Материалдар / "Отбасым-алтын тірегім" ата-аналарға арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отбасым-алтын тірегім" ата-аналарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу,өз баласын жақсы тану ,көмек,кеңес беру мақсатында ата-аналардың педогогикалық психологиялық білімін көтеру .Ата-ананын бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екендігіне көз жеткізу.Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
1204
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


күні

Ата-аналарға арналған коучинг

Сабақтың тақырыбы:

«Отбасым- алтын діңгегім»

Сілтеме.

«Үштік одақ»байланысын нығайту мақсатында мұғалімдерге арналған нұсқау.

Жалпы мақсаты:

Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу,өз баласын жақсы тану ,көмек,кеңес беру мақсатында ата-аналардың педогогикалық психологиялық білімін көтеру .Ата-ананын бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екендігіне көз жеткізу.Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Оқу нәтижесі.

Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады ,баланың бас ұстазы ата-ана екендігін түсінеді

Негізгі идея.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы –туған ұясы.

Көрнекілігі:

Плакат,маркерлер,стикерлер.

Барысы:


Құрметті ,әкелер!Бүгінгі «Отбасым -алтын діңгегім» тақырыбындағы сабағымызға қош келіпсіздер!

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы ,көз қуанышы –бала. Бала –дербес тұлға .Оның бойындағы табиғи қасиеттер ,адамгершілік құндылықтары отбасында ,мектепте,әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып,әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді.Егер ата-аналар өзара жақсы қарым қатынаста болса ,перзенттері де әдепті ,тәрбиелі болып өседі Халқымыздың «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» дейді деген нақылдың астарында қаншама мән мағына жатыр. Сондықтан да өмірдің өтпелі кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбиелі мен сапалы білім алуына күш салайық.Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап ,оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындап ,бірлесе ,ынтымақтаса әрекет етуіміз керек.Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып ,өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!

«Мен кім?»

Ойын «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Ата-аналар ортаға шеңбер құрып тұрады .Доп арқылы ата-анаға қойылған сұраққа ойланбастан жауап береді.

1.Балаңыздың ең жақын досы кім?

2.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

3. Балаңыздың туған күні қашан?

4.Балаңыздың аяқ киімінің өлшемі қандай?

5.Балаңыздың парталас көршісі кім?

6.Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?

7.Балаңызға ренжіген кезде ең алғаш аузыңызға оралатын сөз?

8.Балаңыздың сүйікті пәні.?

9.Балаңыз кімді үлгі тұтады?

10.балаңыздың ең жақын досының ата-анасының аты кім?

11.Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?

12.Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

13.Балаңыздың сынып жетекшісі кім?

14.Балаңыз спорттың қай түрін ұнатады?

Шығармашылық жұмыс.

I тапсырма Ой қозғау:
Ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын қорғап шығады.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек

ІV- топ. Әр бала бақытты болуы үшін не кажет?

(Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді)


Иә,әрбір ата-ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім тәрбие береді. Бірақ бала тек ата-ананың тәрбиесін алып қана қоймайды. Балаға үш түрлі адамның мінезі беріледі екен. 1. Ата-ананың тәрбиесі.2.Ұстазынан ,өйткені алғаш ес біліп мектеп қабырғасын алғаш аттағанда қолына алғаш «Әліппе »ұстатып өмір жолын салатын ұстазы. 3. Достарынан .Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшелей келе ,олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.Ендеше баланызда үш адамнан алған адами қасиеттері көп болары анық.Десек те баламыздың бойында өзімізге ұнамайтын қасиеттері де кездесіп қалады. Баламыздың бойындағы осы қасиеттерді танып білу үшін

Рефлекция

Отбасы ,ұшқан ұя –жылылықтың ,жылулықтың мекені.Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын деп сабағымызды аяқтайық.





























2. Сөйлемді аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).


Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

Тест «Сіз қандай ата - анасыз?»
1. Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
2. Кейде ғана келісемін – 2 балл.
3. Келіспеймін – 1 балл.

Сауалнаманы бағалау
0 - 16 балл. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16 - 30 балл. Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.
Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30 - 39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Қорытынды 2 минут 
Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінің онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс - тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата - аналармен қоштасамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!