Отбасым-
бақыт мекенім
Отбасы
кішкентай бір мемлекеттік ұя деп бекер
айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі
отбасынан басталады. Отбасы- жұртты
жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты
табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың
отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да
отбасы- барша адамзатқа ең жақын, ең
қасиетті ұғым.
15–мамыр
отбасы күніне орай өзімнің «Отбасым
–бақыт мекенім» тақырыбында тоқталғым
келіп отыр.
Дүниедегі
ең қымбат ана болса, ел ішінің отбасының
амандығын тілейтін жүрекке жылы сөз
айтып еркелететін тағы бір адам ол - Әже
екен. Кез-келген баланың жақсы көріп,
құрметтейтін әжесі болады. Менің де
әжем бар . Оның аты-жөні Нұрмұханова
Зиғаш . Әжем өте ажарлы, мінезге бай,
ақжарқын жан. Ол мені адалдыққа, білімге
құштар болуға үйретті.Ақ әжем күн сайын
ақыл-кеңес айтудан шаршамайды. Үнемі:
« Сабағыңды жақсы оқы.Оқыған адам ғана
өз арман-мақсатына жете алады. Жалқау
болма, еңбекшіл бол. Өтірік айтпа.Қиянат
жасама»,деп үнемі айтып отырады. Бұл
өмірдегі үлкен арманым әжемнің денсаулығы
мықты болып, жанымызда жүре берсін екен.
Мен өз әжеммен мақтанамын.
Әке-
әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге
қымбат. Әкені ардақтай білу керек,
өйткені ол отбасының ең басты мүшесі,
яғни отағасы. Әкені ардақтау- әркімнің
міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат
адамдардың бірі болып табылады. Менің
әкемнің есімі- Қапанов Қорқыт Аманқосұлы.
Біз әкеміздің бойынан күш-жігерді,батырлықты,
батылдықты, қайсарлықты,білімділікті,
барлық қаситтерді көре аламыз.Біздің
бойымыздағы қайсарлық, адамгершілік
әкемізден дарыған.
Кез
келген адамның әдептілігі мен
жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен
балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген
ана жүрегінің жылуынан басталады.
Анамның есімі- Кенжебаева Ардақ
Тлекбаевна. Ол өте сабырлы жан. Анамыз
қай кезде болмасын бізге колдауын
көрсетіп отырады. Анам әр түрі аспапта
ойнайды және сол аспаптарды бізге
үйретіп келуде.
Аға
жасы кішілер үшін айбар, қорған, сүйеніш,
әрі мақтаныш. Қазақта өзінен үлкен деп
сыйлап құрметтеуге байланысты аға тұтты
деп айту қалыптасқан. Менің ағамның
есімі- Аманқосов Ермахан Қорқытұлы.
Ағамыз біздің қорғаушымыз, үнемі
қамқорлап отырады. Сонымен қатар Отан
алдындағы борышын ойдағыдай аяқтап
келіп,қазіргі таңда оқуын оқып, еңбек
етіп жатыр.Ағамызың алар асуы. әлі алда.
Менің
жан дегенде жалғыз сіңілім бар. Сіңілімнің
есімі Аманқос Нұрсая Қорқытқызы. Оның
мінезі жібектей жұмсақ және талантты
қыз. Сіңілім бастауыш сыныпта оқиды.Мен
сіңілімнің бойынан адамгершілік
мейірімділік қасиеттерді көре аламын.
Үйдің
ең кішкентайы, еркесі інім. Оның есімі
–Занғар. Ол өте ақылды, зерек бала.
«Көктем гүлі » балабақшасының
тәрбиеленушісі. Інімздің тәтті қылықтары
бізді үнемі қуантып отырады. Оның
болашағынан зор үміт күтеміз.
Қорыта
келе Отанның бір бөлшегі- отбасыңа
ештеңе де жетпейді. Өйткені отбасы –
табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет
бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған
жөн!
Дайындаған:
Жалғасансай орта мектебінің
«Жас
Ұлан» ұйымының Ұланбасшысы
10-сынып
оқушысы Аманқосова Нұрай Қорқытқызы