15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Отбасым-алтын ұям" интерактивті жоба
«Отбасым-алтын ұям» интерактивті байқау жобасы
Мақсаты: Ата ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.
Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушыларды отбасындағы сыйластыққа,сүйіспеншілікке,ата-анаға деген құрметке тәрбиелеу.
Көрнекілік: әсем безендірілген зал, компьютерден слайдтар: «Отбасым», «Әулет ағашы», «Қызықты фотослайд»
Жүргізуші:
– Армысыздар, Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Отбасым─алтын ұям» тақырыбымен интерактивті байқау жоба түрінде өткізгелі отырмыз. Замануи ақпараттық технологияны, яғни компьютердің мүмкіншілігін пайдалану арқылы оқушылармен біріге отырып осы жобаны жасаған жайымыз бар. Мақсатымыз - ата-аналар мен мектеп арасындағы қатынасты нығайту, оқушылардың отбасы сыйластығы туралы түсініктерін кеңейту.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың ќадірі ерекше
әспеттелген.
«Алты аға бірігіп - әке
болмас,
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»
демекші
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің
тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы болса, ана - отбасының
ұйытқысы, берекесі.
Сондықтан да
отбасы
тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.
Ендеше байқаудың шартымен таныстырып
өтейін.
(слайд)
1. Таныстыру. «Әулет ағашы» отбасы,7ата немесе қызықты фотослайд.
2. «Білгенге маржан» салт-дәстүрге бай-ы сұрақтар
3. Ойын
4. «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» сұраққа жауап
5. «Зерделінің ойы озық» мақал-мәтел жарысы
6. «Біз-өнерліміз» өнер сайысы
7. Отбасылық салат
Бұл жобаға 5 отбасы қатысуға ниет танытты. Олар:
1. Құлекен Артур анасымен
2. Бибінәра папасымен
3. Нұркелді мамасымен
4. Алтынай мамасымен
5. Аида мамасымен (Ортаға шақырамыз)
Сайысты бағалаушы әділ қазыларды таныстырып өтейін.
Жүргізуші:
─ Ал талғамы биік көрермендер, сіздер әрі сарапшы, әрі қазы, әрі сыншы болып отырасыздар. Сондықтан мұқият тыңдап, тамашалаңыздар! Әр байқаудан соң пікірлеріңізді білдіріп отыруға болады.
Сонымен
Қатысушыларды тыңдайық,
Отбасыларын
қолдайық,
Қиын шақта
қорғайық
Шапалақты соғайық!
Жүргізуші: ─«Көптің жүзін танығанша, бірдің атын біл» демей ме халқымыз. Ендеше «Таныстыру» І бөлімді бастайық.
Бұл үй тапсырмасы түрінде берілген болатын. Оқушы кезек бойынша компьютерде слайдпен жасаған «Әулет ағашымен» таныстырады. Мұқият тамашалайық. Бала «Әулет ағашы» арқылы жеті атасын атап таныстырады,
─Келесі байқауымыз отбасы мүшелерінің ақыл ойың, біліктілігің көрсететін кезең. «Білгенге маржан» деп аталады. Шарты: Монитордан 10 категория шығады, кезекпен таңдап, ұпайлардың артындағы сұрақтарға жауап бересіз. Әр отбасы 2 категориядан таңдауға мүмкіндігі бар.
«Сіз балаңызды білесіз бе?»
тренинг ойын.
Аналар мен балаларға қаламсап
пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері
туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан
соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы
қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі
анықталады.
Сұрақтар:
1. Балаңыздың аты - жөні...
2. Балаңыздың ең жақын досы...
3. Сүйікті пәні...
4. Сүйіп тыңдайтын әні...
5. Сүйікті тағамы...
6. Жақсы көретін түсі...
7. Көзінің түсі...
8. Аяқ киімінің өлшемі...
9. Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны...
10. Жақсы көретін
мұғалімі...
Келесі кезекте «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» бөлімі.
Анасы мен балаға бір-бір сұрақтан беріледі, әр жауап бағаланып отырады.
1- отбасыға: Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
Бір құмалақ нені шірітеді?
2- отбасыға: Сізді тәрбиелеген ата-ана мен сіз тәрбиелеген бала арасында айырмашылық бар ма?
Ысқырығы жер жаратын адам не айдайды?
3- отбасыға: Қала баласы мен ауыл баласының айырмашылығы бар ма?
Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін не?
4- отбасыға: Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді, сіз қалай ойлайсыз?
Тастың жеңілі бола ма?
5- отбасыға: Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызасыз?
Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
Қарғыстың ең жаманы?(өзің білме,білгеннің тілін алма)
Сайысымыздың келесі бөлімі «Зерделінің ойы озық»деп аталады, мақал-мәтел сайысы. Үстел үстіндегі түрлі қағаздан біреуін таңдаңыз, артындағы тақырыпқа байланысты балаңызбен ойланып, тез арада шешесіз, мағынасын айтасыз.
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді - дегендей, өнер сайысына кезек береміз.
Аналарымыз баласымен отбасында сүйсініп жейтін тағамы- отбасылық салат әзірлеп әкелген. Кезекпен таныстырып айтып табыстаңыздар.
Кезекті әдемі әнге береміз.
Байқаудың қорытындысы шығарылып, әр отбасы шағын сыйлықтармен алғыс хатпен марапатталады.
Адамға өмірде ең қымбатының бірі - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
Ендеше, Шаңырақтарыңыз шайқалмай, бауырларыңыз бүтін, отбасыңыз аман, еліміз тыныш болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген