400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

«Отбасым- бақыт тұрағы» психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, өз балаларының жан- дүниесінің үнін тыңдай алуға шақыру, отбасы мүшелерінің қарым-қатынастарын дамытуға ықпал етуге арналған жаттығулар;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Қожабақы ауыл

25 орта мектебінің педагог-психологі Қожахмет Гүлбағым Бақытқанқызы



Тақырыбы: «Отбасым- бақыт тұрағы» психологиялық тренингі

Қатысушылар: Ата-аналар

Мақсаты: Бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, өз балаларының жан- дүниесінің үнін тыңдай алуға шақыру, отбасы мүшелерінің қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;

І. Сәлемдесу

«Күлімдеу» жаттығуы

Мақсаты: Көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру, ортада жағымды ахуал орнату

Нұсқау: Қазір біз бір- бірімізбен күлімдеп, жылы шырай таныта отырып, әр түрлі іс- қимылмен сәлемдесеміз.

ІІ. «Әуедегі шар» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылар арасында еркін қарым-қатынас орнату, біріге жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Нұсқау: Қатысушыларды шеңбер бойынша орналастыру.Түрлі-түсті лентаны айнала ұстап , жүргізуші хабарлауы бойынша :

  1. Лентаны жоғары лақтырып, қолымызды екі рет шапалақтау;

  2. Лентаны жоғары лақтырып, қолымызды үш рет шапалақтау;

  3. Лентаны жоғары лақтырып, орнымыздан бір айналып, лентаны қағып алу.



Сұрақ: Алған әсеріңіз?

ІІІ. «Біз біргеміз... » жаттығуы

Мақсаты: Бала жанын түсінуге ,қарапайым нәрсеге қуануға дағдыландыру;

Нұсқау: Қазір алдарыңыздағы ақ параққа сол қолыңызбен «Мен баламды қатты жақсы көремін» сөзін жазыңыз.

Сұрақ: Бұл жаттығу сізге қаншалықты оңай немесе қиын болды?

ІІІ. «Көңілді шар» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың жаттығу арқылы жауапкершілікті түсінуге, қиындықты бірлесе жеңуге және ортадағы қарым-қатынасты арттыруға баулу;

Нұсқау: Қатысушыларды қарама-қарсы тұрғызып екі қолдың көмегінсіз шарды көршісімен бірлесе отырып келесіге жеткізу;

Сұрақ: Бұл жаттығу сізге қалай әсер етті?

Рефлексия. Бүгінгі психологиялық тренингтен алған әсерлеріңізді көрсетілген белгілер арқылы білдіріп кетсеңіздер. Ұнаса – лайк белгісін таңдайсыз, ұсыныс, пікіріңіз болса пікір жазу белгісіне жазамыз, ұнамаса – дизлайк белгісін таңдаймыз, лүпіл білдіргіңіз келсе жүрекшені таңдаңыз.

Құрметті ата-аналар әр адамның өмір сүру тәжірибесі әр түрлі. Дегенмен бала тәрбиесіндегі басты шарт отбасындағы - күнделікті, тұрақты , нақты сабақтастықты үзбеу.





Сондықтанда әрқашан сіздер жылы сөздеріңіз бен мейірімдеріңізді балаға беруге аямаңыздар, уақыт бөліңіздер, себебеі бала біздің- болашағымыз. Бала үшін ең қауіпсіз, ең керемет бақыт тұрағы – отбасы.Әр бала бақытты болуға лайықты. Әр баланың жұлдыз болып жарқырауына сіз болып, біз болып үлес қосайық!

Бүгінгі тренингке қатысқандарыңыз үшін, керемет белсенділік танытқандарыңыз үшін сіздерге алғысым шексіз.Сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.03.2025
185
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12