400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасым-бақыт мекенім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Отбасым - бақыт мекенім.
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару. Психологиялық ахуал туғызу(психолог)

Қане, қане, тұрайық,    Үлкен шеңбер құрайық.

 Тұрсақ үлкен шеңберге,    Алақанға ұрайық.

-Армысыздар оқушылар.

Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,  Сен де ұлысың мынау дархан даланың  Әр халықта ұлттық намыс деген бар, 
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-бақыт мекені » атты т
әрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған 
Жана берсін бақ артып бағыңыздан 
Құрметпен ұсындық сізге сөзді 
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан дей келе 
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. 
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген 
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. 
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, 
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. 
Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы 
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына 
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры «Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.» деген отбасы

Мақал – мәтелді жалғастыр.

1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,… ( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

2.Ана сүтін ақтамағанды ,…  ( ешкім мақтамайды)

3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,… (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4.Қарағайға қарап тал өсер,… (қатарына қарап бала өсер)

5.Үйінде ұл – қыз бардың,… (көгінде сөнбес жұлдыз бар)

6.Атаңа не қылсаң ,… (алдыңа сол келер)

7.Ұяда не көрсең ,… (ұшқанда соны іленсің)

8.Әдепті бала — арлы бала,… (әдепсіз бала – сорлы бала)

   Тәрбие — отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар. Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.


     Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.























«Үміт» мектеп-интернаты











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Отбасым-бақыт мекенім.





Сынып: 4 «В»

Мұғалім: Несипбаева Р

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі