400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Отбасым-киелі шаңырағым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы берілетін ұлттық тәрбиені, балалар мен ата-аналардың жауапкершілігін көтеру, ұлттық мәдениетке сай тәләм-тәрбие беретін үлгілі отбасылардың тәжірибелерін жетілдіріп, дәріптеп, отбасы тәрбиесінің ұлттық моделі мен мұратын, ұстанымдарын анықтау мақсатында отбасы құндылықтарын насихаттауда өткізгелі отырмыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аяпова Г.К.

БҚО Казталов ауданы

«Ақбота» бөбекжайы

Музыкант

Отбасылық сайыстың тақырыбы: «Отбасым-киелі шаңырағым»

Мақсаты:  

     Отбасындағы берілетін ұлттық тәрбиені, балалар мен ата-аналардың жауапкершілігін көтеру, ұлттық мәдениетке сай тәләм-тәрбие беретін үлгілі отбасылардың тәжірибелерін жетілдіріп, дәріптеп, отбасы тәрбиесінің ұлттық моделі мен мұратын, ұстанымдарын анықтау мақсатында отбасы құндылықтарын насихаттауда өткізгелі отырмыз.

Көрнекілігі: Акт зал кешке сай безендірілген, сайыстың тақырыбы ілінген

шарлар, гүлдер, суреттер т. б.

Жүргізуші:

Шаңырақ, қасиетті шаңырағым,

Өзіңсің кие тұтып табынарым.

Шаңырақ сен көтеріп келесің ғой,

Ата мен бабамыздың әруағын.

 

Шаңырақ биіктесің асқаралы,

Естілер шаңырақтан жасқанады.

Кемелді келер күнің, кереметің,

Бәрі де шаңырақтан басталады.

  Отбасы-адам баласының түп қазығы алтын ұясы. Демек, отбасының тәрбиелік күш-қуаты үш түрлі негізгі құраушылардан тұрады: психологиялық қатысымдылық, адамгершілік бағыттылық, ата-аналардың педагогикалық мәдениеті. Егер отбасы тәрбиесінде осы үш құраушысы өз дәрежесінде орын алған болса, онда ол отбасының тәрбиелік күш-қуаты мықты деп айтуға болады.

Сайыстың әділқазыларымен таныстырып өтейін:

1.Бижановтар отбасын  ортаға шақырамыз

2.Имагуловтар отбасын ортаға шақырамыз

3.Малаевтар отбасын ортаға шақырамыз                                                                       

Әр отбасы өздерінің әзірлеген бағытында отбасымен таныстырып өтеді.    

Жүргізуші:

Отбасы-әр адамның сүйеніші, алтын діңгегі. Өйткені ол ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-адам тәрбиесінің алғашқы мектебі. Мұхтар Әуезов атамыздың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзі отбасы тәрбиесінің маңызың айқындатып тұр емес пе?  Ендеше

    «Отбасым-киелі шаңырағым» отбасылық сайысымызды бастаймыз.Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

     Енді сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырамыз.

І-бөлім: 

    Отбасылардың өздерін-өзі таныстыруы.  (тегі, өнегесі, ұстанымы, буклет дайындау)

Барлық қатысушы отбасыларының  тамаша таныстыруларына көрермендер де риза болды.Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз.     

Жүргізуші:               

ІІ-Бөлім:

    Өнер-өмір өрнегі.      (отбасы мүшелерінің өнер байқауына қатысуы, үй тапсырмасы)                                  

Сахна төріне бірінші болып шыққан Бижановтар отбасы үй тапсырмасына дайындап келген «Әке мен бала» тақырыбындағы көріністі отбасымен түгел қатысып қойылыммен көрсетті.

Екінші болып шыққан Исмагуловтар отағасы мен отанасы, балаларымен сахна төрінде ән салып, би биледі.

Үшінші отбасы Малаевтар отбасы да домбыраман күй тартып, ән шырқады.

 Жүргізуші:                                                      

 Халық даналығы-рухани байлық көзі. Дана Абай өлеңдері мен қара сөздері-менің отбасымның басты басты байлығы.   (отбасы мүшелерінің жатқа айтуы, үй тапсырмасы)

Жүргізуші:

Ү-бөлім: сұрақ-жауап

1. Сұрақ  Қазақтың киіз үй кереге, уық, шаңырақтан тұрады не үшін деп санайыз?

1-ші сұрақтың жауабы: Ата-бабаларымыз «Керегең кең жайылсын» деп бата береді, себебі: кең болсаң,  кем болмайсың, неғұрлым кең болған сайын шаттыққа кенеле бересің дегенді білдіреді. «Керегеге өрмелеме» деген де тыйым сөз бар. Ол баланы ерсі қылықтан аулақ болуға, отбасындағы заттарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында айтылған.

     Уық-бірліктің, тұтастықтың, жиынтықтың символы.Бас тіреу болған уықтардың қисаймағанын жақсы Киіз үйдің еңсесін көтеріп кереге мен шаңырақты ұштастырып тұратын уық киіз үйде негізгі роль атқарады. «Уығың сынбасын немесе уығың сиресе үйінді тікпе» деген ырым-тиым сөзде бар.

2. Сұрақ.    Қазақтың киіз үйінің орналасуы туралы айтыңыз?

 2-ші сұрақтың жауабы:.  Кереге жайылады содан соң табалдырық қойылып сықырлауық ұсталып маңдайшасы мен есігі қойылады. Кереге орналастырылып болған соң уықтары бекітіледі. Содан соң шаңырақ көтеріліп бекітіледі.  Киіз үйдін сүйегі мықтап орналастырылғаннан кейін туырлық ұсталады. Үзік ұсталады содан соң түндік пен іргелік жабылады.іргелікке бел бау ұсталып, түндіктен төмен бастырма арқан ұсталады.

3. Сұрақ.   Қазақ киіз үйдегі шаңырақтың тәрбиелік мәні қандай?

  3-ші сұрақтың жауабы:. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі. Қазақ ұл-қызына бата бергенде «Шаңырағың биік болсын!», «Шаңырағыңнан  шаттық кетпесін», «Шаңырағың шайқалмасың» деп тілек тілеген. «Шаңырағым тіл көзден аман болсын» деп қызылды-жасылдымоншақпен және ала жіппен малдың кәрі жілігін  байлаған.

Енді сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырып сайыстың ең шешуші кезеңі марапаттау сәтін тамашалайық. Сайыскерлерімізді әділқазылар әділ бағалап барлық отбасыларды «ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ», «БІЛІМДІ ОТБАСЫ», және«КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ ОТБАСЫ» номинацияларымен марапатталды.

Бүгінгі «Отбасым-киелі шаңырағым»отбасылық сайысы аяқталды. Қош сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі