебімізде
өткізіліп отқан «Отбасым – бақыт мекені» атты кездесу кешіне қош
келдіңіздер.

2.Тренинг «Сәлемдесу».
Қай халық болмасын, қай ел болмасын, бір – біріне жылы мейір мен кеңпейілдікті, достықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі – сәлемдесуінде. Адам баласы қанша да тыныш, бейбіт, бір – бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандағы. Сондықтан сәлемдесу – әдептілік қана емес, имандылықтың да нышаны, белгісі ретінде қабылданған.
Ата – аналар, Сізді «Сәлемдесу» тренингісін орындауға шақырамыз. Барлығымыз бір – бірімізге қарап амандасу түрлерін жасайық:
1) жай амандасу
2) таңданып амандасу
3) менсінбей амандасу яғни (Бастықпен амандасу)
4) Шын көңілмен күліп амандасу
3.Ой бөлісу.
А.С. Макаренко өзінің «Ата – аналар» кітабында: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ – түйек нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ – түйек деуге, ұмытыуымызға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз, қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ – түйектер үздіксіз, күнбе – күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ – түйектен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз» деген. Балаларыңыз мектеп оқушылары болғандықтан, сіздерге әр түрлі ситуациялық сұрақтарды шешуге тура келеді.
Ой бөлісуге арналған сұрақтар:
-
Балаларыңызбен сырласасыз ба? Қай тақырыпта? (жеке өмірі туралы, бос уақытын өткізу т.б.)
-
Балаңызға ұрсасыз ба? Қандай жағдайда?
-
Егер балаңыз дегеніңізді орындамаса қалай түсіндіресіз?
-
Қазіргі кезеңдегі жанұядағы ата мен әже рөлінің маңызы?
-
Отбасының бақыты үшін не керек? (татулық, достық, бауырмалдық, сыйластық, білім , тәрбие, денсаулық, мейірімділік, салауаттылық т.б.)
-
Отбасындағы келеңсіз жағдайларды атаңыз. Сіздің көзқарасыңыз? (арақ ішу, айқай, келіспеушілік, ұрыс – керіс, еріншектік, енжарлық, қатыгездік, мейірімсіздік, қаталдық
-
Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі жыртылып, немесе бет – аузы көгеріп келеді. Сіз не істер едіңіз?
-
Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіздің әрекетіңіз?
-
Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны ұрады, мазақтайды т.б. делік. Сіз не істер едіңіз?
-
Егер балаңыз дөрекі іс – әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиісетін болса. Сіз қайтесіз?
-
Балаңыз тым ашушаң, көңілшек болса. Сіздің іс – әрекетіңіз?
-
Балаңыз өнерлі, бірақ мектептегі іс – шараға қатысуға құлқысы болмаса? Сіз қайтесіз?
4. Жаттығу «Өзіңді білгің келсе...» (сурет салу)

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, гүл, жылан.
-
Егер күн дәл ортасына салынса – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалқы шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты болады.
-
Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
-
Үй – суретте ағаш үй салынса, арманың орындалады.егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштар болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.
-
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды, егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құштар.
-
Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлықта жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түргеліп тұрса еңбекқор адам.
-
Жол – үйге жақын жатса – жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
-
Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыста.
-
Жылан үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны.
-
Суретте қайсысы үлкен салынса, сенің өмірің үшін соның маңызы зор.
5.Жаттығу «Кім жылдам?»
Әр топтан бір адам шығып, қызықты сұрақтарға жауап береді.
-
Сіздің анаңыз балаларыңызға кім болады? (әже)
-
Жаңа дүниеге келген балаға ат қойғанда қандай той жасалады? ( шілдехана)
-
Балаңыздың туған күні?
-
Сынып жетекшісінің толық аты – жөні кім?
-
Екі қыздың баласы бір – біріне кім болады? (бөле)
-
Балаңыздың парталас көршісі кім?
-
Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?
-
Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады? (ата)
-
Балаңыздың сүйікті асы не?
-
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
-
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
-
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
-
Балаңыз қандай өлшемді аяқ – киім киеді?
-
Балаңыз қай жылы мектеп бітіреді?
-
Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?
-
Отбасыңызда неше ұл, неше қыз бала бар?
-
Балаңыздың інісі сізге кім болады?
-
Балаңыздың қай пәнінен оқулығы жоқ?
-
Балаңыз сабаққа нешежде шығады?
-
Апаңыздың ұлы Сізге кім болып келеді? (жиен)
-
Сіздің балаңыз жолдасыңызға кім болады? (баласы)
6. «Сергіту жаттығуы» мектеп психологы: Ахметов Б.Е.
7. Жаттығу «Ата – ана мен бала құқықтары мен міндеттері» туралы
Ата - аналар берілген плакатқа «Бала құқықтары мен міндеттері» және «Ата – ана құқықтары мен міндеттері» туралы жазады.

8. Тренинг «Жұлдызды аспан»
Ата – аналарға түрлі түсті қағаздан жұлдызшалар қиып, жұлдызшаларға мұғалімдерге арналған тілектерін жазып, плакатқа жапсыру ұсынылады. Әр ата – ананың, жылы лебізі осы кештің қортындысы ретінде көрсетіліп, әр уақытта ата – аналардың жүрегі даладай кең, парасаттылыққа толы болсын деген тілек айтылады.

9.Қортындылау
Әке – асқар тау,
Ана – ағып жатқан бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ демекші,
Қадірлі ата – аналар, «Отбасым – бақыт мекені» атты бүгінгі кездесу кешінде әрбір «Отбасы» бақыт мекені болып есептелетіні бәрімізге мәлім, сол бақыт мекенінде қырдың қызыл қызғалтағындай мәпелеп өсіріп отырған жемістеріңіздің қызығын көре беріңіздер.
Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіздер балаға кішкентайынан түзу тәрбие беру керек» деп халқымыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы, ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаға бірдей талап қойылса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
№ 3 Аршалы орта мектебі

Әлеуметтік педагог
Жангабулова Г.С.
Жаппай мектепке қамту бағдарламасы
Жаппай мектепке қамту бағдарламасы бойынша біздің мектепте жалпы 222 оқушы бар, оның ішінде көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы оқушылары саны – 57 оқушы, яғни 28 отбасы. Көп балалы оқушылар саны -31 оқушы, аз қамтылған оқушылар саны – 24, толық емес отбасы оқушылары саны – 2 оқушы.
Жаппай мектепке қамту бағдарламасы бойынша жыл басында көп балалы, аз қамтылған, жартылай толық емес отбасылардан құжаттар жиналып тапсырылған болатын, ауданда жаппай мектепке қамту бағдарламасы бойынша бюджеттен әлі ақша бөлінген жоқ сол себепті балалар әлі тегін ыстық тамақпен қамтылған жоқ.
Келесі жаңа оқу жылынан бастап болады деген үміттеміз. Бірақ бізге сәуір айынан бастап «Аршалы тас» ЖШС бізге демеуші болуына байланысты 1 сыныптап – 23 оқушы, 2 «А» сыныбынан -18 оқушы, 2 «Ә» сыныбынан – 15 оқушы. Барлығы 56 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып жатыр. Жыл соңына дейін осылай болады. Егер келесі жаңа оқу жылында тағыда демеушіміз қаражат жағынан көмектессе бастауыш сынып оқушыларын түгел тамақтандырамыз деп сенеміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Отбасым- бақыт мекені" ата - аналармен кездесу кеші

шағым қалдыра аласыз