400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Отбасым-бақыт мекені" КИНДЕР жобасы жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Отбасым-бақыт мекені" КИНДЕР жобасы жоспары берілген.Жоспар жүйелі жасалды. Өз сыныбыма өткізіп,ата-аналар мен оқушыларыма өте қызықты болды.Сізге де ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: « Отбасым - бақыт мекені »

Мақсаты: 

Жобаның мақсаты :

1 . Бала өміріндегі отбасының маңыздылығын түсіндіру.

2. Отбасындағы сүйіспеншілік пен мейірімділікті нығайту.

3. Баланың отбасымен танысу .

4. Баланың ойын еркін жеткізе алуға жетелеу, сөздік қорын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту .

5. Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыру.


Көрнекілігі: техникалық құралдар, даналық сөздер,киндер шоколад,сиқырлы таяқшалар.

Нақыл сөздер:

1. « Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады »

2. «Бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі »


Барысы : 


Алғашқы 5 минут

-«Сізге осы дүниеде ең жақын адам кім?» деген сұрақты балаларға қойған болатынмын.Балалар жауаптарын тыңдайық.

(Видеоролик көрсетіледі)

Picture Placeholder 23 Алғы сөз

-«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту, өзін еркін ұстай алатын зияткер ұрпақты тәрбиелеу ұстаз назарынан қалыс қалмайды.

Бүгін балаларымыздың бір қырын ашып,танытпақпыз.

-Жоба тақырыбын хабарлау

-Жоба мақсатымен таныстыру

-Жобаға қатысушыларға тағайындалатын номинациялар:

  1. «Ең үздік» жоба

  2. .«Ең таңдаулы»жоба

  3. «Ең сапалы» жоба



- Әділ-қазылар алқасын таныстыру:

1.Мектеп директоры: Маханов Ғалымжан

2.Бастауыш мұғалімі: Махимова Марал



Жеке оқушы буклет форматында жасалған жобасын қорғау

Қонақтармен «Мақал - мәтелдің жалғасын тап» ойыны

-Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

-Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ - отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі.

  • Ананың көңілі балада, ...

  • Тәрбие басы - ...

  • Ұяда не көрсең, ...

  • Балалы үй базар, ...

  • Ата көрген оқ жонар , ...

  • ... – ананың бауыр еті, көз нұры.

  • Әке - асқар тау, ...

Дұрыс жауап: ана көрген тон пішер; ұшқанда соны ілерсің ; тал бесік; баласыз үй қу мазар ; бала ; баланың көңілі далада ; ана- бұлақ, бала - жағасындағы құрақ.


Жеке оқушы буклет форматында жасалған жобасын қорғау


Хор «Атамекен»

-Күн мен жердің мәңгілік екені сияқты аспанымызда тәуелсіздік туы мәңгілік желібіресін ! – деп бәріміз бірге Е. Хасанғалиевтың

«Атамекен» әнін орындайық. 




Марапаттау

Біз мықты отбасын алып бәйтерекке теңесек, тәуелсіз еліміздің символы ретінде көкке шаншылған « Бәйтеректі » айтамыз.Ол самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш – бейбітшілікте өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.

-Алыпқұс ұясынан КИНДЕР таратылады.




Қорытынды:

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады»

Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы алған балалар тәуелсіз еліміздің тірегі болатындарыңа сенеміз.


Балалардың ата-аналарына «Тәтті сұрақ» ойыны арқылы аяқтаймыз.

-Мені қалай жақсы көресіз?

Қонақтар тілегі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.10.2023
258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі