Хайрушева
Мақпал Насиевна
Батыс
Қазақстан облысы
Бөкей
ордасы ауданы
Саралжын
ауылы
Қ.Сағырбаев
атындағы ЖОББМ-балабақшасының тәрбиешісі
Хайрушева
Мақпал Насиевна
Сабақтың
тақырыбы: «Отбасым-алтын бесігім»
Сабақтың
мақсаты:
Отбасы мүшелерін атау, сұрақ-жауап
арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері
туралы тақпақ оқу, үлкендерді
құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі:
Отбасы суреті, шарлар.
Ұйымдастыру
кезеңі.
-Балалар
біз қайда келдік?
-Балабақшаға
-Қай
елде тұрамыз?
-Қазақстанда
-Елбасымыз
кім?
-Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев
-Елордамыз
қалай аталады?
-Астана
-Балалар
қолдарыңды жоғары көтеріңдерші.
-Төбемізде
не бар?
-Күн
-Күн
не береді?
-Жарық,
жылу
-Ендеше
күннен алған жылуымызды алақанымызға
салып, бір-бірімізге жылылық жіберейік.
Жылулық
шеңбері.
«Біз
қандаймыз, қандаймыз»
-Сонымен
балалар Қазақстан біздің Отанымыз
екен.
-Ендеше
бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз,
яғни екінші Отанымыз Отбасы
«Отан
отбасынан басталады» -деп халқымыз
бекерден, бекер айтпаса керек.
-Ендеше
ата мен әже ауылына жайлауға қонаққа
барамыз.
-Жайлауда
нелер бар?
-Қой,
қошақан, сиыр, жылқы.
-Ендеше,
балалар барлығымыз өзіміз білетін
«Қошақаным» әнін орындайық.
-Міне,
балалар жайлауға ата мен әжеге келіп
жеттік.
-Алдымен
ата мен әжемен амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер
ме, ата, әже!
-Сәлеметсіңдер
ме, кішкентай бөбектерім.
-Балалар
мына кісі ақ жаулықты әже.
-Ал
мына кісі басында тақиясы, сақалы бар
ата.
-Ата
мен әжені сыйлап, құрметтеуіміз керек.
Себебі,
олар үлкен кісілер. «Үлкенге құрмет,
кішіге ізет» деген осыдан қалған
балалар.Отбасына кімдер жатады балалар?
-Ата,
әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас.
Ендеше біздер отбасы мүшелері туралы
өлеңдерімізді, тақпақтарымызды ата
мен әжеге мәнерлеп айтып берейік.
Әжең-асыл
ардағың, Асылы
Атаң-дана
қорғаның.
Сен
бақытты ұлансың,
Бәрі
саған қуансың.
Менің
әжем, жыр әжем, Бегимай
Шуағы
мол, нұр әжем.
Ақ
таяққа сүйеніп,
Аман-есен
жүр әжем
Әже
деген көп шығар, Алихан
Әжемдей
жоқ шығар.
Мейірімді
бұл кісі,
Қандай
ғажап күлкісі.
Менің
әжем ақ әжем, Фархат
Ұл
мен қыздың бағы әжем.
Ертегі
айтып бер десең.
Айтып
берер тағы әжем.
Аппақ
күміс сақалы, Мұхтархан
Жақсы
көрем атамды.
Ардақтаймын
өмірде,
Асқар
таудай атамды.
Атам
менің әманда, Бахар
Кішіпейіл
бол деген.
Ақыл
сөзі санамда,
Мақтанбауды
жөн көрем.
-Жер
бетіндегі ең әдемі, ақылды сендерге
қымбат адам кім?
-Ана.
-Әрине,
ана. Ана деген сөз дүниесіндегі ең
асыл да қымбат. Ананың алдыңда ғалымда,
шахтерда, яғни адамзат баласы бас
иген.
Шашымды
өріп тараған,
Қабағыма
қараған. Аружан
Үлкен-кіші
демейді,
Сыйлайды
оны бар адам.
Баланың
да тірегі, Нұрмұхамед
Дананың
да тірегі.
Ауырмасын
ешқашан,
Аналардың
жүрегі.
Ән:
Анашым
-Жер
бетіндегі бізге қамқоршы, пана бола
білген жан?Ол кім?
-Әрине
әке
Әкең
- өмір тірегің, Али
Анаң-күнің
жүрегің.
Сен
бақытты ұлансың,
Бәрі
саған қуансын.
Алақаны
аялы, Ерхан
Анам
бар жаны саялы.
Кешіре
білген кінәмді,
Әкем
бар менің шыдамды.
Ағаң-қамқор
асқарың, Зарина
Інің-мөлдір
аспаның.
Сен
бақытты ұлансың,
Бәрі
саған қуансын.
Қарындасың-қанатың, Санат
Ел-Отаның
жанатың
Сен
бақытты ұлансын,
Бәрі
саған қуансын.
Әкемізге
еркелеп, Мадина
Анамызды
тыңдаймыз.
Әжем
айтар ертек көп,
Атамызды
сыйлаймыз.
Біздің
үйде ән тарап,
Думандатар
өмірді.
Біздің
үйде салтанат,
Біздің
үйде көңілді
-Жақсы
балалар, барлығымыз ата мен әжені
ортаға алып, сергіту жаттығуын жасайық.
-Көлбең,
көлбең, көлеңкем,
-Көлбеңдеген,
көлеңкем.
-Мысық
қалай жүреді?
-Кім
көрсете біледі?
-Балалар
мысықтың жүрісін салады.
-Мысық
қайда тұрады? –Үйде
-Мысық
қалай дыбыстайды?
-Мияу,
мияу, мияулайды.
-Қане,
бәріміз, мысық сияқты дауыстайықшы.
-Мияу......
-Жарайсыздар
балалар
«Не
жоғалды?» ойынын ойнайық.
Ата
мен әженіде ойынмызға шақырайық.
Сабақты
қорытындылау
Әкем,
анам және мен,
Тату
тәтті тұрамыз.
Сыйластықпен,
махабатпен,
Сауық,
сайран құрамыз.
-Балалар,
отбасына кімдер жатады?
-Ата,
әже, әке, ана, аға, іні, қарындас.
-Үлкенді
сыйлап, құрметтеуіміз керек. Кішіге
қамқор, мейірімді болайық.
-балалар,
бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға
бәріңде жақсы қатыстыңыздар. Ата мен
әже сіздерге сыйлық таратпақшы.